Мозаика панносын орындау . Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, презентация, 5 сабақ.


Өткенге сабаққа қысқаша шолу.

Әр топ өз технологиялық құжаттарыңызды таныстыру;

Қажетті материалдарындың өлшемі мен санын анықтау;

Қажетті құрал- жабдықтарды тексеру;

Алдыңғы тапсырмада орындаған кезеңдер тізімі:

Қажетті құрал- жабдықтарды тексеру;

Нобайға сүйене отырып түстік шешімдерді дұрыс пайдаланып бөлшектерді орналастыру немесе жабыстыру.

Осы орындалған жұмыстарды топ арасында талқылау.

Сабақ тақырыбы:

1- бөлім: Сәндік- қолданбалы өнер.

Мозаика панносын орындау

Сабақтың мақсаты :

Мозаика панносын орындауға қажетті материалдарды, құралдарды және орындау тәсілдерін анықтап, таңдау және қолдану.

Өз идеяларын жүзеге асыруда түрлі тәсілдермен өнердің көркем құралдарын қолдану.

Жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздігін сақтап, материалдар мен құралдарды қолдану.

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

Мозаика панносына қажетті материалдар мен құралдарды таңдай біледі;

Сәндік панно (мозаика) орындайды;

Идеяларын жүзеге асыруда тиімді жолдарын анықтап, қолданады;

• Техника қауіпсіздігін қатаң сақтайды.

Тәжірбиелік жұмысты орындау кезеңдері мыналарды қамтуы мүмкін:

Технологиялық картаны дайындау;

Нобай орындалған негізді дайындау;

Қажетті материалдарындың өлшемі мен санын анықтау;

Қажетті құрал- жабдықтарды тексеру;

Нобайға сүйене отырып түстік шешімдерді дұрыс пайдаланып бөлшектерді орналастыру немесе жабыстыру;

Композициялық құрылымын сақтау;

Жұмысты негізгі нысанның бөлшектерін құрастыру немесе жабыстырудан бастау.

Жұмыс барысында өз идеяларын жақсарту мақсатында топ мүшелерінің пікірлерін тыңдау, талдау және қажет жағдайда өзгерістер еңгізу;

Жұмыстың барлық кезеңдеріңде техника қауіпсіздігін қатаң сақтау.

Мозаика панносын дайындау барысында техника қауіпсіздігін сақтау:

Жұмыс жасау орындарын таза ұстау керек;

Арнайы киім (фартук, халат, қолғап, көзілдірік және т.б.) кию керек;

Ұшты және өткір заттармен жұмыс жасау барысында ұқыпты болу керек;

Электрлі немесе қол құралдарын пайдаланған кезде абай болу керек;

Желім, бояу сияқты құралдармен жұмыс жасау барысында дененің ашық немесе көзге тамып кетуін қадағалау керек.

Музыка ырғағымен тәжірбиелік жұмыс жасау

https://www.youtube.com/watch?v=bGu9cwsirT0

Мақсаты: оқушының орталық нерв жүйесіне, яғни, жүйкесіне әсер етіп, ой - өрісін жетілдіреді, рухани дүниелерін байытады, сезімталдыққа, нәзіктікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.

Тапсырма. Топтық жұмыс

Технологиялық карта мен нобайға сүйене отырып, шығармашылық идеяларын жүзеге асыру барысында түстердің үйлесімділігін анықтап, сәндік панно (мозаика) орындау. Тәжірбиелік жүмыстың орындалу барысындағы кездескен оңай тұстарын, қиыншылықтарды белгілеп топ арасында өзара талқылау жұмыстарын жүргізіп, өз күнделіктеріне жазып отырады.

2 Кезең.

Композициялық құрылымын сақтау;

Жұмысты негізгі нысанның бөлшектерін құрастыру немесе жабыстыруды жалғастыру.

Жұмыс барысында өз идеяларын жақсарту мақсатында топ мүшелерінің пікірлерін тыңдау, талдау және қажет жағдайда өзгерістер еңгізу;

Жұмыстың барлық кезеңдеріңде техника қауіпсіздігін қатаң сақтау.

Тапсырманы бағалау критерийлері:

Жұмыстың барлық кезеңдерінде техника қауіпсіздігін сақтайды;

Мозаикалық панно жасаудың реттілігін біледі;

Түстердің үйлесімділігін анықтай алады;

Мозаика панно жұмысына қажетті материалдарын пайдаланады;

Көркем құралдармен өз шығармашылық идеяларын жүзеге асырады;

Уақытты тиімді пайдаланады.

Feedback Sandwich «Кері байланыс Сэндвичі» немесе «Мадақтау сэндвичі»

1 қабаттүсінгені туралы оң пікір;

2 қабатсыни көзқарас, нені өзгерту керек және қалай өзгерту керек;

3 қабатоң көзқарас бере отырып, болашаққа ұыныс беру: маған ұнады , дегенмен келесі жолы

Back to AFL Tools



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу