Қосу амалындағы тәжірибелер. Ондықтан аттап қосу. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2B бөлім: Сандарды қосу және азайту

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т.

Сынып: 1В

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Қосу амалындағы тәжірибелер. Ондықтан аттап қосу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2 Сандармен операциялар

 Сабақтың мақсаттары

20 көлемінде бір таңбалы сандардың жұптарын құру

 Жетістік критерийлері

Есептеудің нақты қадамдарын көрсете отырып, ондықтан аттап қосу амалын дұрыс орындай алады.

 Сөздік қор

 

Онға дейін толықтыру, санды бөліктерге бөлу, қосу, мысал, өрнек, өрнектің мәні.

 Құндылықтарды дарыту

Өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

«Ормандағы қанша үкі бар?» тапсырмасын орындау барысында Ғылымға кіріспе пәнімен байланыс жүзеге асады. Оқушылардан үкі жайлы сұрастырып, содан соң қысқа мәлімет беру.

Алдыңғы меңгерілген білім

Бір таңбалы санадарды қоса алады, 20 көлеміндегі бір таңбалы сандардың жұбын құрастыра алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ, МК, ЖЖ) 1) Ұйымдастыру кезеңін өткізу.

2) Оқушылармен 10 санының құрамын қайталау.

3) Оқушыларға 6+4, 7+3, 8+5 мысалдарын шығаруды ұсыну. Қай мысал қиындық тудырғанын сұрау. Осы мысалды шығару тәсілін табу қажеттігін айту, оқушылар сан түзуін қолдануды ұсынуы мүмкін. Олай болса, мүмкіндік беру. Жұп болып мысалды шешу жолын қайталау үшін берілген мысалдарды сан түзуінің көмегімен шығаруды ұсыну. Оқушылар қай тәсілді қолданғанын анықтау (бір-бірден санау).

Оқушыларға сабақта бір таңбалы сандарды бөліктері бойынша қосу тәсілін үйренетіндерін хабарлап, ОМ анықтап алу.

Сабақтың ортасы

, МК, ЖЖ) Тақтамен жұмысты жалғастыру. Оқушыларға сұрақтар қою:

- Жоғарғы қатарда неше торкөз бар? Төменгі қатарда ше?

-Мысалдағы бірінші санды атаңдар (8). Тақтада оны 8 жасыл дөңгелекпен бейнелейміз.

- Мысалдағы екінші санды атаңдар (5). Тақтаның төменгі қатарына оны 5 қызыл дөңгелекпен бейнелейміз.

-8 жасыл дөңгелекке 5 қызыл дөңгелекті қалай қосуға болады?

Оқушылардың жорамалдарын тыңдау. Алдымен 8 санын онға дейін толықтырып алатынын хабарлау. Оқушыларға келесі сұрақтарды қою:

-Жоғарғы қатарды 10-ға дейін толықтыру үшін неше дөңгелек жетпейді? ( 2)

- Бұл екі дөңгелекті қайдан алуға болады? (төменгі қатардан)

- Төменгі қатарда неше дөңгелек қалды? (3)

-Жоғарғы қатарда 10 дөңгелек, төменгі қатарда 3 дөңгелек. Барлығы неше дөңгелек? (13)

-Егер, 8-ге 5-ті қосса, неше болады? (13)

Оқушыларға берілген мысалдың шешімін тақтаға жазуды ұсыну.Берілген мысалдың шешімін айтып беру:

-Біз 8-ді 10-ға дейін толықтырып жатқанымызды ұмытып қалмас үшін, олардың төменгі жағына дөңгелектерді салып, толықтыру сандарын жазамыз. Сызу арқылы толықтыруды белгілеп, 5 санының қаншасы қалғанын көрсетеміз. Мынадай жазба шығады:

8+5 = 8+2+3=13

2 3

Оқушылармен бірге сандарды ондықтан аттап қосу алгоритмін тұжырымдауды орындап көруді ұсыну. Мысал ретінде мына сандарды қосуды көрсету: 7+9

-1 қадам. 10-ға дейін толықтыратын бірінші санды табамын.

3 саны 7-ні 10-ға дейін толықтырады.

-2 қадам. Екінші санды тиімді бөліктерге бөлемін. 9 санын қосуға ыңғайлы 3 және 6 деп бөліктерге бөлемін.

-3-қадам. Бірінші санды 10-ға дейін толықтырып, қалған бөлікті қосамын.

7+3+6=10+6 =16

Оқулық бойынша осы қорытындыны бекіту.

Сергіту сәтін өткізу.

Оқулық бойынша жұмыс жүргізу.

1.Орманда қанша үкі бар? Оқушылардан үкі жайлы сұрастырып, қысқа мәлімет беріп, тапсырманы орындауды ұсыну.Тапсырма бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу тәсілдерін тиянақтауға бағытталған. Оқушыларға заттық суреттерді, сан түзуін, тақтадағы нүктелерді және бір таңбалы сандарды пайдаланып, ондықтан аттап қосудың жазбаша тәсілін ұсыну.

2.Мысалдың шешімін түсіндір. Тапсырмада бір таңбалы сандарды ондықтан аттап, қадам арқылы қосуды орындау шеберлігі пысықталады. Оқушыларға тапсырманы жұпта орындауды ұсыну. Олардың талқылауына көңіл аудару.

3.Шығарып көр. Оқушыларға Сабинаның 4 жылдан кейін жасы нешеде болатынын анықтау қажет.

Тапсырманың шешімін оқушылармен талқылау. Оқушылардың назарын Сабинаның жасына аудару. Сабина олармен жасты және төрт жылдан кейін олар да сол жаста болатынына назар аударту.

4.Орындап көр. Оқушыларға суреттерді қарап, нүктелердің қосындысы 12-ні құрайтын екі кеспеқағазды таңдап алуды ұсыну.

(Ұ,Ө) Он көлеміндегі сандардың құрамын қайталау үшін «Карусель» ойынын ойнату. Оқушыларға 1 және 2 сандарын кезекпен атауды ұсынып, ішкі және сыртқы шеңберге атаған санына сәйкес жиналуды ұсыну. Бір таңбалы сандарды он көлемінде қосуға арналған мысал жазылған кеспеқағаздар дайындау. Қоңырау соғылған соң ішкі шеңберде тұрған оқушылар сыртта тұрғандарға кеспеқағаздағы мысалды көрсетіп, жауабын күтеді. Сыртқы шеңбердегілер мысалды шығарып, жауабын айтады да бір адым аттап, келесі мысалды шығарады

Дәптерде жұмыс орындау.

1.Мысалдарды шығар. Берілген дөңгелектер арқылы мысалдарға сәйкес келетін суреттер салып көрсет, оларға суреттер сал. Тапсырма түрлі түсті қарындаштардың көмегімен орындалады. Жұмыс парағына сурет түрінде берілген тапсырмасындағы дөңгелектерді бояу қажет. Оқушылар бірінші санға сәйкес дөңгелектер санын бір түсті қарындашпен, мысалдың екінші санына сәйкес дөңгелектерді басқа түспен бояуы тиіс. Оқушылар суреттің көмегімен ұсынылған мысалдың шешімін таба алады.

2.Сан түзуін қолданып, мысалдарды шығар.

Оқушылар мысалдарды сан түзуінің көмегімен шығара алады.

3.Сандарды қос. Оқушылар қосуды орындап, екінші бөліктерін қосуға ыңғайлы бөліктерге бөліп, шығарған мысалдарды белгілейді. Олар бос шаршыларға жауаптарын жазады. Содан кейін өз мысалын құрастырып, оларды шығарады.

Жабдықтар тақтасы, геометриялық фигуралар (8 жасыл дөңгелек, 5 қызыл дөңгелек), мысал шешімін көрсетуге арналған сан түзуі, 1-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған кеспеқағаздар

Сабақтың соңы

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін келесі сұрақтарды қою:

-Сендердің алдарыңда төрт мысал берілген. Осылардың арасынан жаңа тәсілмен шығарылатынын табыңдар:

8+2, 7+5, 7+1, 9+8.

- Бір таңбалы сандарды бөліктері бойынша қосуды қалай орындауға болады?

- 1- қадам қандай?

- 2- қадам қандай?

- 3- қадам қандай?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қиналатын оқушыларға ондықтан аттап қосуды түсіну үшін, қасына барып жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету. Сонымен қатар сан түзуін қолдануды ұсыну. Тақырыпты жақсы меңгеріп, талқылауға жақсы қатысып отырған оқушыларды қиналатын оқушылармен жұптастырып, біріншілердің көшбасшылық қабілеттерінін ашылуына мүмкіндік туғызу.

Тақырыпты түсіндіріп, талқылау жүргізгенде, өзіндік жұмысты орындату мен «Карусель» ойынын ойнату барысында оқушыларды бақылау арқылы бағалау. Жауап беріп талпынған оқушыларды «жарайсың», «жақсы», «өте жақсы» деген мадақтау сөздер айтып бағалау. «Сандарды қос» тапсырмасын дәптерде орындап отырған кезде, оқушылардың жұмыстарына қарай, «көңілді смайл» партасына қалдырып кетіп бағалау.

Сергіту сәттерін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу