«Менің Отаным – Қазақстан», «Адами құндылықтар» Көптаңбалы сандар. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


бөлімКөптаңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау

Ортақ тақырып: «Менің Отаным – Қазақстан»,

«Адами құндылықтар»

Көптаңбалы сандар.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қыдырбаева Роза Әнешқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

4.1.1.1 көптаңбалы сандардың құрылу жолын түсіну, натурал сандар қатарындағы 1 000 000 көлеміндегі санның орнын анықтау

4.1.1.2 көптаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру, сандарды берілген разрядқа дейін дөңгелектеу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Оқушылар сандарды берілген разрядқа дейін дөңгелектеуді, көптаңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядты бірліктердің жалпы санын анықтауды, разрядтық қосылғыштар қосындысына бөлшектеуді меңгеру

Бірқатар оқушылар үшін:

Шоттың үлкейтілген бірлігін - миллионды құрастыруды, талдауды және санның үлесін табуға қатысты есептер шығару

Кейбір оқушылар үшін:

Кеңістіктік геометриялық фигураларды атауды, көлем шамасын өлшеуді, оларды салыстыруды, түрлендіруді, арифметикалық амалдар орындауды үйренеді. Ақшалай қаражатпен операциялар орындай алатын болады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Көптаңбалы сандарды дөңгелектеу, қосу және азайту алгоритмдерін қолдана алу

Пәндік лексика және терминология:

көптаңбалы сандар, миллион, микрокалькулятор

Сабақта диалог/жазуүшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

- Көптаңбалы санды қалай оқу керек?

- Сіз «миллион» сөзін қайдан және қашан естідіңіз немесе оқыдыңыз?

- Ол нені білдіреді?

- Біз қандай кластарды білеміз?

- Қай класс миллионды құрайды?

- Онда қанша разряд болады?

Жазу:

Көп таңбалы санды разрядтары бойынша жазу

Тірек білім, білік, дағдылар

Миллион, разряд, класс

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–2

3-5

Ынталандыру.

Сабақтың бұл кезеңінде психологиялық дайындық жүргізу. Оқушылар партаға бастарын қойып, көздерін жұмып, мұғалімнің сөзін қайталайды: 

Мен мектепте сабақтамын. Мен қазір сабақ оқуды бастаймын. Менің зейінім артып келеді. Есте сақтау қабілетім мықты. Менің миым анық ойлайды. Жұмыс істеуге дайынмын.

Бой сергіту

(Ж.) «Сен маған, мен саған» әдісі

(оқушылар 2 топқа бөлінеді. Бір топтағы оқушыларға санды атату, екіншілеріне- сол санның разрядтарын атату. Содан кейін оқушылар рөлдерін ауыстырады).(5123,56451,78702,456921,128606,952485,45721,1999,781111235

Слайдты ашып,суреттерге қарап, бөліктерін айтқызу

Бармақ арқылы бағалау

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Белсендіру

(Ж.) «Кластер» тәсілі («жүзімнің шоқтары» деген мағынада қолданылған) идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланысты айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып, идеяны тақтаның ортасында сызылған шеңберге жазу. Оқушыларға өздерінің алдындағы параққа осы негізгі тақырыптан, идеядан туындаған тақырыпшаларды оның жан-жағына жазып, шеңберлету. Оқушыларға оларды сызықтармен бір-біріне қосып, өзара байланыстары туралы әңгімелету. Жұмысты алдымен оқушының жеке орындалуынан бастатып, одан кейін жұмысты жұпта жалғастыру.

Класс Разряд

Бірлік Жүздік

Ондық

Шапалақ соғу арқылы бағалау

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, шапалақ соғу арқылы бағалау

2-слайд

Музыка

3-слайд

Көптаңбалы сандар жазылған карточкалар

4-слайд

6-10

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

№1 тапсырманы оқу,оқып болған соң оқушыларға мақсат қойғызу.

(Ұ.) №1 тапсырма

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қою.Бұл сұрақтар көптаңбалы сандардың құрылуын түсінуге көмектеседі.

Жылдам сұрақтар:

  • Мыңнан кейін қандай сан келеді? 1001
  • 1999-дан кейін қандай сан келеді? 2000
  • 2000-ның алдында қандай сан тұрады? 1999
  • 2010-ның алдында қандай сан тұрады? 2009
  • Сандардың жазылуында неше цифр қолданылған? 4
  • Осы сандарды қалай атауға болады? Көптаңбалы

"Отшашу"арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

5-слайд

Оқулық

Сұрақтар жазылған парақтар

Көңілді музыка

11–28

Жаңаны ашу

(Ж.) Ережелерді меңгерту

Оқушыларға сұрақ қою:

-Неліктен көптаңбалы сан деп аталады?(Оқушылардың жауаптарын тыңдау.)

Ережені бірнеше оқушыға оқытып, жұпта талқылау.

Бірнеше цифр арқылы жазылатын сан көптаңбалы сан деп аталады.

100-жүз

1000-мың

10000- он мың

100000-жүз мың

Көптаңбалы санды оқу алгоритмін жасау:

1. Санды кластарға ажырату үшін оңнан солға қарай үш цифрдан бөлектеу керек.

7 569 23 100 695 823

2. Көптаңбалы санды сол жақтан оң жаққа қарай оқу

3.Әрбір жоғары класс бірліктеріне кластың атын (миллион,мың) қосып тізбектеп оқу.Соңында бірінші кластың бірліктерін атау.

Ережені талқылап болғаннан кейін көптаңбалы санды оқуға дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.ол үшін жұптардың алдына бірнеше көптаңбалы сандар жазылған қима қағаздарды тастап, сол сандарды жұпта бір-біріне оқып беруді тапсыру.

8765 698123

26543 54789

56789 123698

"Бармақ "арқылы бағалау

Әр сұраққа жауап берген оқушыны бармақ арқылы бағалау. Өте жақсы жауап берсе бармақты жоғары қарай, орташа жауап болса ортаға қарай, нашар жауап болса, төмен қарай бағыттайды.

Сергіту сәті

"Қошемет" тренингін жүргізу, оқушылар шеңберге жиналады, жүргізуші:"Шашы ұзын қыздарға қошемет дегенде "ортаға шашы ұзын қыздар шығады, қошемет көрсетіп, барлығы шапалақ ұрады.Әрі қарай "Галстук таққандарға қошемет", "Белбеу таққандарға қошемет", "Көзілдірік таққандарға қошемет" деген коментарийлер айтылып, қошемет жасалады.

6-слайд

Оқулық

Көптаңбалы сандар жазылған парақтар

7-слайд

Көптаңбалы санды оқу алгоритмі

8-слайд

Көптаңбалы сандар жазылған қима қағаздар

Қима қағаздар

29–37

Жаңаны қолдану.

(Т.) №2 тапсырма

Сандарды ата:

Топтарға суреттегі сандарды ретімен оқыту,бұл сандар қандай сандар деп аталатынын сұрау.

а)1989 1990 1991 1992 1993 1994

ә)996 997 998 999

"Шапалақ ұру арқылы" бағалау

Жауап берген топты қалған топ шапалақ соғу арқылы бағалайды

(Ұ.) №3 тапсырма

Бұл тапсырманы оқушыларды қызықтыру мақсатында"Диктор" әдісі бойынша жүргізу.Оқушы-диктор Қазақстан туралы хабарды жүргізеді.Қима қағазға жазылған мәтінді оқиды.Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 12000 км. Қазақстанда 85022өзен және 48262 көл бар.Жартылай тұщы тұйық Балқаш көлінің аумағы 16400 км2.Каспий теңізінің ең терең жері1025м.Диктор рөлін бірнеше оқушыға қайталап беруге болады.

Фишка арқылы бағалау

Диктор болып мәтінді оқыған оқушыларды фишка арқылы бағалау.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Т.) №4 тапсырма

Әр топтың оқушыларына жеке-жеке атату.

Сандарды атату:

а)6005-тен 5999-ға дейін

ә) 20499-дан 20504-ке дейін

б)100003-тен 99999-ға дейін

в) 98997-ден 99000-ға дейін

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Жаңа материалды бекіту

(Ж.) Шығарып көр:

Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы 4284 км.Егер оның Қазақстаннан тыс жердегі ұзындығы 2584 км екені белгілі болса, Қазақстан жеріндегі ұзындығы қандай?

Шарты:

Жалпы ұзындығы-4284км

Қазақстаннан тыс жердегі ұзындығы-2584км

Қазақстан жеріндегі ұзындығы-?км

Шешуі:

4284-2584=1700 км

Жауабы: Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1700 км

"Бармақ "арқылы бағалау

Әр сұраққа жауап берген оқушыны бармақ арқылы бағалау. Өте жақсы жауап берсе бармақты жоғары қарай, орташа жауап болса ортаға қарай, нашар жауап болса, төмен қарай бағыттайды.

Логикалық тапсырма:

Сандарды оқып,олардағы заңдылықтарды анықтап,3 санды ата:

1514,1524,1534 ...,...,... 1544,1554,1564

7999,6998,5997 ...,...,... 4996,3995,2994

12200,13300,14400 ...,...,... 15500,16600,17700

9-слайд

Қима қағазға жазылған мәтін

Фишка

10-слайд

Сигналды карта

11-слайд

12-слайд

38–40

Рефлексия.

Сабақ туралы айтыңыз.

Қалай жұмыс жасадыңыз?

Нені үйрендіңіз?

Қандай ережені білу керек? Айтып беріңіз. Мысал келтіріңіз.

Берілген ережені жақсы түсіндік деп ойлайсыңдар ма?

13-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу