Жыл басына таласқан хайуанаттар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Жыл басына таласқан хайуанаттар

Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері:

Г.Т.Жакупова, А.Н.Баримбекова

Сабақтың мақсаты:

1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну.

1.1.5.1 Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

Бағалау критерийлері:

Тыңдалым материалының мазмұнын түсіне алады;

Мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;

Түсінгенін қимыл-қозғалыс, қысқа жауап арқылы білдіреді.

Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты.

— Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын.

— Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, алыс жерлерге барамын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан жеп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.

— Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.

— Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып, киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт-май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ.

— Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап, иеме хабар беремін

.

— Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.

Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

        

Менен бұрын кім көреді?

Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты.

Түйе бойына сеніп құр қалыпты.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу