Есептеу. Қорытындылау/Театр. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


93-сабақ. Есептеу. Қорытындылау/Театр

Тақырып: Есептеу. Қорытындылау/Театр

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.2.2.2 көбейту және бөлу амалдарына берілген қарапайым теңдеулерді шешу; құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6;

х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.

3.1.2.7 кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау.

3.1.2.9.100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

-қарапайым және құрылымы күрделі теңдеулерді шешеді, кестеден тыс көбейту мен бөлу амалдарын ауызша орындайды.

Бірқатар оқушылар:

-қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу ережесін түсіндіреді, қосындыны санға ауызша көбейтуді, 100 көлеміндегі сандарды көбейту мен бөлуді біледі.

Кейбір оқушылар:құрамында кестеден тыс көбейту мен бөлу амалдары бар өрнектер құруды және өрнектерді бірнеше амалдармен шешу, құрылымы күрделі теңдеулерді шешу амалдарын құруды біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар істей алады:

-құрылымы күрделі теңдеулерді шешу амалдарын құруды біледі.

Пәндік лексика және терминология:теңдеу, күрделі құрылымды теңдеулерді шешу амалдары.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

–Егер теңдеулер күрделендірілсе, не істеу қажет?

–«Өрнекті жеңілдету» дегенді қалай түсінесің?

–Құрылымы күрделі теңдеуді қалай тексеруге болады?

–Құрылымы күрделі теңдеудің шешу амалдарын көрсет.

75:15, 96:6мына есептерді шығару үшін қандай ережелерді қолданған жөн?

Бір таңбалы сандарды көбейту мен бөлу кестесін жатқа білу, бұндай есептерді шығаруға көмегін тигізе ме?

Жазу:

Теңдеудің жауаптарын жазу, кестеден тыс көбейту мен бөлудегі толық талқылау.

Тірек білім, білік, дағдылар

Теңдеулерді шешу, кестеден тыс көбейту мен бөлу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру.

Театр және оның түрлері туралы әңгіме.

Теа́тр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) –сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлердің қатысуымен бейнелейтін бір түрі.Театрдың ерекшелігі: шындықтың, текетірестің, мінездің бейнесін бере алуы, сонымен қатар олардың қойылымдары көрермен тарапынан бағалануын, әртүрлі идеялардың драмалық әрекетпен жүзеге асыруы. Ал оның бәрін бейнелейтіндер – театр әртістері.

Драма, опера және балет, қуыршақ театры және т.б. театрлар бар.

Барлық уақыттарда театр ұжымдық өнер түсінігімен белгілі болып келеді; заманауи театрда спектакльді жасауға әртіс мен режиссердан (дирижер, балетмайстер) бөлек, суретші-сценарист, композитор, хореограф, сонымен қатар бутафорлар, костюмерлер, гримерлер, сахна қызметкерлері, жарық берушілер қызмет жасайды.

Әртүрлі спектакльдер-дің фотосуреттері.

3-слайд

4-6

Белсендіру.

1-тапсырма балалардың арасында кімдердің театрды жақсы көретінін біліп, олардың театрдың қай түрін ұнататынын анықта. Есепте және жауабын тап.

Оқушылар өрнектің мәнін бірнеше жолмен табады. Оларды компоненттердің атауын пайдалана отырып, міндетті түрде оқу қажет.

Компоненттерінің атауын және өрнекті оқу ережесін тақтаға ілуге немесе презентацияны пайдалана отырып қайталауға болады.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Оқулық.

7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Мұғалім оқушылардан сабақтың мақсатын тұжырымдауды сұрайды.

Суммативті жұмысқа дайындалуды, өткен тақырыптарды қайталауды, әрбір оқушының білімінде қандай кемшіліктер бар екенін анықтап, оны түзетеді.

12-29

Өздік жұмыс.

Оқулық бойынша №2,3. Тапсырмалар орындалады.

Бұл кестеден тыс көбейтудің теңдеуі. Өзін-өзі тексеру үшін үлгі ұсыныңыз. Әрбір оқушы өз қатесін өзі табуы қажет.

(Ж.Ж) 2-теңдеу. Бұл тапсырмада қарапайым және құрылымы күрделі теңдеулерді шешеді, кестеден тыс көбейту мен бөлу амалдарын ауызша орындайды.

x+454+45=750 x-360=20·9

x·3=1000-340 x:40=36:18

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

(Ө.Ж) 3-тапсырманы өз бетінше орындайды.Тапсырмада әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.тапсырманы орындап болғаннан кейін сандықшадан шыққан жауаптар арқылы жұмыстарын тексереді және бағалайды.

550:5= 808:4= 18·2= 999:3=

140:7= 306:3= 60·5= 369:3=

440:20= 420:2= 17·3= 482:2=

8-12 ұпай- «Өте жақсы»

5-7 ұпай- «Жақсы»

4-1 ұпай- «Талпын» деп бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау

Мұғалім амалдардың дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындықтар туындады?

– Қай жерде қате жібердіңдер?

– Жіберілген қатенің себебі не?

– Өздік жұмысты қиындықсыз жасаған оқушылар, өз іс-әрекеттеріңнің мақсатын ұйымдастырыңдар.

(Ұ.Ж) 5-тапсырма. Бұл тапсырманы ұжымда орындайды.Сызба бойынша есеп құрастырып,есепті шығарады.

а) 1-күні -160 билет

2-күні -?,2 есе артық810 билет

3-күні -?, билет

ә) 1-кітапта -340 бет

2-кітапта -?, 2 есе кем

«Басбармақ» арқылы кері байланыс

6-тапсырма.Бұл тапсырма кестеден тыс көбейту және бөлуді есептеу дағдыларын жаттықтыруға бағытталған.

36:3=12 48:2=24 84:4=42 56:4=14 121·3=363

41·2=82 33·3=99 23·3=69 96:6=16 428:2=214

639:3=213 248:2=124 82:2=41 51:3=17 69:23=3

122·3=366 442·2=884 214·2=428 39:3=13 48:4=12

7-тапсырма.

а) 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

Қосылғыш

630

52·2

18·3

700

Қосылғыш

36:3

300

120+360

25·4

Қосындының мәні

642

404

534

800

ә)

Азайғыш

50·3

650

760

90·9

Азайтқыш

80

120:6

20+30

400

Айырманың мәні

70

630

710

410

8-тапсырма.Бұл тапсырма кестеден тыс көбейту және бөлуге берілген теңдеуді шешуді жаттықтыруға бағытталған.Көбейту мен бөлудің компоненттерін табудың ережелері туралы білімін,үш таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту және бөлудің кестеден тыс тәсілдерін қолдану керек.

х·30=1000-160 880:у=535-491 а-45=389-254

Қиындықты түзету.

Дәптер, оқулық

4-слайд

5-слайд

6-7-слайдтар

30-40

Өткенмен жұмыс.

Мұғалім оқушының деңгейіне қарай жеке тапсырмалар береді. №4–9 тапсырмалар суммативті жұмысқа дайындалуға, өткен сабақты қайталауға мүмкіндік береді.

Өздік жұмыс.

Санды қосындыға жіктеп,есепте.

390:6=

750:5=

630:6=

23∙2=

230∙2=

19∙5=

Кейбір оқушылар санды қосындыға жіктеудің әртүрлі әдістерін ұсынады. Бұл барынша тиімді. Ең бастысы, олар өз әдістерінің тиімділігін дәлелдеулері керек.

Бөлшектер мен суреттерді біріктір. Суреттерді пайдаланып, үлестерді салыстыр. Оларды өсу ретімен жаз.

Мен:

  • қосындыны санға көбейту ережесін қолданып, кестеден тыс жағдайда ауызша көбейту амалын орындауды;
  • қосындыны санға көбейту және бөлу ережелерін қолданып, кестеден тыс бөлу амалын ауызша орындауды;
  • суреттер бойынша үлестер мен бөлшектерді оқуды және салыстыруды білемін.

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесі.

Дәптер, оқулық.

41-45

Рефлексия.

– Сабақтың басында біз алдымызға қандай мақсаттар қойдық?

– Осы мақсаттарыңызға жете алдыңыздар ма?

– Қиындықтуындадыма?

– Солқиындықтардыжеңеалдыңыз ба?

– Бүгінгісабақнесіменқызықтыболды?

Өз жұмысын жетістік жолағымен бағалауды ұсынады.

Жетістік жолағы.

Математикалық диктант.

Есептеудің нәтижесін тармақтап жаз:

1. 16 мен 5 сандарының көбейтіндісінің мәні ... тең .

2. 96 санының 6-ға бөліндісінің мәні ....тең.

3. 14 саны 84-тен неше есе кіші?

4. 27 санын 3 есе арттыр.

5. 85 санын 5 есе кеміт.

6. 77 саны 11 санынан неше есе артық?

7. Қандай сан 41санынан 2 есе артық?

8. 20 мен 3 сандарының көбейтіндісі 21 мен 2 сандарының көбейтіндісінен қаншаға артық?

9. 96 саны шығу үшін 12-ні қандай санға көбейту керек?

Жауаптары:

80, 16, 6, 81, 17, 7, 82, 18, 8.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге жаңажылдық шығуларына қанша жұмсайды
» Лионель Месси сегізінші мәрте «Алтын доп» иегері атанды
» Адам ағзасымен алып сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Пікір жазу