Есептеу. Қорытындылау/Музыка. Математика, 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

Математика 3-сынып

1.Симфониялық оркестрдің музыкалық аспаптары туралы мәлімет.

Рояль (фр. royal — корольдық) — ішекті соқпалы-пернелі музыкалық аспап, фортепьяноның бір түрі. Рояль алғашқы нұсқасы пианофортені (фортепьяно) италиялық Б.Кристофори жасаған (1709-11). Ресейде ол рояль деп аталған. Рояль үшбұрышты, көлемі ұзынша, ені жалпақ, үш аяқты болып келеді. Тұрқының ішінде резонанс беретін декасы және керілген жуанды-жіңішкелі сым ішектері болады. Дыбыс диапазоны 7 не 7 1/4 октава. Рояль концерттерде көп қолданылады. Дыбысы қатты және анық естілу үшін рояльдің үстіндегі қақпағы ашық қойылады. Рояльдің ұзындығы әртүрлі (мысалы, миньон 1,1-1,5 м; бөлмелік 1,6-1,8 м; концерттік 3 м.). Қазақ даласына ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап тарады.

Тромбон (итал. trombone – үлкейту, итал. tromba – труба) – үрлемелі музыкалық аспап.

15 ғасырдың басында Еуропада сэкват деген атпен пайда болған; содан бері оның қарапайым құрылымы онша көп өзгеріске ұшыраған жоқ. Әдетте Тромбон жезден жасалады. Жалпы тұрқы 1200 мм-ге жуық. Ойнауға ыңғайлы болу үшін Тромбонның түтігін екіге майыстырып жасаған. Дыбысын мундштук арқылы үрлеп шығарады. Тромбонның сопранодан контрабасқа дейін 6 түрі бар. Ең көп пайдаланылатыны – тенор мен бас. Тромбон негізінен оркестрде және әртүрлі ансамбльдерде кеңінен қолданылады, жеке де ойналады. 20 ғасырдың ортасынан Қазақстанда да кең тарала бастады.

Флейта (нем. Flote, итал. flauto) — үрлемелі музыкалық аспап.

Флейтаның пайда болған жері Азия деп саналады. Алғашында халықтардың ұлы қоныс аударуы, кейінірек крестшілдер жорығы кезеңінде Еуропаға тараған. 15-17 ғасырларда флейта аспабы әбден жетіліп, өзінің шырқау биігіне жетті. Ол ағаштан немесе жезден жасалды.[1]

Осы заманғы музыканттар үш бөліктен тұратын флейтаныны пайдаланады; ұзындығы 68-ден 72 см-ге дейін, 16 — 18 ойығы бар

Литавралар — симфониялық оркестрде қолданылатын, соғып ойнайтын музыкалық аспап. Литавра Азияда пайда болған, Еуропада ХV ғасырдан бастап қолданыла бастайды. Литавраның түрі дөңгелек келеді, жезден істеледі, шанағының жоғарғы беті терімен қапталады. Әдейі бұрандалары арқылы белгілі күйге түсіріледі. Оркестрде литавраның үш түрі қолданылады. Олар үлкен литавра, орташа литавра және кішкентай литавра болып бөлінеді. Тоника, доминанта және субдоминанта бұрауына түсіріледі. Үлкен симфониялық оркестрде екі, үш кейде одан да көп литавралар қолданылады. Ноталары бас кілтінде жазылады. Литавраны басы жұмыр, әрі жұмсақ келген кішкене ағашпен соғып ойналады.

Скрипка (орыс. скрипеть — сықырлау, итал.итал. vіolіno) — ысқылы ішекті музыкалық аспап. Скрипка тектес аспаптардың (С., альт., виолончель, контрабас) ең жоғары регистрлі түрі. Скрипканың 4 ішегі квинталық бұрауға келтіріледі. 15 — 16 ғ-ларда С-ның классик. түрі қалыптасты. 16 — 18 ғ-ларда Солт. Италияда Скрипка жасау шеберлерінің ірі мектептері орын тепті. Мыс., Брешиа (Г. да Сало, Дж.Маджини) мен Кремонада (А. және Н.Аматилер, Дж.Гварнери, А.Страдивари). Скрипка симфониялық, эстрадалық, камералық оркестрлерде және трио, квартет, квинтет ансамбльдерінде қолданылады. Ол қазақтар арасына 19 ғ-дың аяғында тарай бастады. Скрипка тартушылардың алдыңғы қатарында Жаяу Мұса болды. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында, музыкалық колледждер мен мектептерде Скрипка кластары жұмыс істейді. Қазақстанда кәсіби білім алған, үздік орындаушылық қабілетімен дүние жүзіне танылған А.Мұсақожаева, М.Бисенғалиев, Г.Мырзабекова, т.б. скрипкашылар есімі белгілі.[1]

2.Симфониялық оркестрдің музыкалық аспаптары суреттері.

3-тапсырма

56:4+х=257 у-75:5=800

 а+84:4=570 84:7·b=120

4-тапсырма

39:13=3 84:12=21 56:14=4

54:18=3 72:24=3 70:14=5

68:17=4 96:32=3

44:11=4 90:15=6

5-тапсырма

17·2= 75:5=

65·2= 60·8=

550:5= 84:6=

800:40= 960:6=



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу