Менің Отаным – Қазақстан», «Адами құндылықтар» Миллион көлемінде санау. Математика, 4 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: 5-сабақ. Миллион көлемінде санау
Оқу мақсаттары: 4.1.1.4 санаудың ірі бірлігі – миллионды құрастыру; жүз миллион көлемінде санау, жазу, салыстыру
Тірек сөздер:
миллион,миллиондар класы
Ресурстар:
- разрядтар мен кластар кестесі
- 1000,10000,100000,999 999,1000000 сандары жазылған кеспеқағаздар жиынтығы;
- ламинадталған парақтар,маркерлер,стикерлер;
- әр жұп санына байланысты текшелер;
- жасыл және қызыл түсті дөңгелек кеспеқағаз;
Сабаққа қатысты деректі материалдар:
Сабаққа арналған ескертулер
Ынталандыру.
Өткен сабақтарды еске түсіру мақсатында математикалық диктант жаздырыңыз.
Математикалық диктант:
а) Қазақстанның ауданы
2 724 902.
б) Құрлықтық шекаралардың жалпы ұзындығы — 13 392 км.
в) Қазақстан халқы 18 074 100 адамды құрайды.
г) Қазақстанда ұзындығы 1 000 км-ден асатын 7 ірі өзен орналасқан.
д) Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі жаға ұзындығы – 2340 км.
е) Шығыс Қазақстан облысының халық саны –1 386 208 адам.
ж) Қазақстанның жер қойнауында минералды шикізаттың 1225 түрі бар.
(Қазақстан географиясы деректері бойынша – Уикипедия)
Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында миллион сөзінің қайдан шыққанын айтып өтіңіз.
Сен білесің бе?
"Миллион" терминін ХІІІ ғасырда Венециялық саудагер Марко Поло енгізген
Кіріспе тапсырма.
Ширату жаттығуын жасатыңыз.
Тақтаға 1000,10000,100000 сандарын жазып қойып,бастапқы саннан бастап, оқушыларға кезекпен жүз мыңдықтармен тура және кері санатыңыз.
Сандарды өзгертіп санатыңыз.230000, 445000 сияқты сандарды жазып, бірліктермен, ондықтармен, жүздіктермен санатыңыз,мысалы 231000,232000 немесе 240000,250000,330000,340000 деген сияқты.
Оқушылардан сұраңыз. Мыңдықтармен,жүздіктермен,он мыңдықтармен, жүз мыңдықтармен санағанда сан қалай өзгерді?Санның қай разряды өзгерді?
Миллион-бұл мың мыңдық.
1000000
10001000=1000000
Практикалық жұмыс
Тақтаға разрядтар мен кластар кестесін іліңіз. Оқушыларға әр топқа біреуден 1000,10000,100000,999999 сандары жазылған кеспе қағазды таратып беріп,әр санның разрядтық қосылғыштарын қиып алып,разрядтар мен кластар кестесіне жапсыру және санды оқуды тапсырыңызМынадай сұрақтар қойыңыз:.
Кестедегі ең үлкен сан қайсы? (999999)
Осы санды 1-ге арттырғандағы санды атату.(1000000)
Бұл санның басқа сандардан өзгешелігін сұрау.(бұл санда 7 таңба бар)
Неше 0 бар? (6 ноль)
Бұл сан қалай аталады?(Миллион)
Осы санды кестеге жапсыртыңыз және миллион арқылы нені санау ыңғайлы екенін сұраңыз(арақашықтықты,жұлдыздардың, молекулалардың, жануарлардың санын т.б.)
Жаңаны ашу
Миллион саны туралы түсінік беріп өтіңіз.
Мың мыңдық-бұл миллион.Миллиондар класы (ІІІ класс) келесі разрядтардан тұрады, миллионның бірліктері (миллиондар), миллионның ондықтары(он миллиондар), миллионның жүздіктері (жүз миллиондар)Санды цифрмен жазудың алгоритмі: осы сандағы миллиондар класының (ІІІкласс) барлық бірлігі жазылады,мыңдар класының (ІІ класс) барлық бірлігі жазылады, бірліктер класының (І класс) барлық бірлігі жазылады.
1000000=1000 мыңдық=10000 жүздік=100000 ондық
№1 тапсырма
Көптаңбалы дөңгелек сандар
Кестедегі сандардың модельдеріне талдау жасаңыз:
Үшінші кластың атауларын айтып бер. Ол қандай разрядтардан тұрады?
Кестедегі сандарды оқы.
Әр санның жазылуындағы 1 цифры нені білдіреді?
Бұл сандардың ең үлкені қандай? Ең кішісі қандай?
Миллион санының жазылуында неше ноль бар?
Он миллионда ше?
Жүз миллионда ше?
Кестенің көмегімен бірліктен бастап,санау бірліктерін атауын ұсыныңыз.Алдымен бірліктермен, сосын ондықтармен, жүздіктермен, мыңдықтармен, он мыңдықтармен, жүз мыңдықтармен санатыңыз.Әрбір санды анық айтуын талап етіңіз, арасында қосылып санауды да ұсынсаңыз болады.
Берілген саннан қадамдап санауды тапсырыңыз
Бірінші жұпқа 1-ден 10-ға дейін бірліктермен,басқа жұпқа 10-нан 100-ге дейін ондықтармен,келесілерге 100-ден 1000-ға дейін жүздіктермен, әрі қарай 1000-нан 10000-ға дейін мыңдықтармен т.с.с миллионға дейін қадамдап санатыңыз.Тура санап болған соң кері санауын қадағалаңыз.
Жауабы:
Әрбір санның жазылуындағы 1 цифры келесі разрядтағы бірліктер санын білдіреді,бірліктер,ондықтар,жүздіктер, мыңдықтар,он мыңдықтар, жүз мыңдықтар,миллиондықтар, он миллиондықтар, жүз миллиондықтар.
Жаңаны қолдану
Шығарып көр.
Есептерге сұрақ қоя отырып, шығаруды тапсырыңыз.
а)Күн-сары жұлдыз,оның температурасы 6000К (1кельвин=273) Қызыл жұлдыздардың температурасы одан 2есе кем,ал ең ыстық ақ және көгілдір жұлдыздардың температурасы 7 есе артық.
Сұрақ:
Қызыл жұлдыздардың температурасы қандай болады?
Көгілдір жұлдыздардың температурасы қандай?
Шешуі:
1) 6000:2=3000(К) қызыл жұлдыздардың температурасы
2) 60007=42000(К) көгілдір жұлдыздардың температурасы
ә)Алып жұлдыздар 1000 млн жыл өмір сүреді.Ал аса алып жұлдыздар 10 млн жыл өмір сүреді.
Сұрақ:
Алып жұлдыздар ұзақ өмір сүреді ме? Қаншаға ұзақ?
Шешуі:
1000 000 000:10 000 000=100 есе ұзақ
1000 000 000-10 000 000=990 млн жылға ұзақ
б)Жерден Күнге дейінгі қашықтық 149 500 000 км,ал Жерден Айға дейінгі қашықтық 384 467 км.
Сұрақ:
Жер Аймен салыстырғанда Күннен неше км қашықтықта?
Шешуі:
149 500 000-384 467=149115533(км)
Сергіту сәтін жасатыңыз
Оқушылар орындарынан тұрып,оң қолын көтеріп, 5-ке дейін ағылшынша санайды, сонан соң сол қолын көтеріп ағылшынша санайды. Басын шалқайтып 5 рет ха-ха-ха деп, еңкейіп 5 рет хи-хи-хи деп айтады, сонан соң 4-ке дейін санайды,3-ке дейін санайды, 2-ге дейін,1 рет санайды және ха-ха,хи-хи деген сөзді айтады.
Ойлан.
Жазылуында кейбір цифры белгісіз сандарды салыстыруға бола ма?
орнына"артық","кем" немесе "тең"салыстыру белгісін қой.
Тапсырманы орындатпас бұрын талдау жасаңыз:
Санда неше таңба бар?
Санда қаншакласс бар?
Сандардың кластық және разрядтық құрамын салыстыру
Жауабы:
79****< 97**** 600**< 200***
3200 ***< 27200*** 485***> 458***
50***< 30**** 650** > 605**
***6> **9 ***7 < ****3
№2 тапсырманы топпен орындауға беріңіз.
Санау тәсілдері
Бірнеше оқушыға берілген 1 000 224 санынан бастап, әртүрлі ірі бірліктермен санауды сұраңыз.Қалған оқушылар белгі беретін кеспе қағаздарды көрсетіп белгі береді.Келіссе-жасыл, келіспесе -қызыл түсті көтереді.
"Эстафета" әдісімен орындатсаңыз қызықтырақ болады.
Топтың оқушылары санауды эстафета тәсілімен санау,яғни бірінші оқушы жүздікпен санап келіп,қол бергенде келесі оқушы жүз мыңдықпен санап келіп, қол береді, келесі оқушы миллиондықпен санайды.
Жауабы:
1 000 224
Жүздікпен 1 000 324,1 000 424,1 000 524,1 000 624,
1 000 724,1 000 824,1 000 924;
Жүз мыңдықпен 1 100 24,1 200 224,1 300 224,1 400 224 ,1 500 224,1 600 224,1 700 224,1 800 224,1 900 224
Жүз миллиондықпен 101 000 224,201 000 224,301 000 224,401 000 224,501 000 224, 601 000 224, 701 000 224,801 000 224,901 000 224.
Орындап көр.
Бұл тапсырманы ойын текшесін пайдаланып,жұпта ойнатыңыз.
Текше жақтарындағы әрбір нүкте 1 жүз мыңдықты білдіретінін түсіндіріңіз және оқулықта берілген ойын тәртібі бойынша ойнауды ұсыныңыз.
1.Бірінші ойыншы текшені лақтырып,шыққан нүкте саны бойынша алты таңбалы дөңгелек санды жазады.
2.Келесі кезекте екінші ойыншы текшені лақтырып, шыққан санды алдыңғы санға қосып немесе азайтып, нәтижесін жазады.
Рефлексияны«Стикердегі диалог» тәсілімен жүргізсеңіз болады. Әр оқушыға стикерлер және жүріп-тұруға орын қажет.
Қабырғаға немесе тақтаға пікірлер немесе сұрақтар жазылған түрлі түсті қағаздар ілінеді немесе оларды үстел үстіне қоюға болады.
*Бүгінгі сабақта қандай математикалық термин сөздермен таныстың немесе пысықтадың? Есіңде қалды ма? Мағынасын түсінбеген сөздер болды ма?
*Сабақ барысындағы өзіңнің іс-әрекетіңді қалай бағалайсың?
*Қандай тапсырма орындау немесе ойындар ойнау ұнады? Қиындық тудырған сәттер болды ма?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?