Англия және Қытай үкіметтерінің хат алысуынан империализм туралы не біле аламыз? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 8.12.2
VІ бөлім. XIX ғасырдағы Қытай мен еуропалық державалар
Сабақ тақырыбы: Англия және Қытай үкіметтерінің хат алысуынан империализм туралы не біле аламыз?
Оқу мақсаты:
7.3.2.2 - XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау
Тарихи концепт: интерпретация
Сабақтың тақырыбы бойынша қосымша теориялық материалИмпериализм деген не?
Капиталисттік өндірістің басты мақсаты – капиталдың көлемін арттыру, бұл капиталистік бәсекелестігінің күшейуіне әкеледі, яғни тауарларды сатуға қолайлы жағдайларға ие болу және шикізат нарықтыры үшін күрес кеңейеді.
Өндірістің өсуі экономикада қалыптасқан пропорциялардың бұзылцына жол береді, өйткені бұл жоспарсыз (өздігінен) дамыйды және бұл жағдай экономикалық дағдарысқа әкеп соғады. Мұндай жағдай өз кезегінде көптеген кәсіпорындардың құлдырауына себеп болады. Нарықта қалу үшін капиталистеп жаңа технологияларды іздестіруге және енгізулері тиіс. Тек ірі кәсіпорындар ғана нарықта аман қалулары мүмкін. Капиталистік бәсекелестікке қарсы тұру үшін және пайданы өсіру мақсатында капиталистер монополистік кәсіподақтарда бірігуге мәжбүр болады.
Алайда, монополиялардың пайда болуы бәсекелестікті жоймады, керісінсе, оның күшеюіне себеп болды. Монополияның ішінде шикізат көздері, нарықтар және арзан жұмыс күші үшін күрес қарқын дамиды. Монополиялар арасындағы қайшылықтар үнемі күшейе түседі.
Осындай үрдістер банк саласындада орын алады. Экономиканың қарқынды даму кезеңінде және ғылыми жаңалықтар ашылып жатырған кезде монополиялар банктерден несие алып, өз капиталын ірі және сенімді банктерде сақтайды. Бұл, өз кезегінде, шағын банктерді банк монополияларына бірігуге мәжбүр етеді. Өз капиталын монополиялық банктерге инвестициялаған капиталистер, оны бақылау үшін олар өздерінің өкілдерін банктің басшылығына отырғызады. Осылайша банк және өнеркәсіптік капиталдың бірігуі, яғни. қаржы капитал пайда болады, сонымен қатар, қаржылық олигархия қалыптасады. Сөйтіп, банктің және капиталистік монополиялардың билігі бір орталықта орналасады.
Капиталистің көп пайда табу ниеті оны капиталын тиімді инвестициялау жолдарын іздестіруге итермелейді. Мұндай жолдарды өз елінде таба алмаған капиталисттер арзан шикізат көзі мен арзан еңбек күші бар әлсіз елдерге (Азияда, Африкада және Латын Америкадағы отарларға) өз капиталын экспорттауға тырысады. Бұл капиталистердің қызығушылығын тудыратын несиелер мен займдар түрінде қалыптасты.
Капиталды экспорттаудың салдары – шетел капиталды пайдаланған елдердің тәуелділігіне және экономикасының өсуіне кедергі келтірді. Мысалы: колониялардың метрополиясына тәуелділігі. Бұл капиталды экспорттаушы елдерге де әсер етеді. Бұл қаражат елдің пайдасына жұмсалмайтын болатын. Елден валютаның шығып кетуінің нәтижесінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмысшылардың жалақысы төмендеп, әлеуметтік мәселелер шешілмейді, себебі капиталистердге қызметкерлердің жұмыс және тұрмыстық жағдайларын жақсартуға қаражатт жұмсау қызығушылық тұдырмайды.
Халықаралық сауданың дамуы мемлекетаралық монополиялардың құрылуына әкелді. Ірі халықаралық корпорациялар әлемнің тағдырын шеше бастады. Біртіндеп, шикізат пен сату нарықтар үшін күрес, әлемді бөлу үшін күреске айналды. Осының салдары - XX ғасырдағы екі қанды дүниежүзілік соғыс болды: Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстары.
Қорытындылай келе, империализмнің негізгі ерекшеліктері:
a) Монополиялардың қалыптасуы
б) Қаржылық капитал мен қаржылық олигархияны қалыптасуы
в) Капиталды импорттау мен экспорттау
г) Мемлекетаралық монополиялардың қалыптасуы
д) Әлемді бөлу үшін күрестің басталуы.
Осылайша, XIX ғасырдың соңында монополистік капитализм, яғни империализм, капитализмді ауыстырды.
«Империализм» (латын тілінен imperium - билік, үстемдік) тұжырымдамасы «отаршылдық» ұғымының синонимі бола алады. Бұл әсіресе XIX ғасырдағы империализмге қатысты. Бұл тұрғыдан қарағанда, империализм Азия, Африка және Латын Америкада индустриялық даму тұрғысынан артта қалған елдерге қатысты еуропалық елдердің экспансия саясаты болып табылады.
Бұл еуропа елдерінің өз мемлекеттерінің шекарасынан тыс жерлерді басып алу, отарларды игеру және басқа елдерге саяси немесе экономикалық бақылау жасау үшін әскери күш қолдануға негізделген мемлекеттік саясат. Еуропалық державалар мен АҚШ-тың колониялық экспансиялық саясаты XIX ғасырдың соңғы үштігінде күшейе түсті.
Империализм тұжырымдамасын ағылшын экономисі Дж. А. Гобсон 1902 жылы жарық көрген «Империализм» атты кітабында қолданылып, ғылыми айналымға енгізілді. Гобсон империализмді капиталистік қоғамның дамытуының жаңа кезеңі ретінде қарастырды.
Саралап оқыту мүмкіндіктері
1-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін
Төменде берілген империализмнің белгілерін жағымды және жағымсыз белгілеріне топтарытыңыз.
Империализмнің белгілері:
1. Тауар өндіруде жаңа технологияларды енгізу
2. Индустрияландырылған елдер Еуропадан тыс жаңа нарықтар мен шикізат көздерін иемдену мақсатында өзара күрес жүргізе бастады
3. Елдегі биліктің бірнеше ірі кәсіпкерлердің қолында болуы («ресми түрде таққа отырырмаған корольдердің» пайда болуы)
4. Отарлаурды жаулап алудың өсуі
5. Өнімділіктің өсуі
6. Әлемдік отарлау жүйесінің қалыптасу басталуы
7. XIX ғасыр - индустрияландырылған еуропалық елдер арасындағы колониялар үшін күрестегі қарама-қайшылықтардың шиеленіскен кезені.
8. Еңбек өнімділігін жылдамдатылуы және өнеркәсіптік өнімнің сапасының жоғарлауы.
9. ХХ ғасырдағы болашақ әлемдік соғыстардың негізгі себебі қалыптасты - әлемдегі өзінің саяси ықпалын кеңейту үшін күрес.
10. XIX ғасыр – Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында индустриалды қоғамның қалыптасу кезеңі.
11. Дәстүрлі аграрлық экономикасы сақталған елдердің индустриалды тұрғыда жоғары дамыған Еуропа мен АҚШ-тың тәуелділіктерінің күшеюі.
12. Азия елдердің дәстүрлі экономикалық және саяси жүйелерінің күйреюі.
13. Батыс пен Шығыс елдер арасындағы өндіріс, ғылым және мәдениет салаларындағы жетістіктерімен алмасудың өсуі.
14. Шығыс елдерінің индустриалды дамуының негізі салынды.
Дұрыс жауап:
Жағымды жақтыр: 1, 5, 6, 8, 10, 13, 14.
Жағымсыз белгілер: 2, 3, 4, 6, 7, 9, 11, 12
2-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушылар үшін
Кестенің оң жақтағы бағанысын толтырып, осы тұжырымдардың (түсініктер) империализм тұжырымдамасы мен анықтамасымен өзара байланысын сипаттаңыз:
Тұжырымдымалар, түсініктер | Тұжырымдаманың мәні | Бұл тұжырымдаманың «империализм» ұғымымен байланысы неде? | |
Национализм | Бұл мемлекеттің қалыптасуының басты рөл арқаратын және ұлтшылтық құндылықты қөғамның бірлігінің ең жоғары нысаны ретінде танылатын идеология және саясаттың бағыты. Саяси идеология ретінде ұлтшылдық – бұл белгілі бір ұлттық қоғамның мүддесін қорғауға бағытталғын ұмтылыс. | Жауабы: Азия елдерінде империализм кезеңінде ұлтшылдық идеологиясы күшейе түсті және олардың ұлттық тарихи өзін-өзі тану құқығын, еуропалық елдердің араласуысыз еркін және тәуелсіз даму құқығын қорғауға бағытталған ұмтылыс. | |
Интернационализм | Бұл халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған идеология. | Жауабы: Империализм кезеңінде Шығыс пен Батыс елдері арасындағы түрлі салалардағы жетістіктер алмасу жүріп жатты. Оған дәлел: еуропалық капиталдың арқасында, XIX ғасырда Азия мен Африка елдерінде өнеркәсіптік кәсіпорындар салына бастады, алғашқы теміржолдар мен жаңа көлік түрлері пайда болды. Шығыс Батыстың техникалық және ғылыми жетістіктерін қабылдады. | |
Колониализм | Экономикалық тұрғыдан артта қалған халықтар, елдер мен аумақтардың әскери, саяси және экономикалық жолдармен жаулап алу және пайдалану (яғни өзге елдің ресурстардың өз пайдасына қолдану) Еуропа мен АҚШ-тың индустрияландырылған елдерінің саясаты. | Жауап: Империализм кезеңінде еуропалық елдер өнімдер нарығы, арзан шикізат көздері және арзан жұмыс күштің қайнар көзін табу мақсатында артта қалған дәстүрлі елдер мен өңірлерді жаулап алу саясаты. XIX ғасырда әлем екі топқа – метрополялар және оларға тәуелді отарлармен жартылай отарларға бөлінді | |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру