Таңдау операторы. Информатика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Программалық тілді пайдалана отырып шығаруға тапсырмалар

Практикалық тапсырма.

1. Берілген ай номеріне (m ) сәйкес экранға жыл мезгілін шығарыңыз.

2. D саны енгізіледі, осы санға сәйкес келетін апта күнін экранға шығару қажет. Еске ұстаңыз: әрбір айда 31 күн болсын, және айдың 1 – дүйсенбі.

3. Үш түрлі сан пернетақтадан енгізілген. Олардың арасындағы ең үлкенін және ең кішісін анықтаңыз.

4. Квадрат теңдеудің түбірін анықтау қажет. Егер түбірі болмаса, онда ол туралы хабарды басып шығару керек. Әйтпеген жағдайда, дискриминанттың мәніне сай 1 немесе 2 түбірін анықтау керек.

ҚОСЫМША

  • Бүтін сан берілген. Егер бұл оң болса, оған 1-ді қосыңыз, әйтпесе одан 2-ні алып тастаңыз. Табылған нәтижені шығарыңыз.
  • 2 сан енгізіңіз. Егер олардың көбейтіндісі теріс болса, оны 2-ге көбейту қажет, әйтпесе нәтижені 1,5 есе арттырып көрсетіңіз.
  • Сан берілген. Егер сан жұп болса, оны 4-ке бөліңіз, ал егер тақ болса, 5-ке көбейтіңіз.
  • Адамның бойын енгізіңіз. Егер бойы 180 см-ден жоғары болса, «Ұзын бойлы» және басқаша жағдайда «Ұзын бойлы емес» деген хабарлама шығарыңыз.
  • Адамның жасын сұрайтын программа жасаңыз, егер ол 18 жаста немесе жасы одан да жоғары болса, «Жарайсың. Сіз қазірдің өзінде автокөлікті басқара аласыз», басқаша жағдайда - « Өкінішке орай, машинаны басқаруға ерте» деген хабарлама шығарыңыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу