Герон формуласы. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 3 сабақ.


Герон формуласы

Оқу мақсаты:

8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану

Сабақ мақсаты:

үшбұрыштың ауданын есептеуге арналған Герон формуласын қорытып шығару және оны қолдану.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

біледі:

  • үшбұрыш ауданын табуға арналған Герон формуласын;
  • Герон формуласын қорытып шығаруды;

қолдана алады:

  • формуланы үшбұрыш ауданын табуға.

Бастапқы білім:

- үшбұрыш, үшбұрыштың табаны, биіктігі, орта сызығы;

- үшбұрыштар теңдігінің белгілері;

- тік төртбұрыштың ауданы;

- сүйір бұрыштың синусының анықтамасы.

Сабақтың барысы:

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Жекелеме жұмыс (Қосымша 1)

Формативті бағалау. Өткен сабақ бойынша білімдерін бағалау.

Қосымша 1

Формативті бағалау ( 15 минут)

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Тік бұрышты үшбұрыштың ауданын таба алады;
  • Дұрыс үшбұрыштың ауданын таба алады;
  • Табаны мен биіктігі арқылы үшбұрыш ауданын табады.

Ескерту: калькулятор қолдануға рұқсат етіледі

Көпбұрыштардың ауданын үшбұрыштардың ауданы арқылы тап.

1

Жауабы: 24 [3 балл]

№2

Жауабы: 360 [3 балл]

Үшбұрыштың ауданының формуласын пайдаланып, көпбұрыштардың аудандарын есепте.

№3

Жауабы: 8 [2 балл]

№4

Жауабы: 22,5 [2 балл]

№5

Үшбұрыш биіктігін табыңыз.

Жауабы: h=4 [1 балл]

6

Үшбұрыштың табанын табыңыз.

Жауабы: a=12 [1 балл]

7

Үшбұрыштың ауданын тауып, жауабын төрт мәнді орынға дейінгі дәлдікпен беріңіз.

Жауабы: 14,79 [2 балл]

№8

АВС үшбұрышы берілген.

АВ=11 см. АС=7 см.

S(ABC) = 32 см2.

ВАС бұрышының екі мүмкін мәнін табыңыз.

Жауабын үш мәнді орынға дейінгі дәлдікпен градус түрінде беріңіз.

Жауабы: 56,20 және 123,80 [3 балл]

Ұжымдық жұмыс.

Оқушылар №2-6 слайд арқылы сабақтың тақырыбымен және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Сөйтіп, оқушылармен бірлесе отырып сабақ мақсатына сәйкес бағалау критерийлері және дамудың жақын аймағын айқындау.

Тірек білімдерді белсендендіру

Миға шабуыл

  • Үшбұрыштың ауданын табудың қандай формулаларын білесіздер?
  • Көпбұрыштың периметрі дегеніміз не? Ал жарты периметр ше?
  • Пифагор теоремасын еске түсіріңіз?
  • Герон жайлы не білесіз?
  • Герон формуласын қысқаша айту. Дәлелдеуін үйге жоба ретінде беру. (Сілтемелерімен)

Топтық жұмыс (Қосымша-2)

Жаңа тақырып бойынша оқушылар 3-4 баладан топтасып, тапсырмаларды орындайды.

Теориялық материалды меңгеруін бағалау үшін тапсырмалар ұсыну.

Қосымша 2

Топтық жұмыс (15 минут)

Тапсырмы 1

Қабырғалары a болатын тең қабырғалы үшбұрыштың ауданын Герон формуласының көмегімен тап.

[3]

Тапсырмы 2

Периметрі 30 дм болатын дұрыс алтыбұрыштың ауданын есепте.

Жауабы: [3]

Тапсырмы 3

Жауабы: AB=5 [2]

Жауабы: K(10; 3) [2]

Жауабы:S(AKC)=15 [3]

Жауабы: S(ABC):S(AKC)=2:1.[3]

Сабақтың соңы

Рефлексия.

Мен не білемін... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …

Үй тапсырмасы. Емтихан есептері (Қосымша-3) жауаптары слайдта

Қосымша 3

Үй тапсырмасы

Емтихан форматындағы есептер

  • Есеп

  • Есеп

[5 балл]

  • Есеп

Сабақта оқытудың саралау әдісі әр деңгейлітпотарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды.

Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында параллелограммның ауданының қасиетін қолдана алу дағдалары тексеріледі.

Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу