Жыл басына таласқан хайуанаттар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, дидактикалық материал.


1-тапсырма. Сөйлемдердің ретін анықта.

  • Ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты.
  • Жылды бірінші болып тышқан көреді.
  • Жануарлардың барлығы жыл басы болғысы келді.
  • Түйе бойына сеніп құр қалады.
  • Тышқан түйенің өркешіне шығып отырады.
  • Хайуандар жылдың басы болуға таласыпты.

2-тапсырма. Сұраққа жауабыңды жаз.

Қандай жануар жыл басы болады? ...................................................................................................................................................................................

..................................................................................................................................................................................

3-тапсырма. Жануарларды атап жаз.

4-тапсырма. Cуреттер мен сөйлемдерді сәйкестендір.

Адам егін егеді, сүтімді ішеді, құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.

Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын.

Мен алыс жерлерге барамын, шөлде жүре беремін.

Жылды қарап тұралық та кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

Мен алысты жақын қыламын. Сүтімнен қымыз жасайды.

Мен үріп, абалап, иеме хабар беремін.

Жүнімнен киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі.

5-тапсырма. Ертегіні мәнерлеп оқы.

Жыл басына таласқан хайуандар

Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы айтыпты:

         — Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.

         Түйе айтады:

         — Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.

         Сиыр айтады:

         — Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.

         Қой айтады:

         — Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып, киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт-май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ.

         Ит айтады:

         — Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап, иеме хабар беремін.

         Тауық айтады:

         — Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.

         Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке айтады:

         — Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

         Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп: «Менен бұрын кім көреді?», – деп, тышқанның сөзін қостайды. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады. Көп хайуан таласып: «Біз көреміз, біз көреміз», – деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқанды көріп, еш нәрсе демепті.

         Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріпті де, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты.

СӨЗДІК

жылдың басы – начало года

талас – спор

таласыпты – поспорили

хайуандар – животные

пайдалы – полезный

қулық – хитрость

бәрінен бұрын – раньше всех

құр қалыпты – остался ни с чем



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу