Менің Отаным – Қазақстан», «Адами құндылықтар» Көптаңбалы сандар. Математика, 4 сынып, қосымша материал.


1-сабақ Мұғалімге арналған ұсыныс

Ынталандыру.

Сабақтың бұл кезеңінде психологиялық дайындық жүргізіңіз. Оқушылар партаға бастарын қойып, көздерін жұмып, мұғалімнің сөзін қайталайды: 

Мен мектепте сабақтамын. Мен қазір сабақ оқуды бастаймын. Менің зейінім артып келеді. Есте сақтау қабілетім мықты. Менің миым анық ойлайды. Жұмыс істеуге дайынмын.

Бой сергіту

«Сен маған, мен саған» әдісі.Оқушыларды 2 топқа бөліңіз. Бір топтағы оқушыларға санды атауды, екіншілеріне- сол санның разрядтарын атауды тапсырыңыз. Содан кейін оқушылар рөлдерін ауыстырады).(5123,56451,78702,456921,128606,952485,45721,1999,781111235

Слайдты ашып,суреттерге қарап, бөліктерін айтқызыңыз.

Бармақ арқылы бағалаңыз

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Белсендіру

«Кластер» тәсілі («жүзімнің шоқтары» деген мағынада қолданылған) идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланысты айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып, идеяны тақтаның ортасында сызылған шеңберге жазу. Оқушыларға өздерінің алдындағы параққа осы негізгі тақырыптан, идеядан туындаған тақырыпшаларды оның жан-жағына жазып, шеңберлетуді ұсыныңыз. Оқушыларға оларды сызықтармен бір-біріне қосып, өзара байланыстары туралы әңгімелетіңіз. Жұмысты алдымен оқушының жеке орындалуынан бастатып, одан кейін жұмысты жұпта жалғастырыңыз.

Класс Разряд

Бірлік Жүздік

Ондық

Шапалақ соғу арқылы бағалау

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, шапалақ соғу арқылы бағалаңыз.

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

№1 тапсырманы оқу,оқып болған соң оқушыларға мақсат қоюды ұсыныңыз.

№1 тапсырма

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойыңыз.Бұл сұрақтар көптаңбалы сандардың құрылуын түсінуге көмектеседі.

Жылдам сұрақтар:

  • Мыңнан кейін қандай сан келеді? 1001
  • 1999-дан кейін қандай сан келеді? 2000
  • 2000-ның алдында қандай сан тұрады? 1999
  • 2010-ның алдында қандай сан тұрады? 2009
  • Сандардың жазылуында неше цифр қолданылған? 4
  • Осы сандарды қалай атауға болады? Көптаңбалы

"Отшашу"арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

Жаңаны ашу

Ережелерді меңгерту

Алдымен оқушыларға сұрақ қойыңыз: Неліктен көптаңбалы сан деп аталады?(Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз.)

Ережені бірнеше оқушыға оқытып, жұпта талқылатыңыз.

Бірнеше цифр арқылы жазылатын сан көптаңбалы сан деп аталады.

100-жүз

1000-мың

10000- он мың

100000-жүз мың

.Көптаңбалы санды оқу:

1. Санды кластарға ажырату үшін оңнан солға қарай үш цифрдан бөлектеу керек.

7 569 23 100 695 823

2. Көптаңбалы санды сол жақтан оң жаққа қарай оқу

3.Әрбір жоғары класс бірліктеріне кластың атын (миллион,мың) қосып тізбектеп оқу.Соңында бірінші кластың бірліктерін атау.

Ережені талқылап болғаннан кейін көптаңбалы санды оқуға дағдыландыру жұмыстарын жүргізіңіз.Ол үшін жұптардың алдына бірнеше көптаңбалы сандар жазылған қима қағаздарды тастап, сол сандарды жұпта бір-біріне оқып беруді тапсырыңыз.

8765 698123

26543 54789

56789 123698

"Бармақ "арқылы бағалау

Әр сұраққа жауап берген оқушыны бармақ арқылы бағалаңыз. Өте жақсы жауап берсе бармақты жоғары қарай, орташа жауап болса ортаға қарай, нашар жауап болса, төмен қарай бағыттаңыз

Сергіту сәті

"Қошемет" тренингін жүргізіңіз. Оқушылар шеңберге жинаңыз. "Шашы ұзын қыздарға қошемет дегенде "ортаға шашы ұзын қыздар шығады, қошемет көрсетіп, барлығы шапалақ ұрады.Әрі қарай "Галстук таққандарға қошемет", "Белбеу таққандарға қошемет", "Көзілдірік таққандарға қошемет" деген коментарийлер айтып, қошемет жасатыңыз.

Жаңаны қолдану.

№2 тапсырма

Сандарды ата:

Топтарға суреттегі сандарды ретімен оқытыңыз,бұл сандар қандай сандар деп аталатынын сұраңыз.

а)1989 1990 1991 1992 1993 1994

ә)996 997 998 999

"Шапалақ ұру арқылы" бағалау

Жауап берген топты қалған топ шапалақ соғу арқылы бағалайды

№3 тапсырма

Бұл тапсырманы оқушыларды қызықтыру мақсатында"Диктор" әдісі бойынша жүргізіңіз.Оқушы-диктор Қазақстан туралы хабарды жүргізеді.Қима қағазға жазылған мәтінді оқиды.Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 12000 км. Қазақстанда 85022өзен және 48262 көл бар.Жартылай тұщы тұйық Балқаш көлінің аумағы 16400 км2.Каспий теңізінің ең терең жері1025м.Диктор рөлін бірнеше оқушыға қайталап беруіңізге болады..

Фишка арқылы бағалау

Диктор болып мәтінді оқыған оқушыларды фишка арқылы бағалау.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№4 тапсырма

Әр топтың оқушыларына жеке-жеке ататыңыз.

Сандарды атату:

а)6005-тен 5999-ға дейін

ә) 20499-дан 20504-ке дейін

б)100003-тен 99999-ға дейін

в) 98997-ден 99000-ға дейін

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Жаңа материалды бекіту

Шығарып көр:

Есепті оқытып, таалдатыңыз,шартын құрғызыңыз.

Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы 4284 км.Егер оның Қазақстаннан тыс жердегі ұзындығы 2584 км екені белгілі болса,Қазақстан жеріндегі ұзындығы қандай?

Шарты:

Жалпы ұзындығы-4284км

Қазақстаннан тыс жердегі ұзындығы-2584км

Қазақстан жеріндегі ұзындығы-? км

Шешуі:

4284-2584=1700 км

Жауабы: Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1700км

"Бармақ "арқылы бағалау

Әр сұраққа жауап берген оқушыны бармақ арқылы бағалаңыз. Өте жақсы жауап берсе бармақты жоғары қарай, орташа жауап болса ортаға қарай, нашар жауап болса, төмен қарай бағыттаңыз.

Логикалық тапсырма:

Сандарды оқытып,олардағы заңдылықтарды анықтатып,3 санды ататыңыз:

1514,1524,1534 ...,...,... 1544,1554,1564

7999,6998,5997 ...,...,... 4996,3995,2994

12200,13300,14400 ...,...,... 15500,16600,17700

Рефлексия.

Сабақ туралы айтыңыз.

Қалай жұмыс жасадыңыз?

Нені үйрендіңіз?

Қандай ережені білу керек? Айтып беріңіз. Мысал келтіріңіз.

Берілген ережені жақсы түсіндік деп ойлайсыңдар ма?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу