алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Мозаика панносын орындау . Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, презентация, 7 сабақ.


Алдыңғы тапсырмада орындаған кезеңдер тізімі:

1. Технологиялық картаны дайындау;

2. Нобай орындалған негізді дайындау;

3. Қажетті материалдарындың өлшемі мен санын анықтау;

4. Қажетті құрал- жабдықтарды тексеру;

5. Нобайға сүйене отырып түстік шешімдерді дұрыс пайдаланып бөлшектерді орналастыру немесе жабыстыру;

6. Композициялық құрылымын сақтау;

7. Жұмыстың негізгі элементтері орындалған жиектерінен бастап артқы фонын орындау;

8. Нобайдағы негізгі элементтер мен артқы фонды және жиектемелерін толығымен керамикалық плиткілер арқылы орындап шығу;

9. Жұмыс барысында өз идеяларын жақсарту мақсатында топ мүшелерінің пікірлерін тыңдау, талдау және қажет жағдайда өзгерістер еңгізу;

10. Жұмыстың барлық кезеңдеріңде техника қауіпсіздігін қатаң сақтау.

Сабақ тақырыбы:

Мозаика панносын орындау

1- бөлім: Сәндік- қолданбалы өнер.

Сабақтың мақсаты :

• Шығармашылық жұмыстарын орындауға қажетті материалдарды, құралдарды және орындау тәсілдерін тиімді қолдану.

• Жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздігін сақтап, материалдар мен құралдарды қолдану.

• Жұмыстың соңғы нәтижелі кезеңдерін нақтылап орындау.

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

Шығармашылық жұмыстарына қажетті материалдар мен құралдарды тиімді қолданады;

• Техника қауіпсіздігін қатаң сақтайды;

Соңғы нәтижелі жұмысты орындап көрсетеді.

https://www.youtube.com/watch?v=pevb12ysEW8

Мозайкадағы саңылауларын арнайы сүрткішпен (затирка) толтыру тәсілдері.

Мақсаты: оқушылардың керамикалық плиткалардың саңылауларын арнайы (затирка) сүрткіш түрлері мен тәсілдері арқылы толтыру туралы түсінігін қалыптастыру.

Тәжірбиелік жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздігін сақтау:

Жұмыс жасау орындарын таза ұстау керек;

Арнайы киім (фартук, халат, қолғап, көзілдірік және т.б.) кию керек;

Ұшты және өткір заттармен жұмыс жасау барысында ұқыпты болу керек;

Электрлі немесе қол құралдарын пайдаланған кезде абай болу керек;

Желім, бояу сияқты құралдармен жұмыс жасау барысында дененің ашық немесе көзге тамып кетуін қадағалау керек.

Музыка ырғағымен тәжірбиелік жұмыс жасау

https://www.youtube.com/watch?v=bGu9cwsirT0

Мақсаты: оқушының орталық нерв жүйесіне, яғни, жүйкесіне әсер етіп, ой - өрісін жетілдіреді, рухани дүниелерін байытады, сезімталдыққа, нәзіктікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.

Тапсырма. Топтық жұмыс

Мозайка жұмысының соңғы кезеңін орындау.

1. Өз технологиялық карта мен нобайларына сүйене отырып орындаған сәндік мозаика жұмыстарының желімдері толығымен кебуін күтіп, керамикалық плиткілер арасындағы саңылауларды арнайы сүрткішпен (затирка) толтыру;

2. Сүрткішпен (затирка) толтырылған мазайкаларды арнайы матамен немесе паралонмен тазалап жылтырату;

3. Сүрткіштің (затирка) бірнеше түрлерін қарастыра отырып, тиімді тәсілін таңдау;

4. Кейбір арнайы негізде орындалған мозайка панноларына қажет болған жағдайда рамка дайындау.

Тапсырманы бағалау критерийлері:

1. Жұмыстың барлық кезеңдерінде техника қауіпсіздігін сақтайды;

2. Мозаикалық панноны техникалық құжаттары және нобайларына сәйкес екендігін талдайды;

3. Мозаика панно жұмысына қажетті материалдарды (затирка) тиімді тәсіл арқылы пайдаланады;

4. Көркем құралдармен өз шығармашылық идеяларын жүзеге асырады;

5. Уақытты тиімді пайдаланады.

Post-It «Жапсырмалар»

Стикерді (жапсырылатын қағаздар) кері байланыс алу үшін қолдану.

Сұрақтарға топпен немесе жеке жауап беріңіздер:

Не үйрендім?

Қайсысы оңай болды?

Қайсысы қиын болды?

Тағы не үйренгім келеді?

Back to AFL Tools


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы