«Менің Отаным – Қазақстан», «Адами құндылықтар» Миллион көлемінде санау. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


1А бөлім– Көптаңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау

Ортақ тақырып:

«Менің Отаным – Қазақстан»,

«Адами құндылықтар»

Миллион көлемінде санау

Көптаңбалы санның моделі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қыдырбаева Роза Әнешқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

4.1.1.4 санаудың ірі бірлігі – миллионды құрастыру; жүз миллион көлемінде санау, жазу, салыстыру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Оқушылар көптаңбалы сандардың разрядтық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтауды біледі,разрядтық қосылғыштар қосындысына бөлшектеуді меңгеру,миллион көлемінде санауды меңгеру

Бірқатар оқушылар үшін:

Шоттың үлкейтілген бірлігін - миллионды құрастыруды, талдауды және санның үлесін табуға қатысты есептер шығару

Кейбір оқушылар үшін:

Ақшалай қаражатпен операциялар орындай алатын болады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Көптаңбалы сандарды дөңгелектеу, қосу және азайту алгоритмдерін қолдана алу

Пәндік лексика және терминология:

көптаңбалы сандар, миллион, микрокалькулятор

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

- Көптаңбалы санды қалай оқу керек?

- Сіз «миллион» сөзін қайдан және қашан естідіңіз немесе оқыдыңыз?

- Ол нені білдіреді?

- Біз қандай кластарды білеміз?

- Қай класс миллионды құрайды?

- Онда қанша разряд болады?

Жазу:

Көптаңбалы сандарды разрядтық қосылғыш түрінде жазу,миллион көлеміндегі сандарды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Разрядтық қосылғыштардың қосындысы,разрядтық бірліктердің жалпы саны,миллион,миллиондар класы

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–2

3-5

6-10

11–28

29–37

Ынталандыру.

(Ұ.) Математикалық диктант:

а) Қазақстанның ауданы

2 724 902.

б) Құрлықтық шекаралардың жалпы ұзындығы — 13 392 км.

в) Қазақстан халқы 18 074 100 адамды құрайды.

г) Қазақстанда ұзындығы 1 000 км-ден асатын 7 ірі өзен орналасқан.

д) Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі жаға ұзындығы – 2340 км.

е) Шығыс Қазақстан облысының халық саны –1 386 208 адам.

ж) Қазақстанның жер қойнауында минералды шикізаттың 1225 түрі бар.

(Қазақстан географиясы деректері бойынша – Уикипедия)

Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында миллион сөзінің қайдан шыққанын айту.

Сен білесің бе?

"Миллион" терминін ХІІІ ғасырда Венециялық саудагер Марко Поло енгізген

(Ұ.) Кіріспе тапсырма.

Ширату жаттығуы

Тақтаға 1000,10000,100000 сандарын жазып қойып,бастапқы саннан бастап, оқушыларға кезекпен жүз мыңдықтармен тура және кері санату.

Сандарды өзгертіп санау.230000, 445000 сияқты сандарды жазып, бірліктермен, ондықтармен, жүздіктермен санату,мысалы 231000,232000 немесе 240000,250000,330000,340000 деген сияқты.

Оқушылардан сұрау. Мыңдықтармен,жүздіктермен,он мыңдықтармен, жүз мыңдықтармен санағанда сан қалай өзгерді?Санның қай разряды өзгерді?

Миллион-бұл мың мыңдық.

1000000

10001000=1000000

(Т.) Практикалық жұмыс

Тақтаға разрядтар мен кластар кестесін ілу. Оқушыларға әр топқа біреуден 1000,10000,100000,999999 сандары жазылған кеспе қағазды тарату.Әр санның разрядтық қосылғыштарын қиып алып,разрядтар мен кластар кестесіне жапсырту және санды оқу.

Сұрақ қою:

Кестедегі ең үлкен сан қайсы? (999999)

Осы санды 1-ге арттырғандағы санды атату.(1000000)

Бұл санның басқа сандардан өзгешелігін сұрау.

(Бұл санда 7 таңба бар)

Неше 0 бар? (6 нөл)

Бұл сан қалай аталады? (Миллион)

Осы санды кестеге жапсырту.Миллион арқылы нені санау ыңғайлы екенін сұрау. (арақашықтықты,жұлдыздардың, молекулалардың, жануарлардың санын т.б.)

Жаңаны ашу

Мың мыңдық-бұл миллион.Миллиондар класы

(ІІІ класс) келесі разрядтардан тұрады, миллионның бірліктері (миллиондар), миллионның ондықтары

(он миллиондар), миллионның жүздіктері

(жүз миллиондар).Санды цифрмен жазудың алгоритмі: осы сандағы миллиондар класының (ІІІкласс) барлық бірлігі жазылады,мыңдар класының (ІІ класс) барлық бірлігі жазылады, бірліктер класының (І класс) барлық бірлігі жазылады.

1000000=1000 мыңдық=10000 жүздік=100000 ондық

(Ұ.) №1 тапсырма

Көптаңбалы дөңгелек сандар

Кестедегі сандардың модельдерін талдау:

Үшінші кластың атауларын айтып бер. Ол қандай разрядтардан тұрады?

Кестедегі сандарды оқы.

Әр санның жазылуындағы 1 цифры нені білдіреді?

Бұл сандардың ең үлкені қандай? Ең кішісі қандай?

Миллион санының жазылуында неше ноль бар?

Он миллионда ше?

Жүз миллионда ше?

Кестенің көмегімен бірліктен бастап,санау бірліктерін ата.Алдымен бірліктермен, сосын ондықтармен, жүздіктермен, мыңдықтармен, он мыңдықтармен, жүз мыңдықтармен санату.

(Ж.) Берілген саннан қадамдап санау

Бірінші жұпқа 1-ден 10-ға дейін бірліктермен,басқа жұпқа 10-нан 100-ге дейін ондықтармен,келесілерге 100-ден 1000-ға дейін жүздіктермен, әрі қарай 1000-нан 10000-ға дейін мыңдықтармен т.с.с миллионға дейін қадамдап санату.Тура санап болған соң кері санату.

Жауабы:

Әрбір санның жазылуындағы 1 цифры келесі разрядтағы бірліктер санын білдіреді,бірліктер,ондықтар,жүздіктер, мыңдықтар,он мыңдықтар, жүз мыңдықтар,миллиондықтар, он миллиондықтар, жүз миллиондықтар.

Жаңаны қолдану

Шығарып көр.

Есептерге сұрақ қойып, шығару.

а)Күн-сары жұлдыз,оның температурасы 6000К (1кельвин=273) Қызыл жұлдыздардың температурасы одан 2есе кем,ал ең ыстық ақ және көгілдір жұлдыздардың температурасы 7 есе артық.

Сұрақ:

Қызыл жұлдыздардың температурасы қандай болады?

Көгілдір жұлдыздардың температурасы қандай?

Шешуі:

1) 6000:2=3000(К) қызыл жұлдыздардың температурасы

2) 60007=42000(К) көгілдір жұлдыздардың температурасы

ә)Алып жұлдыздар 1000 млн жыл өмір сүреді.Ал аса алып жұлдыздар 10 млн жыл өмір сүреді.

Сұрақ:

Алып жұлдыздар ұзақ өмір сүреді ме? Қаншаға ұзақ?

Шешуі:

1000 000 000:10 000 000=100 есе ұзақ

1000 000 000-10 000 000=990 млн жылға ұзақ

б)Жерден Күнге дейінгі қашықтық 149 500 000 км,ал Жерден Айға дейінгі қашықтық 384 467 км.

Сұрақ:

Жер Аймен салыстырғанда Күннен неше км қашықтықта?

Шешуі:

149 500 000-384 467=149115533(км)

Бармақ арқылы бағалау

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Сергіту сәті

Оқушылар орындарынан тұрып,оң қолын көтеріп, 5-ке дейін ағылшынша санайды, сонан соң сол қолын көтеріп ағылшынша санайды. Басын шалқайтып 5 рет ха-ха-ха деп, еңкейіп 5 рет хи-хи-хи деп айтады, сонан соң 4-ке дейін санайды,3-ке дейін санайды, 2-ге дейін,1 рет санайды және ха-ха,хи-хи деген сөзді айтады.

Ойлан.

Жазылуында кейбір цифры белгісіз сандарды салыстыруға бола ма?

жұлдызшаның орнына"артық","кем" немесе "тең"салыстыру белгісін қой.

Талдау:

Санда неше таңба бар?

Санда қаншакласс бар?

Сандардың кластық және разрядтық құрамын салыстыру

Жауабы:

79****< 97**** 600**< 200***

3200 ***< 27200*** 485***> 458***

50***< 30**** 650** > 605**

***6> **9 ***7 < ****3

Фишкамен бағалау

Әр дұрыс жауапқа бір фишка беру керек. Тапсырманың соңында фишкаларды санау. Кімде көп фишка болса, сол оқушы жеңеді.

(Т.) №2 тапсырма

Санау тәсілдері

Бірнеше оқушыға берілген 1 000 224 санынан бастап, әртүрлі ірі бірліктермен санауды сұрау.Қалған оқушылар белгі беретін кеспе қағаздарды көрсетіп белгі береді.Келіссе-жасыл, келіспесе -қызыл түсті көтереді.

"Эстафета" әдісі

Топтың оқушылары санауды эстафета тәсілімен санау,яғни бірінші оқушы жүздікпен санап келіп,қол бергенде келесі оқушы жүз мыңдықпен санап келіп, қол береді, келесі оқушы миллиондықпен санайды.

Жауабы:

1 000 224

Жүздікпен 1 000 324,1 000 424,1 000 524,1 000 624,

1 000 724,1 000 824,1 000 924;

Жүз мыңдықпен 1 100 24,1 200 224,1 300 224,1 400 224 ,1 500 224,1 600 224,1 700 224,1 800 224,1 900 224

Жүз миллиондықпен 101 000 224,201 000 224,301 000 224,401 000 224,501 000 224, 601 000 224, 701 000 224,801 000 224,901 000 224.

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

(Ж.) Орындап көр.

Ойын текшесін пайдаланып,жұпта ойнау.

Текше жақтарындағы әрбір нүкте 1 жүз мыңдықты білдіретінін түсіндіріңіз және оқулықта берілген ойын тәртібі бойынша ойнау.

1.Бірінші ойыншы текшені лақтырып,шыққан нүкте саны бойынша алты таңбалы дөңгелек санды жазады.

2.Келесі кезекте екінші ойыншы текшені лақтырып, шыққан санды алдыңғы санға қосып немесе азайтып, нәтижесін жазады.

Математика-лық диктант жазылған қағаз

2-слайд

Сандар тізбегі жазылған қағаз

Кесте

3-слайд

4-слайд

Кесте

Сандар жазылған кесте

Санды цифрмен жазудың алгоритмі

5-слайд

6-слайд

7-слайд

Кесте

8-слайд

Жазылуында кейбір цифры белгісіз сандарды салыстыруға арналған кеспе қағаздар

Фишка

9-слайд

Сигналды карталар

10-слайд

11-слайд

Текше

38–40

Рефлексия.

«Стикердегі диалог» тәсілі. Әр оқушыға стикерлер және жүріп-тұруға орын қажет.

Қабырғаға немесе тақтаға пікірлер немесе сұрақтар жазылған түрлі түсті қағаздар ілінеді немесе оларды үстел үстіне қоюға болады.

*Бүгінгі сабақта қандай математикалық термин сөздермен таныстың немесе пысықтадың? Есіңде қалды ма? Мағынасын түсінбеген сөздер болды ма?

*Сабақ барысындағы өзіңнің іс-әрекетіңді қалай бағалайсың?

*Қандай тапсырма орындау немесе ойындар ойнау ұнады? Қиындық тудырған сәттер болды ма?

Әр оқушыға стикерлер және пікірлер немесе сұрақтар жазылған түрлі түсті қағаздар

12-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу