Таңдау операторы. Информатика, 8 сынып, қосымша материал.


«Таңдау операторы» сабағына методикалық нұсқаулық

Сабақта қарастырылатын оқу мақсаттары 8.3.3.1 таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда қолдану (С/С++, Python, Delphi, Lazarus)

Сабақты миға шабуыл әрекетін ұйымдастыру арқылы бастаңыз: оқушыларға әртүрлі ситуацияларды шешу туралы сұрақтар қою арқылы «таңдау» сөзіне шығып, күнделікті өмірде құрылымданған есептерді шешу үшін пайдаланылатынына көз жеткіздіріңіз.

Сабақта жаңа материалды беруде алгоритмнің блок-схема түрінде жазылуын пайдалана отырып, есепті шешу моделін талдау арқылы түсіндіріңіз

! Оқушыларға «блок-схема» және «программа» ұғымдарын да қайталатқан абзал

Блок-схема арқылы қарастырылатын есеп шарты:

«Бүтін сан берілген. Егер бұл сан оң болса, онда оған 1 қосыңыз; әйтпесе, одан 2 алып тастаңыз. Табылған нәтижені экранға шығарыңыз».

Жаңа сабақты тиянақтап бекіту үшін:

  • Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз
    • Берілген блок-схеманы талдап, есептің шартын анықтау
    • Программа кодын талдап, есептің шартын анықтау
    • Берілген алгоритмге блок-схема жасау
  • Жеке жұмыс ұйымдастырыңыз
    • Оқушыларға әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды таратып беріңіз.
    • Кейбір оқушылар бірден қиындығы жоғары есептерді таңдауына болады

! Есептердің шешімін сыныппен, алдын-ала дайындалған критерийлерге сүйене отырып бағалау жүргізіңіз

!Егер қандай да бір оқушылар бл тақырыпты оқуда қиындықтарға кезігіп жатса, қабілеті жоғары оқушыларды консультант ретінде көмек беруін сұраңыз

Қабілеті жоғары оқушылар сабақ материалын ерте аяқтап қойған жағдайда, қосымша тапсырма беріңіз:

Өз беттерімен тапсырма және оны тексеруге арналған критерийлер құрастыру.

Сабақта пайдаланған ресурстары:

Тармақталу алгоритмі блок-схема түрінде:

http://uchinfo.com.ua/exclusive/algoritm/algoritm2.htm

Паскаль тілінде таңдау операторын түсіндіру:

http://mypascal.ru/blog/operator_case/2013-07-04-24

Таңдау операторы бойынша видео ресурс: https://videouroki.net/blog/razbor-zadachi-na-operator-vybora-case.html

Таңдау операторына есептер: -http://gospodaretsva.com/urok-8-struktura-select-case-i-spiski.html#more-528

Таңдау операторлы есептерді талдау:

http://coolcode.ru/primeryi-resheniya-zadach-iz-knigi-m-e-abramyan-1000-zadach-po-programmirovaniyu-case/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу