Мозаика панносын орындау . Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, презентация, 4 сабақ.


Өткенге сабаққа қысқаша шолу.

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Қандай материалдар мен құралдармен жұмыс жасап көрдіңіздер?

2. Мозайкаға арналған негізді дайындауда кездескен қиыншылықтар болды ма? Шешу жолдары?

https://www.youtube.com/watch?v=2iCrscieTww

Мозаика шеберлік сабақ

Мақсаты: Бейне ролик арқылы қалдық заттар немесе шыны ыдысы мен плиткілердің ұсақ элементтерін қолдана отырып, мозаика жасау арқылы оқушылардың алғашқы түсінігін қалыптастыру

Сабақ тақырыбы:

Мозаика панносын орындау

1- бөлім: Сәндік- қолданбалы өнер.

Сабақтың мақсаты :

Мозаика панносын орындауға қажетті материалдарды, құралдарды және орындау тәсілдерін анықтап, таңдау және қолдану.

Өз идеяларын жүзеге асыруда түрлі тәсілдермен өнердің көркем құралдарын қолдану.

Жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздігін сақтап, материалдар мен құралдарды қолдану.

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

Мозаика панносына қажетті материалдар мен құралдарды таңдай біледі;

Сәндік панно (мозаика) орындайды;

Идеяларын жүзеге асыруда тиімді жолдарын анықтап, қолданады;

• Техника қауіпсіздігін қатаң сақтайды.

Тәжірбиелік жұмысты орындау кезеңдері мыналарды қамтуы мүмкін:

Технологиялық картаны дайындау;

Нобай орындалған негізді дайындау;

Қажетті материалдарындың өлшемі мен санын анықтау;

Қажетті құрал- жабдықтарды тексеру;

Нобайға сүйене отырып түстік шешімдерді дұрыс пайдаланып бөлшектерді орналастыру немесе жабыстыру;

Композициялық құрылымын сақтау;

Жұмысты негізгі нысанның бөлшектерін құрастыру немесе жабыстырудан бастау.

Жұмыс барысында өз идеяларын жақсарту мақсатында топ мүшелерінің пікірлерін тыңдау, талдау және қажет жағдайда өзгерістер еңгізу;

Жұмыстың барлық кезеңдеріңде техника қауіпсіздігін қатаң сақтау.

Мозаика панносын дайындау барысында техника қауіпсіздігін сақтау:

Жұмыс жасау орындарын таза ұстау керек;

Арнайы киім (фартук, халат, қолғап, көзілдірік және т.б.) кию керек;

Ұшты және өткір заттармен жұмыс жасау барысында ұқыпты болу керек;

Электрлі немесе қол құралдарын пайдаланған кезде абай болу керек;

Желім, бояу сияқты құралдармен жұмыс жасау барысында дененің ашық немесе көзге тамып кетуін қадағалау керек.

Музыка ырғағымен тәжірбиелік жұмыс жасау

https://www.youtube.com/watch?v=bGu9cwsirT0

Мақсаты: оқушының орталық нерв жүйесіне, яғни, жүйкесіне әсер етіп, ой - өрісін жетілдіреді, рухани дүниелерін байытады, сезімталдыққа, нәзіктікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.

Тапсырма №1 Топтық жұмыс

Технологиялық карта мен нобайға сүйене отырып, шығармашылық идеяларын жүзеге асыру барысында түстердің үйлесімділігін анықтап, сәндік панно (мозаика) орындау. Тәжірбиелік жұмысты орындамас бұрын оқушыларға күнделік арнап, орындалу барысындағы кездесетін оңай тұстарын, қиыншылықтарды белгілеп топ арасында өзара талқылау жұмыстарын жүргізіп, жазып отырады.

1 Кезең.

Қажетті құрал- жабдықтарды тексеру;

Нобайға сүйене отырып түстік шешімдерді дұрыс пайдаланып бөлшектерді орналастыру немесе жабыстыру.

Тапсырманы бағалау критерийлері:

Жұмыстың барлық кезеңдерінде техника қауіпсіздігін сақтайды;

Мозаикалық панно жасаудың реттілігін біледі;

Түстердің үйлесімділігін анықтай алады;

Мозаика панно жұмысына қажетті материалдарын пайдаланады;

Көркем құралдармен өз шығармашылық идеяларын жүзеге асырады;

Уақытты тиімді пайдаланады.

Рефлексия: «2 жұлдыз және бір тілек»

Екі жұлдыз - ұнайтын екі нәрсе (жұмыс бойынша);

Тілекжұмысты жақсартуды қажет ететін ұсыныстар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу