Ақша.Есеп шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Есептерді шығару тәсілдері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова М.Е.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

132-сабақ Тақырыбы:

Ақша.Есеп шығару

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.3.6 1000 тг,2000тг,5000тг ақшаларын ажырата алуды және олармен әртүрлі операцияларды орындау

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың барлығы:

Купюраларды ажырата біледі,түрліше төлем жасай алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Кесте,өрнектер бойынша есептер құрастыра алады

Оқушылардың кейбірі:

Төрт амалмен шығарылатын есептерді орындап, шығарылу жолын дәлелдейді

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Шамалардың өлшем бірліктерін ажырата алады,құндылық,көрсету,түсіндіру

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Баға ,құн,саны дегенді қалай түсіндіресің?

-Заттың құнын табу үшін не істейміз?

-Заттың санын,бағасын табу үшін қандай амалды пайдаланамыз?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,әдебиеттік оқу,өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Ақша туралы түсінік қалыптасқан

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

Кіріспе тапсырма.

(Т.Ж) Ынталандыру

«Миға шабуыл» әдісі

Әр топқа есептің мәтіні таратылады.Оқушылар есепті оқып,кестедегі бос орындарды толтырады.

Анасы Тимурға шай ішуге тәттілер алуға 200 тг берді.Тимур шоколад алғысы келіп,жақын жердегі дүкенге барды. Ол дүкеншіден шоколад қанша тұратынын сұрады.

Дүкенші шоколад120 тг тұратынын айтты.Тимур « Мен бар болғаны шоколад сатып алады екенмін» деп қынжылды.Бірақ дүкенші әжей оған 100 теңге тұратын басқа түрін алуды ұсынды.Тимур оған «Жақсы,мен енді шо-

колад алуыма болады,бірақ бұл да аз болады» деді.Әжей оған шоколадтың бағасын қателесіп айтқанын,бұл шоколад 65 тг

тұратынын айтты.Тимур қабағын түйіп,ақшасын есептеп,енді

_______ шоколад алуына болатынын санап білді.Кенет дүкенші әжей тағы да қателескенін айтып,дұрыс бағасы жазылған қағазды көрсетті. «50 тг» Тимур қуанып,

шоколад сатып алды.

(Ұ.Ж) Талқыла

Мәтінді оқып шыққан соң,оқушылармен талқылау.

-Қалай ойлайсыңдар,неліктен Тимур шоколад сатып алу шешімін бірнеше рет өзгертті?

-Оның шешімі неге байланысты болды?

(Бағасы мен санына байланысты болды)

Тірек сөздерді тақтаға ілу. (БАҒА САНЫ ҚҰНЫ)

Кестені толтыр.

Баға

Саны

Құны

-Кестедегі сандар неліктен өзгеріске ұшырады?

-Шоколад қанша тұрды?

-Бірнеше зат сатып алынып, төленген ақша құны болады.

-Шоколадтың құны қалай өзгерді?

-Неліктен өзгерді деп ойлайсыңдар?

Бірнеше зат алып, оған ақша төленсе ол құны болады.Демек, заттың құны деген не?

Ереже шығар.

-Баға-бір заттың құны. Құн-Тауарды сатып алуға жұмсаған ақшаның мөлшері.Саны-тауардың мөлшері.

-Тірек сөздерінің бас әріптерін пайдаланып, «формула» құрастырып көрейік.

-Бағаны, құнды, санын табу үшін қандай амалдарды қолданар едің?

-Сонымен,бағаны табу үшін құнын санына бөлеміз.

Санын табу үшін құнын бағасына бөлеміз.

Құнын табу үшін бағасын санына көбейтеміз.

Бағалау «Шапалақ» әдісі, дұрыс жауапқа 3 шапалақ, қатесі бар жауапқа 2 шапалақ, дұрыс емес жауапқа 1 шапалақ

Қағаздан жасалған әмияндар

Қағаздан жасалған ақшалар

200 тг,500 тг, 1000тг,2000тг,

5000тг

Шоколад макеті

Слайд № 3

ламинатталған қағаз парақтары, маркерлер;

слайд №4-5

Слайд №6-7

Сабақтың ортасы

8-15

16-30

(Т.Ж)Есептерді шығар

Тапсырма баға,саны,құны шамаларына берілген.

Кестені жұп болып толтырып,жауаптарын басқа жұппен алмастырып тексереді.

Бағасы200 тг тұратын 2 құты су алды. Құны қанша болады?

5 дәптерді 500 теңгеге сатып алды. Бір дәптердің бағасы неше теңге?

1000 теңгеге 5 шоколад алды. Бір шоколадтың бағасы қанша?

Бағасы 100 теңге тқратын бәлішке 800 теңгеге төледі. Неше бәліш сатып алды?

Бағасы

Саны

Құны

200 тг

2

400тг

100тг

5

500тг

200тг

5

1000тг

100тг

8

800тг

Критерий арқылы бағалау

Мен:

-баға, саны, құнын табуға берілген есептішығара аламын;

-бағасын табуды білемін;

-санын табуды білемін;

-құнын анықтай аламын.

(Ж)Тез есепте!

-4 кәмпитке 20,28,32,36 теңге төледі. Бір кімпит қанша тұрады?

-Сатып алынған тауарға 64,72,81 теңге төленді. Бір кәмпит 8 тг тұрса, неше кәмпиталуға болады?

Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізу

Бармақ жоғары бағытталса-барлығын түсіндім

Бармақ жанына қарай бағытталса- енді түсініп келемін

Бармақ төмен бағытталса- түсінбедім

Ойлан.(Ұ.Ж)Есепті шығару үшін тапсырманы орындау алгоритмін құрғызу:

1.Қанаттың қанша ақшасы бар?т.б

Оқушылар өз нұсқасын ұсынады.

Алгоритмді құрғаннан кейін,есептің шешуін жазады. Ең бірінші болып орындаған оқушыны ең жүйрік математик деп жариялау.

Смайликпен бағалау

Смайликтердің жымиғанын көрсеткен оқушы бәрін біледі, ойланып тұрған кейпін көрсеткен оқушы әлі де үйренгісі келеді, ренжіп тұрған смайлик көрсеткен оқушыға қиын болғаны анықталады.

Кім алғыр?(Т.Ж)

Кестедегі деректерді пайдаланып,өрнектер арқылы есеп құрастыру тапсырмасын беру.Әр топ өздері құрған есептерін таныстырады,салыстырады ,бағалайды.

Баға, саны, құны жазылңан кестелер

Слайд №8-9

Слайд № 10

Слайд № 11-12

слайд №13

Слайд № 14

Сабақтың соңы

31-40

Сабақ бойынша кері байланыс «Сенемін-сенбеймін»әдісі:

-Сатып алынған заттың біреуіне төләйтін ақша оның бағасы екеніне сенесің бе?

-Құны дегеніміз сатып алынған барлық затқа төленетін ақша мөлшері екеніне сенесің бе?

-Санын табу үшін бағасын құнына көбейту керек екеніне сенесің бе?

-Бағасын табу үшін құнын санына бөлу керек екеніне сенесің бе?

Бағалау «Бағдаршам» белгілері арқылы жауаптарды бағалайды.

Қызыл, жасыл, сары сигналды карталарды көтеру арқылы бағалау жүргізіледі.

Қызыл-түсінбедім, сары-сұрақтарым бар, жасыл-толық түсіндім.

Бағдаршам арқылы.

слайд №15



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу