Ол – ұқыпты оқушы № 4. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ол – ұқыпты оқушы № 4

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

3.​1.​2.​1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну.

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.​4.​1.​1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Тыңдаған мәтіндегі сөздер мен сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен мәтін құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады, тірек сөздерді, сызбаларды қолданып мәтін құрастырады.

Оқушылардың кейбірі:

Оқыған мәтіннің негізгі ойын түсінеді, мәтін құрастыруда тірек сөздерді орынды қолданады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Бағалау критерийлері

- шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын түсінеді;

- тірек сөздер арқылы мәтін құрастырады

Лексикалық минимум

Ұқыпты, өз, кешік

Грамматикалық минимум

Жіктік жалғауы

Мен ұқыпты+мын. Мен кешіг+е+мін

Құндылықтарды дарыту

Ұқыптылық, жағымды әдеттер туралы түсініктері кеңейеді

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

ІІ бөлім. Әлібек – әдепті бала № 3

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Ертеңгілік шеңбер: «Әдепті бала»

Оқушылар өткен сабақты естеріне түсіріп, кезекпен сөйлемді жалғастырады «Мен әдепті баламын, себебі...». Жауаптары: үлкендерді сыйлаймын, құрметтеймін, сәлемдесемін, т.б.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

- шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын түсінемін;

- тірек сөздер арқылы мәтін құрастырамын

Таныстырылым

№ 1

Таныстырылым

№ 2-3

Сабақтың ортасы

(30 мин)

(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: ұқыпты, өз, кешік.

1. Осы сөздердің мағыналарын сурет арқылы, анықтама беру арқылы меңгерту

Ұқыпты – құралдарын, киімдерін таза ұстайтын тәртіпті бала

Өз - өз үйі, өз мектебі, өзі жинайды, өзі жазады

Кешігу - сабаққа кешігу, қалып келу

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;

- дұрыс айтуға дағдыланады: ұқыпты – ұқұптұ, кешігу кешігүу

3. Сөйлемдер құрастыру.

Ақжан – ұқыпты оқушы. Бүгін Айдар сабаққа кешікті. Мен өз бөлмемді жинадым.

5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.

Тыңдалым.

Тыңдалымалды тапсырмасы:

- Балалар, мына суретке қарап, айтыңдаршы қандай балаларды көріп тұрмыз? 3-4 баланың жауабы тыңдалады, жауаптарын дәлелдейді. Таныс емес сөздерге түсініктеме беріледі.

Ұқыпты/ұқыпсыз бала

(Ө) Тыңдалым тапсырмасы

Мәтінді екі рет тыңдайды.

Әлібек - ұқыпты бала. Ол сабаққа кешікпейді. Әлібектің кітап, дәптерлері таза. Өз бөлмесін жинайды. Киімдерін бүктейді, кітаптарын сөреге реттеп қояды. Жалқаубек – ұқыпсыз бала. Ол үнемі сабаққа кешігеді. Кітап, дәптерлері жыртық, лас.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

  • Әлібек – қандай бала?
  • Оның кітап, дәптерлері қандай?
  • Ол өз бөлмесін жинайды ма?
  • Киімдері мен кітаптарын қалай жинайды?
  • Анасы Әлібекке неліктен риза болды?

Жауап беріп болған соң, мұғалім оқыған дұрыс нұсқаумен тексереді. Өз-өздерін бағалайды.

  • Мен өте жақсы түсіндім.(5 балл)
  • Мен жақсы түсіндім.(4 балл)
  • Мен орташа түсіндім.(3 балл)
  • Мен дұрыс түсінген жоқпын.(2 балл)
  • Мен мүлдем түсінген жоқпын.(0-1 балл)

(Ө) Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Берілген сөйлемдерге «иә»() немесе «жоқ»(×) деп жауап береді.

Әлібек – ұқыпты бала

Ол сабаққа кешігеді

Киімдерін бүктейді

Кітаптарын сөреге реттеп қояды

Өз бөлмесін жинамайды

Жалқаубек – ұқыпты бала.

Ол үнемі сабаққа кешікпейді.

Кітаптары жыртық, лас.

Дескриптор:

- мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтайды;

- мәтін мазмұнына сәйкес емес сөйлемдерді анықтайды

Сергіту сәті

Аю, аю тұршы                            Беті қолынды жушы                 Айнаға қарашы                         

Шашынды тарашы.                  

(Ұ) Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді оқиды және «Кофе таяқшалары» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.

Біздің мектепте «Сыныптағы ең ұқыпты оқушы» байқауы болды. Әділқазылар біздің кітап, дәптерімізді тексерді.

Әлібек «Сыныптағы ең ұқыпты оқушы» байқауының жеңімпазы болды. Ол өте ұқыпты. Ол кітаптарын өзі қаптайды. Інісіне көмектеседі. Оның сөмкесін көтереді. Сабаққа кешікпейді.

1. Мектебіңде «Сыныптағы ең ұқыпты оқушы» байқау бола ма?

2. Сыныптағы ең ұқыпты оқушы – кім? Неліктен?

3. Сенің кітап, дәптерлерің таза ма?

«Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

(Т) Жазылым. Оқушылар 2 топқа бөлінеді: Әлібек және Жалқаубек. Әр топ өз кейіпкерлерін сипаттап жазады. Сыртқы қасиеттері сыртына, ішкі қасиеттері ішіне жазылады.

«Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

  • Жеңіл болды
  • Ойландырды
  • Қиын болды

Жазбаша комментарий алу үшін дәптерлерін мұғалімге өткізеді.

(Т) Айтылым. «Кім – ұқыпты оқушы?» ойыны. Текшені кезекпен лақтырып, тақта бетіндегі сурет бойынша ұқыпты оқушыны атайды. Бір минуттың ішінде қай топ көп әрі дұрыс атаса, сол жеңіске жетеді.

Таныстырылым

№ 4-5

Ұқыпты

Кешігу

Таныстырылым

№ 6

Таныстырылым

№ 7

Таныстырылым

№ 8

Таныстырылым

№ 9

Таныстырылым

№ 10

Таныстырылым

№ 11-12

Таныстырылым

№ 13

Сурет оқулықтың 47 бетінде берілген

Сабақтың соңы

(5 мин)

Рефлексия: «Ой бұлты» әдісі.

- Ал балалар осы сабақтан не үйрендік? - Өздеріңе қандай ой түйдіңдер? - Кімнен үлгі алар едіңдер? Топқа ақ парақ беріледі. Топ мүшелері бірлесіп, сабақта өткен тақырып бойынша сөздер мен сөз орамдарын қағазға түсіреді.

Үй жұмысы (деңгейлеріне қарай):

1. Оқулық, 45 бет, 2-тапсырма. Жазбаша орындау.

2. Өлең жаттау

Мен ұқыпты баламын,

Орнында кітап, қаламым.

Салып алып сөмкеме,

Мектебіме барамын.

Таныстырылым

№ 14

Таныстырылым

№ 15

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу