Есептеу. Қорытындылау /Кино және цирк. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


94-сабақ. Есептеу. Қорытындылау /Кино және цирк

Тақырып:Есептеу. Қорытындылау /Кино және цирк

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.2.2.2 көбейту және бөлу амалдарына берілген қарапайым теңдеулерді шешу; құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6;

х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.

3.1.2.7 кестеден тыс жағдайда мынадай көбейту мен бөлу амалдарын ауызша орындау: 17∙5; 96:6; 75:15; 84:4.

3.1.2.9.100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

қарапайым және құрылымы күрделі теңдеулерді шешеді, кестеден тыс жағдайдағы көбейту мен бөлу амалдарын ауызша орындайды.

Бірқатар оқушылар:

100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар:кестеден тыс көбейту мен бөлу амалдарына өрнектер құруды және өрнектерді бірнеше амалдармен шешуді, құрылымы күрделі теңдеулерді шешу амалдарын орындай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:өрнектерді бірнеше амалмен шешуді біледі.

Пәндік лексика және терминология:

теңдеу, құрылымы күрделі теңдеулерді шешу амалдары.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

–Егер теңдеулер күрделендірілсе, не істеу қажет?

–«Өрнекті жеңілдету» дегенді қалай түсінесің?

–Құрылымы күрделі теңдеуді қалай тексеруге болады?

Күрделі теңдеудің шешу амалдарын көрсет.

75:15, 96:6мынадай есептерді шығаруға қандай амалдарды қолдануға болады?

–Бір таңбалы сандарды көбейту мен бөлу кестесін жатқа білу, мұндай есептерді шығаруға көмегін тигізе ме?

Жазу:

Теңдеудің шешімін жазу, кестеден тыс көбейту мен бөлуді талқылау.

Тірек білім, білік, дағдылар

Теңдеуді шешу, кестеден тыс көбейту мен бөлу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру.

Цирк пен кино төңірегінде әңгіме жүргізеді. Өнердің бұл түрлері балаларға өте таныс әрі балалар оларды жақсы көреді. Оқушыларды сабаққа қосуға бағытталған ойын сәттері.

3-4 слайдтар

4-6

Белсендіру.

(Ұ.Ж) Есеп құрастыр.1-тапсырма ұжымда қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастырылады.Құрастырған есепке талдау жүргізіледі.Тапсырманы орындау арқылы оқушылар осы түрдегі есептерді шешу дағдыларын дамытады.

«Шапалақ» арқылы бағалау

(Ж.Ж) Есеп құрастыр.2-тапсырма жұпта қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастырылады.Құрастырған есепке талдау жүргізіледі.Тапсырманы орындау арқылы оқушылар осы түрдегі есептерді шешу дағдыларын дамытады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

5-слайд

6-слайд

7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Мұғалім балалардан алдағы суммативті жұмыс туралы сұрайды. Олардың бұл бөлімде не үйренгендерін естеріне түсіруін сұрайды. Нені меңгерді, нені меңгере алмады. Сабақтың мақсатын қоюды сұрайды:

- Суммативті жұмысқа дайындалу. Жекелеген қиындықтарды анықтау мен оларды жоюға тырысу.

12-29

Өздік жұмыс.

(Ө.Ж) Есепте.3-тапсырманы өздік жұмыс түрінде ұсынылады.Бөлуді орындап,дұрыстығын тексереді.Тапсырма жазылған қима қағаздарға жауабын жазып, орындап дұрыстығын тесереді.

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді.

– Кімде қандай қиындықтар туындады?

– Қай жерде қате жібердіңдер?

– Жіберілген қатенің себебі неде?

–Өздік жұмысты еш кедергісіз орындағандар, өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын құрыңдар.

Оқушыларды өз жұмыстарын бағалауға және түзетуге ынталандыру.

«Смайликтер» арқылы бағалау

(Ж.Ж)Теңдеуді шеш. 4-тапсырма жұпта орындалады. Күрделі теңдеулерді шешу үшін белгісіз компонентті тауып, белгісіз компонентті табудың ережесін қолданып,теңдеуді қарапайым теңдеу шыққанша ықшамдайды.Содан кейін белгісізді тауып, теңдеуді тексереді.Тапсырманы орындап болған соң,өзара тексеру жүргізіледі.Оқушылар жұмысы бағаланады.

x·(75:5)=30 x·(88:2)=88

«Шапалақ» арқылы бағалау

(Т.Ж) Орындап көр. 5-тапсырма топта ұйымдастырылады.

Бірінші топ- 5-тапсырма (а)

Екінші топ- 5-тапсырма (ә)

Үшінші топ- 5-тапсырма (б)

Топтарға есепті жазу үшін А3 форматты парақты таратылады. Оқушылардан бірінші тапсырмадағы есептің берілгенін оқиды.Топта есепке талдау жүргізеді. Оқушылар есеп бойынша шартын жазып,есепті шығарады. Тапсырманы орындаған соң, топтар А3 форматты парақта жазылған есептерінің шығару жолын тақтаға немесе қандай да бір қабырғаға іліп, сыныптағы барлық оқушыларға түсіндіреді.(Қиындық келтірген жұпқа көмек көрсету)

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

(Ө.Ж)Шығарып көр. 6-тапсырма Оқушыларға тапсырманы өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Олар жұппен және топпен жұмыс жасау кезінде алған дағдыларын бекітеді.Әр жұпқа параққа жазылған кесте таратылады. Оқушылар параққа жазылған кестеге тапсырманы орындайды. Тапсырманы орындаған соң, жауаптарын жұпта салыстырады және қажет болған жағдайда қатемен жұмыс жасату.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

7-тапсырма.Шығарып көр . Бұл тапсырманы жарыс түрінде ұйымдастырылады.Оқушылар есептеу дағдыларын бекітеді. Тақтаға 1, 2, 3-қатар (топ) деп жазып қойылады. Тапсырмаларды орындау барысында, оқушылар қолдарын көтереді, оны тексеріп, жұмысты орындап шыққан оқушы қай топтың оқушысы болса, сол топқа ұпай беріледі. Барлығынан көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

«Бағдаршам» бойынша бағалау.

Дәптер, оқулық

Қима қағаздар

А3 форматты парақ

Кесте

8-слайд

9-слайд

30-40

Өткенмен жұмыс.

Оқулықтағы 8 тапсырмалар өткен тақырыпқа қатысты жеке жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

7·8+4:4+2=17

7·8+4:4+2=21

Дәптер, оқулық.

41-45

Рефлексия.

«SMS» хабарламасын жіберу жаттығуын өткізіледі.Оқушыларға қағаздан жасалған ұялы телефоны бойынша, досына SMS – хабарламаны сабақтың өтуін бағалап, өзінің қаншалықты жақсы жұмыс жасағаны және қандай жаңалық білгені туралы, оны күнделікті өмірде қалай қолдануға болатыны туралы жазады.

10-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге жаңажылдық шығуларына қанша жұмсайды
» Лионель Месси сегізінші мәрте «Алтын доп» иегері атанды
» Адам ағзасымен алып сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Пікір жазу