Ұқыпты оқушы № 4. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұқыпты оқушы № 4

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту

3.​2.​5.​1* оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Оқыған мәтін бойынша қарапайым сөйлемдермен пікірін білдіреді, мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауларын дұрыс байланыстырады.

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады, ауызша және жазбаша сөйлеуде жіктік жалғауларын дұрыс байланыстырады.

Оқушылардың кейбірі:

Оқиғаға қатысты өз ойын айтады, дәлелдейді, ауызша және жазбаша сөйлеуде жіктік жалғауларын орынды қолданады.

Бағалау критерийлері

- мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады;

- ауызша және жазбаша сөйлеуде жіктік жалғауларын дұрыс байланыстырады.

Лексикалық минимум

Ұқыпты, ереже, кешігу

Грамматикалық минимум

Жіктік жалғау

Мен ұқыпты+мын

Құндылықтарды дарыту

Ұқыптылық, жағымды әдеттер туралы түсініктері кеңейеді

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

І бөлім. Жалқау болмаймын № 3

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Қызығушылықты ояту.

«Қарлы кесек» ойыны. Оқушылар мұғалім бастап айтқан сөзді жалғастырып, өткен сабақтардағы сөздерді айтып тізбек жасайды.

Оқушылар сабақтың мазмұнын болжайды. «Ұқыпты» деген сөзге ассоциацияларын айтады, өз ойларымен бөліседі. Ұқыпты бала қандай болу керек? деген сұраққа жауап береді.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

- мәтіндегі оқиғаға қатысты ойымды айтамын;

- жіктік жалғауларын дұрыс байланыстырамын.

Таныстырылым № 1

Таныстырылым № 2-3

Сабақтың ортасы

(30 мин)

(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: ұқыпты, ереже, кешігу

1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, суреттері арқылы меңгерту

Ұқыпты - құралдарын, киімдерін таза ұстайтын тәртіпті бала

Мен ұқыпты+мын, сен ұқыпты+сың, сіз ұқыпты+сыз, ол ұқыпты.

Ереже – заң, қағида.

Кешігу – уақытында келмеу

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;

3. Сөйлемдер құрастыру.

Жол жүру ережелері, ойын ережелері. Ережені сақтау. Ұқыпты оқушы. Сабаққа кешігу, көп кешігіп келу.

4. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.

) Оқушылар мәтінді «мен» сөзін өзгерте отырып оқиды.

Бүгін мен ерте тұрдым. Мен анам оятты. Мен тез тамақтандым, оқулықтарымды жинадым, ережені қайталадым. Киіндім, үйден шықтым.

Кенет жолда көрші әжені көрдім. Ол сөмкесін көтеруді өтінді. Әжені жолдан өткіздім, үйіне апардым. Әже мен риза болды. Аялдамаға таяғанда, мен автобусым жүріп кетті. Мен үлгермедім. Сөйтіп, сабаққа кешіктім.

(Ұ) Сұрақтарға жауап береді:

  • Оны кім оятты?
  • Жолда кімді көрді?
  • Не себепті ол сабақтан кешікті?

(Ө) Мен, менің, маған, мені сөздерімен сөйлемдер құрастырады.

Дескриптор:

  • мәтінді жіктеу есімдіктерін түрлендіре отырып оқиды;
  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • берілген сөздермен сөйлемдер құрастырады;

сөйлемнің құрылымын сақтайды

Сергіту сәті

Ақ қоян-ау, ақ қоян,Бетіңді жушы,Қолыңды сүртші,Айнаға қарашы,Шашынды тарашы,Киіміңді киші,Мектепке қарай жүрші,Орныңа отыршы,Сабағыңды оқышы

(Ж) Оқушылар оқыған мәтін негізінде кестені толтырады. Жұптар жасаған жұмыстарымен ауысып, бір-бірінің жұмысын тексереді, өз ойын білдіреді. Өз ойын айтуда «менің ойымша, менің пікірімше», «себебі» сөздерін қолданады.

Мәтінге атау қой.

Мәтіндегі негізгі тірек сөздер

Кейіпкер бейнесі

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателерім болды.

- тапсырманы орындау маған қиын болды.

(Ж) «Келісемін/ келіспеймін». Оқушылар оқыған мәтіндегі кейіпкердің бейнесіне қатысты тұжырымдар бойынша өзінің келісетін/ келіспейтіндігін айтып, өз пікірін дәлелдейді. Оқушыларға сөйлеу үшін шаблон ұсынылады.

Мен бұл сөйлеммен келісемін/ келіспеймін.

Себебі ........

Менің ойымша, .....................................

Тұжырымдар:

  • Кейіпкер – ұқыпты бала
  • Кейіпкер – мейірімді бала

Дескриптор:

  • өз пікірін білдіреді;
  • өз пікірін дәлелдейді;

Кері байланыс: Не қиын болды? Неліктен?

Таныстырылым № 4

Ұқыпты

Ереже

Сабаққа кешігу

Таныстырылым № 5

Таныстырылым № 6

Таныстырылым № 7

Таныстырылым № 8

Таныстырылым № 9

Таныстырылым № 10

Таныстырылым № 11

Сабақтың соңы

(5мин)

Рефлексия: «Алма ағашы»

Оқушылар түрлі-түсті алмаларды (стикерлерді) ағашқа жабыстырады.

Қызыл алма – бәрі түсінікті

Жасыл алма – сұрақтарым бар

Сары алма – түсініксіз

Үй жұмысы:

Ұқыпты оқушы туралы шағын әңгіме жазу.

Таныстырылым № 12

Таныстырылым № 13

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу