Таңдау операторы. Информатика, 8 сынып, презентация.
ТАҢДАУ ОПЕРАТОР
Оқу мақсаты:
8.3.3.1 таңдау және қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыныңда қолдану (С/С++, Python, Delphi, Lazarus)
Жетістік критерийі
Оқушылар:
программалық кодты жазу үшін блок-схеманы қолдана алады
программа кодын жазу кезінде шартты операторды пайдалана алады
Таңдау операторы
Таңдау операторы (ауыстырып қосқыш операторы) бірнеше мүмкін нұсқалардың ішінен біреуін немесе бірнешеуін таңдау үшін пайдаланылады.
Салыстыру таңбалары
switch (өрнек)
{
case константа1 : оператор1 ; break;
case константа2 : оператор2 ; break;
. . . . . . . . . . .
case константаN : оператор2 ; break;
[default: операторлар;]
}
Таңдау құрылымының жазылуы
өрнек - бүтін айнымалы немесе шарт;
константа№ –константа немесе константалық өрнек түріндегі белгі;
default –бұл егер өрнек ешқандай да константамен сәйкес келмеген жағдайда орындалатын операторға белгі;
break – ауыстырып қосқыштан шығу операторы.
Switch операторы орындалған соң, switch (мәні әрдайым тек бүтін сан болуы тиіс) операторынан кейін тұрған әрекет орындалады.
Алынған нәтиже біртіндеп case соң орналасқан тұрақтылармен салыстырылады.
Бірінші сәйкестік табылған кезде, сонан соң орналасқан оператор орындалады.
Егер орындалған операторлар ауысу операторына сай келмесе, онда келесі жағдайлар қарастырылады. Және бұл әрекет барлық варианттар үшін қарастырыла береді, ауыстырып қосқыш кездескенге дейін.
Егер switch сөзінен кейінгі өрнек ешқандай да тұрақтымен сәйкес келмесе, онда default белгісінен кейінгі команда орындалады. Кейбір жағдайларда default белгісі болмауы да мүмкін.
Switch операторының орындалуы
константа1
константа2
константаN
.............................................................
default
Мысал:
switch (rez)
{ case 5: cout <<«Үздік"; break;
case 4: cout <<«Жақсы"; break;
case 3: cout <<«Қанағаттанарлық"; break;
case 2: cout <<«Қанағаттанарлық емес"; break;
default: cout <<«Қате мән rez ";
}
Талда:
Талда:
Блок-схема құрастыр:
Аптаның кестесін жасаңыз. Пайдаланушы апта күнінің реттік нөмірін енгізеді және ол сол күні жоспарланған әрекет экранға шығады
Өзара бағалау. Студенттер өз жұмыстарының нәтижелерімен бөліседі және өзара бағалау жүргізеді: оқушылар жұмыстарынң нәтижесін бір-біріне түсіндіреді
Блок-схеманы талдау.
Бағдарламалық тілді пайдалана отырып шығаруға тапсырмалар
Тапсырма 1. Аптаның күнінің енгізілген нөміріне сай апта күнінің атын шығару
Тапсырма 2. Таңдау операторы пайдалана отырып 0..24 интервалынан енгізілген нөмірге сәйкес келетін күннің уақытын анықтайтын бағдарламаны жазу.
Тапсырма 3. Таңдау операторы арқылы ұсынылған есеп ойлап табыңыз, шешуге арналған код фрагментін жазыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру