Мозаика панносын орындау . Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал, 5 сабақ.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Мозайка панносын орындау» тақырыбына арналған сабақ «Сәндік қолдаңбалы өнер» бөлімінің бесінші тақырыбы. Бұл сабақта оқушылар өткен сабақта алған білімдерін одан әрі жалғастыратын болады. Яғни, мозайка панносын дайындау жұмыстарын жалғастырады. Жұмысты бастамас бұрын оқушылар өткен сабаққа қысқаша шолу жасайды. Өткен сабақта оқушылар жұмыстың алғашқы кезеңдерін орындады. Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға «қар лақтыру» әдісі арқылы екпін жасау. Оқушылар өткен сабақта орындаған жұмыстарына байланысты сұрақтарын қолдарындағы қағаздан жасалған дөңгелекті көрші топтағы сыныптастарына лақтыру арқылы сауалдарына жауап алатын болады. Әр топтан екі сұрақтан қою ұсынылады.

Тәжірбиелік жұмысты бастар алдыңда оқушылардың назарына сынған ыдыстардан жасалған мозаика панносы туралы бейнебаян көрсетуіңізге болады.

https://www.youtube.com/watch?v=UFTCV57dq34 Сынған ыдыстардан мозаика жасау.

Тәжірибелік жұмыс жасау кезінде оқушыларға техника қауіпсіздігін сақтауын ескертіңіз.

Мозаика панносын дайындау барысында техника қауіпсіздігін сақтау:

  • Жұмыс жасау орындарын таза ұстау керек;
  • Арнайы киім (фартук, халат, қолғап, көзілдірік және т.б.) кию керек;
  • Ұшты және өткір заттармен жұмыс жасау барысында ұқыпты болу керек;
  • Электрлі немесе қол құралдарын пайдаланған кезде абай болу керек;
  • Желім, бояу сияқты құралдармен жұмыс жасау барысында дененің ашық немесе көзге тамып кетуін қадағалау керек.

Музыка ырғағымен тәжірбиелік жұмыс жасау. Бұл тәжірбиелік тапсырма болғандықтан қауіпсіздік техникасына орай музыканың дыбысын ақырын қою ұсынылады. https://www.youtube.com/watch?v=bGu9cwsirT0

Тапсырма. Топтық жұмыс

Бұл тапсырмада оқушылар негізгі нысандар мен өрнектерді, элементтерді құрастыру және жабыстыру жұмыстарын жалғастыратын болады. Тәжірбиелік жұмыс орындау барысында оқушыларға қосымша көмек қажет болған жағдайда көмектесуге болады. Немесе бағыттау жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Тәжірбиелік жүмыстың орындалу барысындағы кездескен оңай тұстарын, қиыншылықтарды белгілеп топ арасында өзара талқылау жұмыстарын жүргізіп, өз күнделіктеріне жазып отыру ұсынылады.

Оқушыларға орындайтын тапсырмалармен таныстырып болғаннан кейін, тапсырманы бағалау критерийлерімен таныстырыңыз.

Тапсырманы бағалау критерийлерге тоқталып өтіңіз.

Сабақтың соңына бөлігінде оқушылар бүгінгі орындаған тәжірбиелік жұмыстары туралы топ арасында талдау жүмыстарын жүргізе отырып, бір- бірлеріне болашақта түзету жұмыстары туралы ұсыныстар беруге болады. Мысалы;

Рефлексия:

«Мадақтау сэндвичі»

  • 1 қабат – түсінгені туралы оң пікір;
  • 2 қабат – сыни көзқарас, нені өзгерту керек және қалай өзгерту керек;
  • 3 қабат – оң көзқарас бере отырып, болашаққа ұыныс беру: маған ұнады , дегенмен келесі жолы …

Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  •  желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  •  желімді керек мөлшерде ғана ал;
  •  артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  •  жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

 

 Әйнек немесе керамикалық плиталар кескішпен жұмыс жасау кезінде –

  •  кескішті дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша немесе қатты затты қойып жаса;
  •  кескішпен ойнама;
  •  кескішті арнайы орынға қойып қоюды ұмытпа.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу