Таңдау операторы. Информатика, 8 сынып, қосымша материал.
Lazarus таңдау операторы
Қандай да бір есепті шешу барысында, программаны ары қарай жалғастыру үшін белгілі бір шартқа сәйкес іс-әрекетті орындау сұралатын кездер болады. Мысалы, Edit өрісіне қандай символдар енгізілгенін анықтау қажет.
Мұндай жағдайда case – таңдау операторын пайдаланған ыңғайлы.
Case операторы күрделі болып табылады және бірнеше резервтелген сөз тіркестерінен тұрады.
Оператордың құрылымы:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 | Case «өрнек» of
Өрнектің мәні: Оператор;
Өрнектің мәні: Оператор;
Өрнектің мәні: Оператор;
Өрнектің мәні: Оператор;
Else
Оператор;
End; |
Оператор жұмысы қалай іске асады: біріншіден, өрнектің мәні есептеледі немесе оқылады, содан кейін ұсынылған опциялардың тізімінде сәйкестік ізделінеді және сәйкесінше тиісті оператор орындалады. Егер сәйкес мән болмаса, оператор else сөзінен кейін тұрған команданы орындайды
Edit өрісіне енгізілген таңбаларды анықтау үшін, мәндер тізіміне мүмкін параметрлердің тізіміін енгізу керек. Мысалы, біздің программа санды, орыс әріптері немесе ағылшын әріптерін ажыратуы тиіс.
Символдар саны көп болғандықтан, оларды бір оператор үшін үтірлермен бөліп көрсетуге болады. Мысалы:
Бірақ бұл құрылым, әріптер үшін қолайсыз, себебі, әріптер саны көп.
Егер символдар саны көп болса, оларды 2 нүкте арқылы санамалауға болады, мысалы:
Яғни әріптер үшін:
Алдымен, кіші әріптер үшін тізбек, сонан соң, бас әріптер үшін тізбек.Яғни программа коды толығымен:
Ендігі кезекте формаға қажетті компоненттерді орналастырып, батырма үшін көрсетілген кодты енгізіп, тексеру қажет.
Сурет 1. Программа нәтижесі.
Сондай-ақ операторда бір мән үшін бірнеше әрекетті орындай аласыз.
Мысалы, экранға енгізілген туған жылына сәйкес оқушының қай сыныпта оқитынын және оқушының толық жасын келесі шығару өрісіне шығару қажет.
Сурет 2. Программа интерфейсі
Сыныпты анықтау үшін бүгінгі күннен оқушының туған жылын алып тастау қажет және пайда болған санға сәйкес сыныпты және жасын экранға шығарамаыз.
Егер оқушының жасы 1 қыркүйекте болса, онда оның жасы жыл көлемінде өзгермейді..
Туған жылы және қазіргі жылды енгізу үшін 2 айнымалы пайдаланамыз.
Батырманы өңдеуге арналған программа коды:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 | procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject); var s,r:integer;
begin s:=strtoint(Edit2.Text); r:=strtoint(Edit1.Text);
case s-r of 7:begin label3.Caption:='1'; label6.Caption:='7'; end; 8:begin label3.Caption:='2'; label6.Caption:='8'; end;
9:begin label3.Caption:='3'; label6.Caption:='9'; end; 10:begin label3.Caption:='4'; label6.Caption:='10'; end; 11:begin label3.Caption:='5'; label6.Caption:='11'; end; 12:begin label3.Caption:='6'; label6.Caption:='12'; end; 13:begin label3.Caption:='7'; label6.Caption:='13'; end; 14:begin label3.Caption:='8'; label6.Caption:='14'; end; 15:begin label3.Caption:='9'; label6.Caption:='15'; end; 16:begin label3.Caption:='10'; label6.Caption:='16'; end; 17:begin label3.Caption:='11'; label6.Caption:='17'; end; end; end; |
Бұл кодтың ерекшелігі: мәннен кейін бірнеше әрекеттер көрсетіледі. Бұл әрекеттер begin end; арасында болуы қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру