Шамалар. Есеп шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері
№ 141 сабақ. Тақырыбы: Шамалар.Есеп шығару
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.5.1.7 үш амалмен шығарылатын есептерді(шамалар арасындағы тәуелділікке құрылған жай есептердің түрлі комбинациялары)модельдеу және шығару
3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу
Сабаққа қажетті ресурстар: кеспеқағаздар – әр топқа;ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:
Шама математиканың негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Әр шаманың өлшем бірліктері бар.Ұзындық (м), масса (кг), уақыт (секунд), сыйымдылық (литр). Әр шаманың өлшем бірліктерінің арақатынасы: 1 м = 10 дм =100 см, 1 км = 1000 м, 1 кг = 1000 г, 1 ц
= 100 кг, 1 т = 10 ц = 1000 кг, 1 сағ = 60 мин, 1 мин =60 с, 1 тәул. = 24 сағ, 1 жыл = 365 (366) тәул, 1 ғасыр = 100 жыл.
Кіріспе тапсырма.
«Жасырынған сөзді тап»
(Ұ.Ж) Сабақты оқушылармен «Жасырынған сөзді тап» ойынын ойнау арқылы көбейту және бөлу кестесін қайталаудан бастаңыз. Оқушылар кезектесіп амалдарды орындайды. Әрбір өрнек дұрыс шешілген сайын жауабы біртіндеп ашылып отырады.
Жасырынған сөзді табады.
Шешуі: «Шамалар және олардың өлшем бірліктері»
-Қандай шамаларды білеміз?
- Қандай өлшем бірлігінде өлшенеді?
-Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата.
-Массаның өлшем бірліктерін ата.
-Уақыттың өлшем бірліктерін ата.
-Көлемнің өлшем бірліктерін ата.
Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б.
*Шама математиканың негізгі ұғымдарының бірі болып табылады.
Әр шаманың өлшем бірліктері бар.
Сәйкестендір
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз.Оқушылар сәйкес келетін шамаларды бір- бірімен сәйкестендіреді. Жұптар дәптерлерін ауыстырып бір – бірінің жұмыстарын тексереді, бағалайды.
Жауабы:
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз
«Кім жылдам?»
(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.
Оқушылар тапсырманы оқиды, талдайды және шешуін жазады. Әрбір дұрыс жауапқа
1 ұпайдан беру. Оқушылар бұл тапсырма арқылы әртүрлі амалдарды арқылы өрнек құрып есеп шығаруды қайталайды.
Жауабы:
а) 80 кг алманы 10 килограмдық жәшіктерге бөліп салады. Қанша жәшік керек болады? | 8 жәшік |
ә) Анардың анасы 80 теңгелік 5 қалың дәптер және 50 теңгеден 6 қалам сатып алды. Ол оқу құралдарына барлығына қанша ақша төледі? | 700 теңге |
б) Асханаға 20 л сүт алып келді. Оны 2 литрлік 6 ыдысқа құйып қатық ұйытты. Қалған сүттен таңғы асқа ботқа пісірді. Ботқа пісіруге қанша литр сүт қалды? | 8 литр |
в) Алмас 45 теңгеден 3 тоқаш сатып алды. Ол неше теңге төледі? | 135 теңге |
Ұпай санына қарай бағалау
Топ | №1 1 ұпай | №2 ұпай | №3 1ұпай | №4 1ұпай | Барлық ұпай саны |
1-топ | |||||
2- топ | |||||
3-топ | |||||
4-топ |
Ойлан
(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.
Оқушылар тапсырманы оқып талдайды. Ламинатталған параққа есептің шешуін жазып, диаграмма құрастырады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, құрастырған диаграммамен таныстырады.
Жауабы:
Ең ұзын Торғай өзені – 825км
Ең қысқа Ырғыз өзені – 593км
825км > 593км
825 – 593 = 232 км
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
«Ойлан-жұптас-бөліс»
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Берілген тапсырма бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі сұраңыз. Сосын бүкіл топтық талқылауға ұсынуын ұйымдас-тырыңыз. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып өз жұмыстарын қорғайды сұраңыз.
Жауабы:
Жауабы:1) 105+43 =148 (км)
2) 152-148 =4(км)
Жаяу 4 км жүрді.
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
Сабақ соңында өз көңіл күйлерін стикерге жазу арқылы рефлексия береді.
Ағаштың қай жеріне өзіңді орналастырар едің? Өзіңді ағаштың қай жерінде сезінесің? Ағашта отырған әрбір адамның өзіне ғана тән көңіл-күйі мен ішкі жан дүниесі бар, оны бет әлпетінен ажыратуға болады. Қайсысы саған ұқсайды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?