Ақша.Есеп құрастыру және шығару 133-сабақ. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

133-сабақ.

Тақырып: Ақша. Есеп шығару тәсілдері

Оқу мақсаты:

3.1.3.6 1000 тг,2000тг,5000тг ақшаларын ажырата алу және олармен әртүрлі операцияларды орындау

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

Тірек сөздер: Баға, сан, құн, тауар

Сабақта қажетті ресурстар: кестелер, қағаз ақшалар, кеспе қағаздар, үлестірмелі материал, шоколад, парақтар.

Сабаққа пайдаланылатын деректі материалдар: Баға-бір заттың құны. Құн-Тауарды сатып алуға жұмсаған ақшаның мөлшері.Саны-тауардың мөлшері.

.

Санын табу үшін құнын бағасына бөлеміз. Құнын табу үшін бағасын санына көбейтеміз. Бағаны табу үшін құнын санына бөлеміз.

Сабаққа қатысты ескертулер:

Кіріспе тапсырма.

(М) «Ақша» тақырыбы бойынша білімдерін жинақтау үшін:

«Идеялар» себетін дайындаңыз. Оған оқушылар ақша туралы өткен сабақта алған білімдерін жазып салады. Ол үшін төмендегідей сауал қойыңыз.

-Оқушылар, өткен сабақтарда не туралы білдің?

Жауаптарын «Идеялар» себетіне салуларын сұраңыз. Бірнеше пікірді оқып беріңіз.

« Шарлар» ойыны

Тақтаға бағасы жазылған шарларды іліңіз.

Бір оқушыны шар сатушы рөлінде тағайындаңыз. Оқушылар шар сатып алады да, есеп құрап ,оны шығарады. Бұл жерде шарлардың түстеріне қарай, санына қарай, бағасына қарай әр түрлі ойлар туындауы мүмкін. Алдымен бір шардың бағасын анықтап алатынын айтып кетіңіз. Әрі қарай түсіне және санына байланысты құнын табуға есептер құрастыратынын ескертіңіз.

Өзін-өзі бағалайтынын айтыңыз. Шарларға қатысты құрастырған есептерін оқиды, қалған оқушылар өз есептерімен салыстырды. Жауабын тексерген соң өзін бағалайды.

(Т.Ж) Қанша ақша жұмсайсың? Киім дүкені.

Тақтаға киімдер суреті іліңіз.Топтарға киімдердің (әр киімнің) бағасын жазып көрсететін парақ таратыңыз. Оқушылар есептің шартына байланысты есептеулер жасап,әр киімнің бағасын анықтайды. Әр топтың өкілі тапсырманы орындап болған топ тақтадағы киімдердің астына бағасын жазып. Өз тобының жауабын негіздеп,түсіндіреді.

Жейде-1000 тг

Футболка- 500 тг

Шалбар – 1500 тг

Күрте – 5000 тг

Көйлек – 3000 тг

Юбка – 2500 тг

Топтардың жұмысын «Жұлдызша» арқылы бағалатыңыз

(Ұ.Ж) Тәттілер дүкені.Тапсырманы талқылау үшін заттарды, бағаларына тоқталып өтіңіз.Оқушылар топтық жұмыста бір есептен құрастырады.Сонан кейін топтар парақтарын алмастырып,басқа топтың құрған есебін шығарады.

Шоколад – 250 тг

Балмұздақ – 80 тг

Чупа чупс – 50 тг

Кәмпиттер – 420 тг

Мармелад – 150 тг

Вафли – 360 тг

Тапсырманы «Шапалақ» арқылы бағалайтынын тапсырыңыз.

(Ж) Таңда.

Оқушыларды ақшаның мөлшерін ажырата білуге дағдыландыру.

-50теңгеге не сатып алуға болады? Тауарды таңда. Суреттен әр түрлі бағамен берілген тауарларды көрсетіңіз.

(Ж) Ойлан.

Сенде 300 тг бар. Досыңа қанша ақша жұмсар едің? Шырын -40 тг, тәтті нан-40 тг, кәмпит – 5 тг

Жұптардың жауаптары әр түрлі болса,есептің шешуін сынып болып талқалайды.Жұптардың жұмысы бағалаңыз.

Ауызша бағалау «Жарайсың! Керемет!»

(Т) Орында. Кесте бойынша өрнектер құрып, есепте.

-Мысалды жарыс түрінде шығаруын тапсырыңыз.Бірінші болып шығарған жұп жеңімпаз болып табылатынын жариялаңыз.

8 қарындаш 8 теңгеден болса, барлығы құны неше теңге болады?

Жауабы: 8х8=64 тг құны

81 теңгеге бағасы 9 теңгеден тұратын неше дана ұштағыш сатып алуға болады?

Жауабы: 81 тг : 9 тг = 9 дана ұштағыш

90 теңгеге 9 дәптер сатып алынды. Бір дәптердің бағасы қандай?

90:9= 10 теңге -бір дәптердің бағасы

Өзара бағалау. Топтар бір-бірінің жауаптарын (+,-) белгілері арқылы өзара бағалайды.

Сабақ бойынша кері байланыс

Жылдам жауап беруін сұраңыз:

1.Сатып алған барлық затқа төленетін ақша мөлшері-бұл...

2.Бір затқа төлейтін ақша мөлшері-бұл...

3.Заттың мөлшері-бұл...

4.Санын табу үшін______керек

5.Заттың құнын табу үшін______керек

6.Бағасын табу үшін______керек

«Жетістік баспалдағы» арқылы өз білімін анықтайды. Бүгін сабақта алған білімін оқушы баспалдақтың қай сатысында тұрғанын анықтау арқылы көрсетеді. Барлығын түсінсе және қызықты болса, жоғары сатыда, қиналса ортаңғы, түсіну және тапсрымаларды орындау қиын болса төмеңгі сатыда өздерін бейнелейді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу