Шамалар. Есеп шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Есептерді шығару тәсілдері

№141 сабақ. Тақырыбы:

Шамалар.Есеп шығару

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.7 үш амалмен шығарылатын есептерді(шамалар арасындағы тәуелділікке құрылған жай есептердің түрлі комбинациялары)модельдеу және шығару

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады: шаманың өлшем бірліктерінің арасындағы қатысты орнатуды біледі.

Оқушылардың көпшілігі: әртүрлі шамаларға байланысты есептер шығара алады.

Оқушылардың кейбіреулері:2-3 амалмен орындалатын есепке диаграмма құрады.

Ғылыми тіл

ОқушыларШамалардың өлшем бірліктерін атайды..

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата

Массаның өлшем бірліктерін ата

Уақыттың өлшем бірліктерін ата

Көлемнің өлшем бірліктерін ата

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Сабақ барысы

Жоспар

ланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақ

тың басы

Психологиялық дайындық

Қол алысып, кәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Слайд№2

Оқушылардың топқа бірігуі. Қима қағаздар арқылыоқушылар төрт топқа бірігеді. 1- топ «Ұзындық», 2- топ «Масса», 3- топ «Көлем», 4- топ «Уақыт»

Кіріспе тапсырма

«Жасырынған сөзді тап»

(Ұ.Ж) Оқушылармен «Жасырынған сөзді тап» ойынын ойнау арқылы көбейту және бөлу кестесін қайталау. Жасырынған сөзді табу. Шешуі: «Шамалар және олардың өлшем бірліктері»

-Қандай шамаларды білеміз?

- Қандай өлшем бірлігінде өлшенеді?

-Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата.

-Массаның өлшем бірліктерін ата.

-Уақыттың өлшем бірліктерін ата.

-Көлемнің өлшем бірліктерін ата.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б.

Слайд№ 3

Сабақ

тың ортасы

*Шама математиканың негізгі ұғымдарының бірі болып табылады.

Әр шаманың өлшем бірліктері бар.

Сәйкестендір

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.Оқушылар сәйкес келетін шамаларды бір- бірімен сәйкестендіреді. Жұптар дәптерлерін ауыстырып бір – бірінің жұмыстарын тексереді, бағалайды.

Тапсырма: Сәйкес келетін шамаларды сәйкестендір.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізу

«Кім жылдам?»

.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.

Оқушылар тапсырманы оқиды, талдайды және шешуін жазады. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беру. Оқушылар бұл тапсырма арқылы әртүрлі амалдарды арқылы өрнек құрып есеп шығаруды қайталайды.

Тапсырма:

а) 80 кг алманы 10 килограмдық жәшіктерге бөліп салады. Қанша жәшік керек болады?

ә) Анардың анасы 80 теңгелік 5 қалың дәптер және 50 теңгеден 6 қалам сатып алды. Ол оқу құралдарына барлығына қанша ақша төледі?

б) Асханаға 20 л сүт алып келді. Оны 2 литрлік 6 ыдысқа құйып қатық ұйытты. Қалған сүттен таңғы асқа ботқа пісірді. Ботқа пісіруге қанша литр сүт қалды?

в) Алмас 45 теңгеден 3 тоқаш сатып алды. Ол неше теңге төледі?

Ұпай санына қарай бағалау

Топ

№1

1 ұпай

№2 ұпай

№3

1ұпай

№4

1ұпай

Барлық

ұпай саны

1-топ

2- топ

3-топ

4-топ

Ойлан

) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.

Оқушылар тапсырманы оқып талдайды. Ламинатталған параққа есептің шешуін жазып, диаграмма құрастырады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, құрастырған диаграммамен таныстырады.

Тапсырма:

Ырғыз өзенінің ұзындығы 593 км, Елек өзенінің ұзындығы 623км, Жем өзенінің ұзындығы 712 км, Торғай өзенінің ұзындығы 825 км. Ең ұзын және ең қысқа өзендердің ұзындықтарын салыстыр. Олардың айырмасын тап. Өзендердің ұзындықтары бойынша бағандық диаграмма сал.

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

«Ойлан-жұптас-бөліс»

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.Берілген тапсырма бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі. Сосын бүкіл топтық талқылауға ұсыну. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып өз жұмыстарын қорғайды.

Тапсырма: Қорқыт ата кесенесі

Туристер Қорқыт ата кесенесіне саяхатқа шықты.Олар 105 км жолды поездбен жүрді, одан әрі 39 км жолды автобуспен жүріп, қалған жолды жаяу жүрді. Егер Қорқыт ата кесенесіне дейінгі жолдың ұзындығы 152 км болса, туристер неше км жолды жаяу жүрді?

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Слайд№4,5

Слайд6

слайд №7

Слайд №8

слайд №9

Слайд

№10,11

Слайд

№12,13

Сабақ

тың соңы

Рефлексия

Не үйрендік?

Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Стикерлер

Слайд №14



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу