Өнерлі бала сүйкімді. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім «Өнер»

Күні:

Сынып: 3

14-сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өнерлі бала сүйкімді

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.4.Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.3.4.1. мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан?қайда?) құрастыру және оған жауап беру

4.2. Тыңдаған /оқыған материалдың мазмұнын жазу

3.4.2.1. оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мұғалімнің қолдауымен тірек сөздерді қолданып мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырады

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтін мазмұны мен кейіпкерлердің іс-әркетіне қатысты сұрақтар құрастырады

Оқушылардың кейбірі:

тірек сөздерді қолданып мәтін мазмұны мен кейіпкерлердің іс-әркетін жазбаша түрде сипаттай алады.

Бағалау критерийлері

  • Сұрақтар мен жауаптар құрастырады
  • Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазады

Лексикалық минимум

Сахна, киелі

Грамматикалық минимум

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем

Құндылықтарды дарыту

Мәдени өнерді дәріптеу

Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу өнері

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

5-бөлім «Өнер». Зергерлік бұйымдар №13

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

«Сиқырлы сөздер» ойыны

Мұғалім кез-келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек.

Мысалы: Жансая, кітапты бер. «Жансая, өтінемін кітапты берші»

Ой шақыру

(Ұ) Суретке назар аударайық.

- Балалар, бүгін қандай тақырып бойынша жұмыс жасаймыз?

Сабақтың тақырыбын болжау

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Сұрақтар мен жауаптар құрастырады;
  • Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазады.

 Слайд

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Оқылым алды тапсырмасы

Жаңа сөздерді меңгерту

Берілген жаңа сөздерді сәйкестендір

Жаңа сөздер

Сәйкестендіру

Киелі

Сахна

қасиетті

(Ұ) Оқылым тапсырмасы

Тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқы.

Өнер киелі ұғым. Ән айтып, күй тартса, сурет салса – бұл да өнер. Менің Санжар деген досым бар. Санжардың дауысы керемет. Ол вокал үйірмесіне қатысады. Мектеп сахнасында жиі өнер көрсетеді. Сахна - досым үшін үлкен бір әлем. Бар уақытын сахнада өнер көрсетуге арнайды.

Тапсырма:

1. Мәтінге ат қой.

2.Мәтіннің негізгі идеясын 1-2 сөйлеммен жаз.

3. «Керемет» деген сөзді қалай түсінесің?

Дескриптор:

  • Мәтінге ат қояды;
  • Мәтіннің идеясын анықтайды;
  • «Керемет» деген сөзіне түсініктеме береді.

Кері байланыс. «Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіледі.

  • Ж) Оқылымнан кейінгі тапсырма:
  • тапсырма: Берілген сұрақтарға жауап бер.
  • Мәтін не туралы?

_____________________________________

  • Кейіпкер жайында не айта аласың?

_____________________________________

  • «Сахна» сөзінің мағынасын түсіндір.

_____________________________________

2-тапсырма: Кестеде берілген тірек сөздерді қолданып сөйлем құрастыр.

Тірек сөздер:

Сөйлем

киелі сахна

өнер иесі

бос уақытта

пайдалы өткізу

ән айтады

сурет салады.

Кері байланыс. «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі.

Сергіту сәті:

Оқушылар жаттығуды экранға қарап орындайды

(Ж) Жазылым

Тапсырма: Суреттерге қарап «Біздің сахна» деген тақырыпта 3-4 сөйлеммен өз ойыңды жаз.

Дескриптор:

-сурет бойынша өз ойын 3-4 сөйлеммен жеткізеді.

Кері байланыс: Тапсырма орындауда не қиын болды?

Слайд

 

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=pMvxkWVgMMw

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Өнер тақырыбында 2 мақал-мәтел жаттап келу.

Слайд

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу