Шамалар.Есеп құрастыру және шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Есептерді шығару тәсілі

№ 142сабақ.

Тақырыбы:Шамалар.Есеп құрастыру және шығару

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.7 үш амалмен шығарылатын есептерді(шамалар арасындағы тәуелділікке құрылған жай есептердің түрлі комбинациялары)модельдеу және шығару

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:

Шамалардың өлшем бірліктерінің арасындағы байланысты біледі,соған байланысты есептер шығарады.

Оқушылардың көпшілігі:

Кесте,сызба бойынша есептер құрастырады

Оқушылардың кейбіреулері:

Есепке сызба құрастырады,өзгелердің сызбасы бойынша есеп құрастырады.

Ғылыми тіл

Оқушылар қарапайым және құрама есептерді ажыратады,шығарады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Есептерді шығару үшін қандай ережелерді сақтаймыз?

Бір амалмен шығарылатын есептерді қандай есеп деп атаймыз?

Бірнеше амалмен шығарылатын есептерді ше?

Түйін сөздер мен сөз тіркестері:

Шама,өлшем бірлік: миллиметр,сантиметр,дециметр,метр

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық дайындық

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық,

Сәттілік тілеп, күлімсіреп

Біз сабақты бастайық!

Кіріспе тапсырма

Жұмбақ

) Оқушыларға жұмбақ жасыру. Жұмбақтың шешуін тауып, сол бойынша оқушылардың пікірін тыңдау. Жай есеп туралы қорытынды жасату. Жай есепті құрама есепке айналдыру жолдарын түсіндіру үшін, есепке бірнеше амалдың көмегімен шығатындай сұрақ қойғызу.Құраған есептерін таңдауы бойынша біреуін шығару.

Тапсырма:

Екі әріп тастап сағат тілімен оқысан жасырынған сөзді табасың.

Шешуі: құрама есеп, жай есеп

-Жай есеп дегенді қалай түсінесіңдер?( Егер есеп бір амалмен шығарылса, ол жай есеп болады)

-Құрама есеп дегеніміз не?(Егер есеп бірнеше амалмен шығарылса, ол құрама есеп болады)

-Сурет бойынша алдымен жай есеп құрастыр, сосын сол есепті құрама есепке айналдырып көр.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

Слайд №2

Слайд№3,4

Сабақтың ортасы

30 мин

Жұмыс столы

) Оқушыларды топқа біріктіру. Әр топқа өрнек бойынша жай есеп құрастыруға беру, құрастырған есепті басқа топтардың жұмыс столына жапсырады. Топ мүшелері есептің жауабын бірлесе іздеп табады. Барлық топ есептің шығару жолдарын, жауаптарын түсіндіреді.

Тапсырма: а) Өрнек бойынша есеп құрастыр. ә) жай есепті құрама есепке айналдыр.

32 ∙ 4=

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Кесте

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.

Оқушылар жұптасып есепті шығарады. Шығарып болған соң, сағат тілімен жұмыстарын ауыстырып, жұптар бір –бірінің тапсырмасын тексереді.

Тапсырма:

Бағасы (тг)

Саны (д)

Құны (тг)

68

4

Бірдей

?

8

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Шамаларды салыстыр

(Ж.Ж) Тапсырманы жұп болып орындауды ұсынып,олардың жауаптарын тыңдап, қорытынды жасау.

Тапсырма:

78 т ... 870 ц 93 ц ... 9 т 6 ц 6 ц 57 кг ... 657 кг

90мин … 1сағ20мин 2сағ … 120мин 1сағ 10мин … 50мин

*Шамаларды салыстыру үшін оларды бірдей өлшем бірлікке келтіру керек.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т,б.

Құрма мен құрт

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмыс арналған тапсырманы таратып беру. Оқушылар тапсырманы оқып, сұрағы мен жауабын сәйкестіндіреді.

Тапсырма: Есептің шартын оқы, тапсырманы орында.

126 кг құрманы 7кг-дық қораптарға, ал 95 кг құртты 5 кг-дық қораптарға бөліп салды.

Әр сұраққа жауап бер. Сұрақтың нөмірін дөңгелекке жаз және өрнектің мәнін есепте.

1. Құрманы неше қорапқа салды? 95 : 5=

2. Құртты неше қорапқа салды? (95 : 5) – (126 : 7) =

3. Құрма мен құртты барлығы неше

қорапқа салған? (126 : 7) ∙ 4 =

4. 4 қорапта неше кг құрма бар? (126 : 7) + (95 : 5) =

5. Құрма салған қораптардың құрт 126:7=

салған қораптарынан нешеуі артық?

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Ойлан

) Әрбір топқа сызба бойынша есеп құрастыруды тапсыру. Топтар құрастырған есептерін ауыстырып шығарады.

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Слайд№5,6

Слайд№7

Слайд№8,9

Слайд

№10,11

Слайд

№12,13

Слайд №14

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

- Бүгінгі сабақта не үйрендім?

«Жетістік ағашы» арқылы бағалау

Слайд№ 15



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу