Мозаика панносын орындау . Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, дидактикалық материал, 7 сабақ.


Мозаика үлгісін жасау технологиясы

Мозаиканы жасау ерекшеліктерін меңгеру үшін сынған тақтайшалардың бөліктерінен жасалған мозаика туралы шеберлік сағатты мұқият көру маңызды. Ол үшін сізге мыналар қажет:

• керамикалық гранит қыш қалдықтары, керамикалық плиткалар, басқа да қаптама және табиғи материалдар;

• қалақшалар (шпатель) жиынтығы;

• тор және кесуге арналған тордың қайшы;

• желімді құрамды дайындауға арналған құралдар мен ыдыстар;

• саңылауларға арналған сүрткіштер (затирка) – плиталардың түсіне сәйкес немесе қарама қайшы түс;

• плитка кескіш және тістеуік (кусачка);

• ашық түсті кез келген плитка желімі, негізі арнайы мөлдір немесе суперцемент жақсырақ;

• еденге мозаика жасау үшін цемент ерітіндісі жарамды.

Жалпы ережелер:

  • Негізгі өрнектерді ортаңғы бөліктерінен бастап, біртіңдеп жаңа аумақтарына қарай өткен дұрыс.
  • Алдымен негізгі деп саналатын фигураларды орындап, кейін артқы планы мен фондарының композициялық тұрғыда орындаған жөн.
  • Соңғы кезеңде өрнектерді толығымен кептіру үшін бір тәулікке қалдырған жөн. Содан кейін ылғалды губка көмегімен артық ерітінділер алынып тасталынады.
  • Соңғы кезең – мозаика панносының арасындағы саңылауларды сүрткішпен (затирка) толтыру. Арнайы сүрткішті құрылыс дүкендерінен сатып алуға болады немесе құрғақ финиш тегістегіші (шпаклевка) арқылы орындауға болады. Өзің ғана орындайтын болсан тегістегішті шағын жерге жететіндей етіп (қатып қалмас үшін) аз аздан дайындап алған дұрыс.
  • Қажет болған жағдайда мозаиканың түсіне байланысты сүрткіштерге түрлі түсті пигмент қосуға болады.
  • Шамамен 20 минут уақыттан өткеннен соң сүрткіш (затирка) кеуіп, түсі қаңықтау болғаннан кейін, артық шыққан жерлерін ылғал губкамен немесе плитка бөлігімен сүртіп тазалап алып тастауға болады.
  • Мозаика панносы біткеннен кейін арнайы терезе тазалағышпен өңдеп және құрғақтай сүртіп шығыңыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу