Есептеу. Қорытындылау /Кино және цирк. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Тақырыбы: Есептеу. Қорытындылау
Оқу мақсаттары: көбейту және бөлу амалдарына берілген қарапайым теңдеулерді шешу; құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6;
х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.
3.1.2.7 кестеден тыс жағдайда мынадай көбейту мен бөлу амалдарын ауызша орындау: 17∙5; 96:6; 75:15; 84:4.
3.1.2.9.100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар:қима қағаздар,А3 форматты парақтар, кестелер
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:Бұл сабақта күрделі теңдеулерді шешуді бекіту керек.Мұндай теңдеуді шешу үшін алдымен амалдардың орындалу ретін анықтап,ең соңғы орындалатын амалды табу керек, белгісіз компонентті анықтап,оны табудың ережесін қолданып,теңдеудің түбірін тауып,тексеруду орындау керек.
Жоспарланған іс-әрекет
Ынталандыру.
Цирк пен кино төңірегінде әңгіме жүргізеді. Өнердің бұл түрлері балаларға өте таныс әрі балалар оларды жақсы көреді. Оқушыларды сабаққа қосуға бағытталған ойын сәттері.
Белсендіру.
(Ұ.Ж) Есеп құрастыр.1-тапсырма ұжымда қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыруды ұсыныңыз.Құрастырған есепке талдау жүргізіңіз.Тапсырманы орындау арқылы оқушылар осы түрдегі есептерді шешу дағдыларын дамытады.
Не белгілі,не белгісіз екенін табу арқылы есептің шартын құрастырып,орындатыңыз.
Мектеп оқушылары циркке 24 қыз бала және одан 2 есе артық ұл балалар барды.Барлығы циркке барлығы неше бала барды?
Қыздар- 24 адам
Ұлдар- ?, 2 есе артық? бала
Ш: 1) 24·2=48 (бала) – ұл бала
2) 24+48=72 (бала) –барлығы
Ж: циркке барлығы 72 бала барды.
«Шапалақ» арқылы бағалатыңыз
Ж.Ж) Есеп құрастыр.1-тапсырма жұпта қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыруды ұсыныңыз.Құрастырған есепке талдау жасауға жағдай жасаңыз.Тапсырманы орындау арқылы оқушылар осы түрдегі есептерді шешу дағдыларын дамытады.
Балалар кинотеатрда жүк мәшине жайлы мультфильм және одан 2 есе артық автобус жайлы мультфильм көрді.Сонымен қатар бірнеше жеңіл мәшине жайлы мультфильм көрді.Барлығы 125 мәшине жайлы мультфильм көрсе, неше жеңіл мәшине жайлы мультфильм көрген?
Ш:1)21·2=42 (м) – автобус
2)125-(21+42)=62 (м) – жеңіл мәшине
Ж:62 жеңіл мәшине жайлы мультфильм көрген
«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» сөздік арқылы бағалаңыз
(Ө.Ж) Есепте.3-тапсырманы өздік жұмыс түрінде ұсыныңыз.Бөлуді орындап,дұрыстығын тексеріңіз.Тапсырма жазылған қима қағаздарға жауабын жазады.
Тапсырманың дұрыстығын тексеріңіз.
– Кімде қандай қиындықтар туындады?
– Қай жерде қате жібердіңдер?
– Жіберілген қатенің себебі неде?
Оқушыларды өз жұмыстарын бағалауға және түзетуге ынталандырыңыз.
42:14=3 80:16=5 57:19=3
90:45=2 82:41=2 72:18=4
«Смайликтер» арқылы бағалаңыз
(Ж.Ж)Теңдеуді шеш. 4-тапсырма жұпта орындатыңыз. Күрделі теңдеулерді шешу үшін белгісіз компонентті тауып, белгісіз компонентті табудың ережесін қолданып,теңдеуді қарапайым теңдеу шыққанша ықшамдайды.Содан кейін белгісізді тауып, теңдеуді тексереді.Тапсырманы орындап болған соң,өзара тексеру жүргізіледі.Оқушылар жұмысы бағалаңыз.
x·(75:5)=30 x·(88:2)=88
x·15=30 x·44=88
x=30:15 x=88:44
x=2 x=2
2·(75:5)=30 2·(88:2)=88
30=30 88=88
«Шапалақ» арқылы бағалаңыз
(Т.Ж) Орындап көр. 5-тапсырма топта ұйымдастырыңыз. Топтарға есепті жазу үшін А3 форматты парақты таратыңыз. Әр топ өз тапсырмаларын оқиды,талдайды. Не белгілі,не белгісіз екенін табуға көмектесіңіз. Топта есепке талдау жүргізеді. Оқушылар есеп бойынша шартын жазып,есепті шығарады. Тапсырманы орындаған соң, топтар А3 форматты парақта жазылған есептерінің шығару жолын тақтаға немесе қандай да бір қабырғаға іліп, сыныптағы барлық оқушыларға түсіндіреді.(Қиындық келтірген жұпқа көмек көрсету)
Бірінші топ- 5-тапсырма (а)
Ш:(10+12)·3=66 (адам)-ересек адам
Ж:циркке 66 ересек адам барды.
Екінші топ- 5-тапсырма (ә)
Ш:(10+12)·3=66 (адам)-ересек адам
Ж:циркке 66 ересек адам барды
Үшінші топ- 5-тапсырма (б)
8·15+10·5=170 (орын)
Ж: циркте 170 орын бар
Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»
(Ө.Ж)Шығарып көр. 6-тапсырма Оқушыларға тапсырманы өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Олар жұппен және топпен жұмыс жасау кезінде алған дағдыларын бекітеді.Әр жұпқа параққа жазылған кесте таратылады. Оқушылар дәптерге кесте бойынша өрнек құрастырып, параққа жазылған кестеге тапсырманың жауабын жазады. Тапсырманы орындаған соң, жауаптарын жұпта салыстырады, тақтадан дұрыс жауаппен тексереді
және қажет болған жағдайда қатемен жұмыс жасаңыз.
520+(22:2)=531 45·3+300 = 435
16·3+120+160=328 600+25·5=725
Бұл өрнекте амалдардың орындалу тәртібін еске түсіріңіз.
Қосылғыш | 520 | 45·3 | 16·3 | 600 |
Қосылғыш | 22:2 | 300 | 120+160 | 25·5 |
Қосындының мәні | 531 | 435 | 328 | 725 |
«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру
7-тапсырма.Шығарып көр . Бұл тапсырманы жарыс түрінде ұйымдастырыңыз. Оқушылар есептеу дағдыларын бекітеді. Тақтаға 1, 2, 3-қатар (топ) деп жазып қойыңыз. Тапсырмаларды орындау барысында, оқушылар қолдарын көтереді, оны тексеріп, жұмысты орындап шыққан оқушы қай топтың оқушысы болса, сол топқа ұпай беріңіз. Барлығынан көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
790-49=741 564+29=593 443+39=482
790-499=291 564+299=863 443-39=404
348-19=329 247+39=286 443+399=842
«Бағдаршам» бойынша бағалаңыз
Өткенмен жұмыс.
Оқулықтағы 8 тапсырмалар өткен тақырыпқа қатысты жеке жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
(7·8+4):4+2=17 7·8+4:4+2=21
Рефлексия
«SMS» хабарламасын жіберу жаттығуын өткізіледі.Оқушыларға қағаздан жасалған ұялы телефоны бойынша, досына SMS – хабарламаны сабақтың өтуін бағалап, өзінің қаншалықты жақсы жұмыс жасағаны және қандай жаңалық білгені туралы, оны күнделікті өмірде қалай қолдануға болатыны туралы жазады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?