Таңдау операторы. Информатика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Таңдау операторы
Таңдау операторы (ауыстырып қосқыш операторы) бірнеше мүмкін нұсқалардың ішінен біреуін немесе бірнешеуін таңдау үшін пайдаланылады.
Таңдау құрылымының жазылуы
switch (өрнек)
{
case константа1 : оператор1 ; break;
case константа2 : оператор2 ; break;
. . . . . . . . . . .case константаN : оператор2 ; break;
default: операторлар;]
}
Мұнда:
өрнек - бүтін айнымалы немесе шарт;
константа№ –константа немесе константалық өрнек түріндегі белгі;
default –бұл егер өрнек ешқандай да константамен сәйкес келмеген жағдайда орындалатын операторға белгі;
break – ауыстырып қосқыштан шығу операторы.
Switch операторының орындалуы:
- Switch операторы орындалған соң, switch (мәні әрдайым тек бүтін сан болуы тиіс) операторынан кейін тұрған әрекет орындалады.
- Алынған нәтиже біртіндеп case соң орналасқан тұрақтылармен салыстырылады.
- Бірінші сәйкестік табылған кезде, сонан соң орналасқан оператор орындалады.
- Егер орындалған операторлар ауысу операторына сай келмесе, онда келесі жағдайлар қарастырылады. Және бұл әрекет барлық варианттар үшін қарастырыла береді, ауыстырып қосқыш кездескенге дейін.
- Егер switch сөзінен кейінгі өрнек ешқандай да тұрақтымен сәйкес келмесе, онда default белгісінен кейінгі команда орындалады. Кейбір жағдайларда default белгісі болмауы да мүмкін.
Таңдау конструкциясының блок-схемасы
Таңдау конструкциясына мысал
char ZNAC;
int x,y,z;
switch (ZNAC)
{
case '+': x = y + z; break;
case '-': x = y - z; break;
case '*': x = y * z; break;
case '/': x = u / z; break;
default : ;
}
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру