Ақша.Есеп шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

132-сабақ.

Тақырып: Ақша. Есеп шығару тәсілдері

Оқу мақсаты:

3.1.3.6 1000 тг,2000тг,5000тг ақшаларын ажырата алу және олармен әртүрлі операцияларды орындау

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

Тірек сөздер: Баға, сан, құн, тауар

Сабақта қажетті ресурстар: кестелер, қағаз ақшалар, кеспе қағаздар, үлестірмелі материал, шоколад, парақтар.

Сабаққа пайдаланылатын деректі материалдар: Баға-бір заттың құны. Құн-Тауарды сатып алуға жұмсаған ақшаның мөлшері.Саны-тауардың мөлшері.

.

Санын табу үшін құнын бағасына бөлеміз. Құнын табу үшін бағасын санына көбейтеміз. Бағаны табу үшін құнын санына бөлеміз.

Сабаққа қатысты ескертулер:

(Т.Ж) Ынталандыру

«Миға шабуыл» әдісі

Әр топқа есептің мәтінін таратыңыз. Оқушылар есепті оқып,кестедегі бос орындарды толтыруын сұраңыз.

Анасы Тимурға шай ішуге тәттілер алуға 200 тг берді.Тимур шоколад алғысы келіп,жақын жердегі дүкенге барды. Ол дүкеншіден шоколад қанша тұратынын сұрады.

Дүкенші шоколад120 тг тұратынын айтты.Тимур « Мен бар болғаны 1 шоколад сатып алады екенмін» деп қынжылды.Бірақ дүкенші әжей оған 100 теңге тұратын басқа түрін алуды ұсынды.Тимур оған «Жақсы,мен енді 2 шо-

колад алуыма болады,бірақ бұл да аз болады» деді.Әжей оған шоколадтың бағасын қателесіп айтқанын,бұл шоколад 65 тг тұратынын айтты.Тимур қабағын түйіп,ақшасын есептеп,енді 3__ шоколад алуына болатынын санап білді.Кенет дүкенші әжей тағы да қателескенін айтып,дұрыс бағасы жазылған қағазды көрсетті. «50 тг» Тимур қуанып, 4

шоколад сатып алды.

(Ұ.Ж) Талқыла

Мәтінді оқып шыққан соң,оқушылармен талқылау жүргізіңіз

-Қалай ойлайсыңдар,неліктен Тимур шоколад сатып алу шешімін бірнеше рет өзгертті?

-Оның шешімі неге байланысты болды?

(Бағасы мен санына байланысты болды)

Тірек сөздерді тақтаға іліңіз. (БАҒА САНЫ ҚҰНЫ)

Кестені толтыруды тапсырыңыз

Баға

Саны

Құны

Кестедегі сандар неліктен өзгеріске ұшырады?

-Шоколад қанша тұрды?

-Бірнеше зат сатып алынып, төленген ақша құны болады.

-Шоколадтың құны қалай өзгерді?

-Неліктен өзгерді деп ойлайсыңдар?

Бірнеше зат алып, оған ақша төленсе ол құны болады.Демек, заттың құны деген не?

Ереже шығаруды тапсырыңыз.

-Баға-бір заттың құны. Құн-Тауарды сатып алуға жұмсаған ақшаның мөлшері.Саны-тауардың мөлшері.

-Тірек сөздерінің бас әріптерін пайдаланып, «формула» құрастырып көрейік.

-Бағаны, құнды, санын табу үшін қандай амалдарды қолданар едің?

-Сонымен,бағаны табу үшін құнын санына бөлеміз.

Санын табу үшін құнын бағасына бөлеміз.

Құнын табу үшін бағасын санына көбейтеміз.

Бағалау «Шапалақ» әдісі, дұрыс жауапқа 3 шапалақ, қатесі бар жауапқа 2 шапалақ, дұрыс емес жауапқа 1 шапалақ арқылы бағалатыңыз.

(Т.Ж)Есептерді шығартыңыз

Тапсырма баға,саны,құны шамаларына берілген.

Кестені жұп болып толтырып,жауаптарын басқа жұппен алмастырып тексеруін айтыңыз.

Бағасы200 тг тұратын 2 құты су алды. Құны қанша болады?

5 дәптерді 500 теңгеге сатып алды. Бір дәптердің бағасы неше теңге?

1000 теңгеге 5 шоколад алды. Бір шоколадтың бағасы қанша?

Бағасы 100 теңге тқратын бәлішке 800 теңгеге төледі. Неше бәліш сатып алды?

Бағасы

Саны

Құны

200 тг

2

400тг

100тг

5

500тг

200тг

5

1000тг

100тг

8

800тг

Критерий арқылы бағалау

Мен:

-баға, саны, құнын табуға берілген есептішығара аламын;

-бағасын табуды білемін;

-санын табуды білемін;

-құнын анықтай аламын.

(Ж)Тез есепте!

-4 кәмпитке 20,28,32,36 теңге төледі. Бір кімпит қанша тұрады?

-Сатып алынған тауарға 64,72,81 теңге төленді. Бір кәмпит 8 тг тұрса, неше кәмпит алуға болады?

Оқушылар осы есептерді шығаруда баға, саны, құнына байланысты формулаға жүгінуі керек екенін ескертіңіз.

«Басбармақ» арқылы бағалау

Бармақ жоғары бағытталса-барлығын түсіндім

Бармақ жанына қарай бағытталса- енді түсініп келемін

Бармақ төмен бағытталса- түсінбедім

Ойлан.(Ұ.Ж)Есепті шығару үшін тапсырманы орындау алгоритмін құрғызыңыз:

1.Қанаттың қанша ақшасы бар?т.б

Оқушылар өз нұсқасын ұсынады.

Алгоритмді құрғаннан кейін,есептің шешуін жазады. Ең бірінші болып орындаған оқушыны ең жүйрік математик деп жариялаңыз.

Смайликпен бағалау

Смайликтердің жымиғанын көрсеткен оқушы бәрін біледі, ойланып тұрған кейпін көрсеткен оқушы әлі де үйренгісі келеді, ренжіп тұрған смайлик көрсеткен оқушыға қиын болғаны анықталады.

Кім алғыр?(Т.Ж)

Кестедегі деректерді пайдаланып,өрнектер арқылы есеп құрастыруға тапсырмасын беріңіз. Әр топ өздері құрған есептерін таныстырады,салыстырады ,бағалайды.

Сабақ бойынша кері байланыс жасатыңыз

«Сенемін-сенбеймін»әдісі:

-Сатып алынған заттың біреуіне төләйтін ақша оның бағасы екеніне сенесің бе?

-Құны дегеніміз сатып алынған барлық затқа төленетін ақша мөлшері екеніне сенесің бе?

-Санын табу үшін бағасын құнына көбейту керек екеніне сенесің бе?

-Бағасын табу үшін құнын санына бөлу керек екеніне сенесің бе?

Бағдаршам белгілері арқылы жауаптарды бағалайтынын айтыңыз.

Әр оқушыда сары, жасыл, қызыл сигналды карталар болуы тиіс. Дұрыс жауапқа жасыл, қате жауапқа қызыл карта көрсетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу