Мозаика панносын орындау . Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал, 6 сабақ.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Мозайка панносын орындау» тақырыбына арналған сабақ «Сәндік қолдаңбалы өнер» бөлімінің алтыншы тақырыбы. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде шағын активити ұйымдастыру ұсынылады. Оқушылар орындарынан тұрып орындайды.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да (өзін көрсетеді)

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да (досын көрсетеді)

Шуақпен нұр төгіп (қолын жоғары көтереді)

Көңілді кетті көтеріп (шапалақтайды).

Жақсы көңіл күйден кейін оқушылардың назарын сабаққа бұрыңыз.

Бұл сабақта оқушылар өткен сабақта алған білімдерін одан әрі жалғастыратын болады. Яғни, мозайка панносын дайындау жұмыстарын жалғастырады. Жұмысты бастамас бұрын оқушылар өткен сабаққа қысқаша шолу жасайды.

Тақтада сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін таныстырыңыз.

Тәжірибелік жұмыс жасауды бастар алдыңда оқушыларға техника қауіпсіздігін сақтауын ескертіңіз.

Музыка ырғағымен практикалық жұмыс жасау.

https://www.youtube.com/watch?v=bGu9cwsirT0

Тапсырма. Топтық жұмыс

Технологиялық карта мен нобайға сүйене отырып, шығармашылық идеяларын жүзеге асыру барысында түстердің үйлесімділігін анықтап, сәндік панно (мозаика) орындайды. Бүгінгі жұмыстың кезеңінде оқушылар Нобайдағы негізгі элементтер мен артқы фонды және жиектемелерді толығымен керамикалық плиткілер арқылы орындап шығулары керек. Яғни, нобайдағы негізгі бейнені толығымен аяқтау болып табылады.

Оқушыларға жұмыстың барысын өз күнделіктеріне белгілеп отыруды ұмытпау керектігін ескертіңіз.

Тәжірбиелік жұмыс орындау барысында оқушыларға қосымша көмек қажет болған жағдайда көмектесуге болады. Немесе бағыттау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

Оқушыларға орындайтын тапсырмалармен таныстырып болғаннан кейін, тапсырманы бағалау критерийлерімен таныстырыңыз.

Тапсырманы бағалау критерийлерге тоқталып өтіңіз.

Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылар бүгінгі орындаған тәжірбиелік жұмыстары туралы топ арасында талдау жүмыстарын жүргізуге болады.

Рефлексия:

«Балшық жерлер»

Оқушылар тәжірбиелік жұмыс барысындағы «өте алмай тұрған» бір немесе екі «лас жерлерін» жазады.

Сонан соң мұғалім мен сынып оқушылары бірігіп, туындаған “проблемалық жерлерді” тазартады.

 

 

 

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 

 

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  •  желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  •  желімді керек мөлшерде ғана ал;
  •  артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  •  жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

 

 Әйнек немесе керамикалық плиталар кескішпен жұмыс жасау кезінде –

  •  кескішті дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша немесе қатты затты қойып жаса;
  •  кескішпен ойнама;
  •  кескішті арнайы орынға қойып қоюды ұмытпа.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу