Англия және Қытай үкіметтерінің хат алысуынан империализм туралы не біле аламыз? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Дудлинг әдісі бойынша мәтінмен жұмыс.
Doodling дегеніміз не?
"Дудлинг" "шимайлап сурет салу" деген мағынаны білдіреді. Бұл туралы Санни Браун есімді жас дәрігер зерттеген екен. Оның айтуынша бұл әдіс жүйелеуді, есте сақтау қабілетін, ойлауды жақсартады, іске тың көзбен қарауды үйретеді. Бір жағынан өнерге, екінші жағынан төзімділікке баулиды екен. Егер алты адам бір раушанды алты түрлі етіп шимайлап салса, сол суреттен алты мінез, алты көңіл күй, алты психология, алты стиль көрінеді. Демек, шимай арқылы сіз өзіңізді тани аласыз.
Александр Пушкин, Джон Китс, Томас Джефферсон, Рональд Рейган және Билл Клинтон секілді ірі тұлғалар осы өнерге өте жақын болған екен.
Тапсырма Жеке жұмыс.
1-нұсқа Король III Георгтің Қытай императорына жазған хаты
Нұсқаулық:
- Король III Георгтің Қытай императорына жазған хатындағы көтерілген мәселелерге қатысты кілтті сөздерді қарындашпен белгіле.
- Кілтті сөздерді қолданып, мәтіннің идеясын суретпен бейнеле.Сурет мәтіннің бетінде салынады. Кілтті сөздер суреттің ішкі бетінде ашық, боялмай көрініп тұруы тиіс.
- Мәтіннің басты идеясын «Өзгеріс пен сабақтастық» тарихи концептісімен байланыстыра отырып, кем дегенде 2 сөйлеммен қорытынды жаз.
2-нұсқа Қытай императоры Цяньлунның Англия короліне берген жауабы.
Нұсқаулық:
- Қытай императоры Цяньлунның Англия короліне берген жауабындағы көтерілген мәселелерге қатысты кілтті сөздерді қарындашпен белгіле.
- Кілтті сөздерді қолданып, мәтіннің идеясын суретпен бейнеле. Сурет мәтіннің бетінде салынады. Кілтті сөздер суреттің ішкі бетінде ашық, боялмай көрініп тұруы тиіс.
- Мәтіннің басты идеясын «Өзгеріс пен сабақтастық» тарихи концептісімен байланыстыра отырып, кем дегенде 2 сөйлеммен қорытынды жаз.
Шимай суреттердің үлгілері:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру