Шамалар.Есеп құрастыру және шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері

№ 142 сабақ. Тақырыбы: Шамалар.Есеп құрастыру және шығару

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.7 үш амалмен шығарылатын есептерді(шамалар арасындағы тәуелділікке құрылған жай есептердің түрлі комбинациялары)модельдеу және шығару

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма, сызба,

қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабаққа қажетті ресурстар: кеспеқағаздар – әр топқа;ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Бір шаманың өлшем бірліктері өзара байланысты. Өлшем бірлігін өзінен ірі немесе кіші бірлікке ауыстыру үшін сәйкесінше көбейту немесе бөлу амалын орындау керек.

Масса: грамм, килограмм, центнер, тонна.1 т = 10 ц = 1 000 кг = 1 000 000 г

Ұзындық: миллиметр, сантиметр, метр, километр.1 км = 1000 м = 100000 см = 1000000 мм

Уақыт: 1 сағ = 60 мин = 3600 с

Бір амалмен жауап беруге болатын есеп жай есеп деп аталады. Бірнеше амал қолдану арқылы шығаруға болатын есеп құрама есеп деп аталады.

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе

Жұмбақ

.Ж) Сабақты оқушыларға жұмбақ жасырудан бастаңыз. Жұмбақтың шешіп, сол бойынша оқушылардың пікірін тыңдаңыз. Жай есеп туралы қорытынды жасатыңыз. Жай есепті құрама есепке айналдыру жолдарын түсіндіру үшін, есепке бірнеше амалдың көмегімен шығатындай сұрақ қойғызыңыз. Құраған есептерін таңдауы бойынша біреуін шығаруды ұсыныңыз.

Жауабы: жай есеп, құрама есеп

-Жай есеп дегенді қалай түсінесіңдер?( Егер есеп бір амалмен шығарылса, ол жай есеп болады)

-Құрама есеп дегеніміз не?(Егер есеп бірнеше амалмен шығарылса, ол құрама есеп болады)

-Сурет бойынша алдымен жай есеп құрастыр, сосын сол есепті құрама есепке айналдырып көр.

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

Жұмыс столы

) Оқушыларды топқа біріктіруді ұсыныңыз. Әр топқа өрнек бойынша жай есеп құрастыруға беріңіз, құрастырған есепті басқа топтардың жұмыс столына жапсырады. Топ мүшелері есептің жауабын бірлесе іздеп табады. Барлық топ есептің шығару жолдарын, жауаптарын түсіндіреді сұраңыз.

Жауабы: 32 ∙ 4=128

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Кесте

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар жұптасып есепті шығарады. Шығарып болған соң, сағат тілімен жұмыстарын ауыстырып, жұптар бір –бірінің тапсырмасын тексеруді ұсыныңыз.

Жауабы:

Бағасы (тг)

Саны (д)

Құны (тг)

68

4

272

34

8

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу

Шамаларды салыстыр

(Ж.Ж) Тапсырманы жұп болып орындауды ұсынып,олардың жауаптарын тыңдап, қорытынды жасауды ұсыныңыз.

Жауабы:

78 т < 870 ц 93 ц <9 т 6 ц 6 ц 57 кг = 657 кг

90мин< 1сағ20мин 2сағ =120мин 1сағ 10мин > 50мин

*Шамаларды салыстыру үшін оларды бірдей өлшем бірлікке келтіру керек.

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

Құрма мен құрт

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмыс арналған тапсырманы таратып беріңіз. Оқушыларға тапсырманы оқып, сұрағы мен жауабын сәйкестіндіруді сұраңыз.

Жауабы:

1.

Құрманы неше қорапқа салды?

126: 7=18

2.

Құртты неше қорапқа салды?

95 : 5=19

3.

Құрма мен құртты барлығы неше қорапқа салған?

(126:7) + (95:5) =37

4.

4 қорапта неше кг құрма бар?

(126 : 7) ∙ 4 = 72

5.

Құрма салған қораптардың құрт салған қорап-тарынан нешеуі артық?

(95 : 5) – (126:7) =1

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Ойлан

) Әрбір топқа сызба бойынша есеп құрастыруды тапсырыңыз. Топтар құрастырған есептерін ауыстырып шығарады ұсыныңыз.

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Сабақ соңында «Жетістік ағашы» арқылы рефлексия жүргізіңіз.

- Бүгінгі сабақта не үйрендім?

Жапырақ түсінбедім

Гүл түсіндім, сұрағым бар

Жеміс түсіндім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу