Англия және Қытай үкіметтерінің хат алысуынан империализм туралы не біле аламыз? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Король III Георгтің Қытай императорына жазған хаты
(Лорд Макартнимен жіберілді)
Өткен жылдарды мысалға алсақ, біз кемелерге ақылды, білгір адамдарды салып, жаңа жерлерді білу үшін жіберген болатынбыз. Біз мұны жаңа жерлерді жаулап алу үшін жасаған жоқпыз, бізде ол жеткілікті. Жаңа жерлердің байлығын игеріп, сауда-саттығын көтермей, өнер мен өмірге қолайлы жағдайлар жасалмайды. Біз осы елдердің билеушілерінің дана шешімдерінің арқасында ғасырлар бойы өркениет жетілдірілген елдердің өнерімен және әдет-ғұрптарымен танысуға тілек білдірдік. Бұдан басқа, біз ауқымды империяның көрнекті институттарымен және оның өркендеуімен танысып білгіміз келді. Біз сақтық пен әділеттілік арқасында басқа еуропалық мемлекеттердің көпшілігіне қатысты соғыс үдерісінен бас тарттық. Біз Үндістандағы одақтастарымызбен бірге, өршіл көршіміздің шабуылынан туындаған дұшпандылықты тоқтаттық, бірақ оны жойып жіберуге де болар еді.
Біз барлық елдермен бейбіт өмір сүруге қуаныштымыз. Қазіргі уақытта Қытай мен Ұлыбритания секілді ұлы және өркениетті елдер арасындағы достық пен қайырымдылық байланыстарды кеңейту үшін өте қолайлы. Әрине, бір-бірінен алыс орналасқан, климаты мен топырағы әртүрлі елдер арасындағы тауар алмасу өзара тиімді, бұл өнеркәсіптің дамуы мен байлықтың жинақталуына әкеледі. Осы мақсатта біздің елді таныстыруға лайықты деп аса құрметті мырза Төтенше және өкілетті елші Джордж Макартниді корольдіктің үлкен мөрі басылып, менің қолым қойылған сенімді грамотаны табыстауға сіздің елге жібердік.
Біз елшіге мәртебелі европалықтардың өнер, ғылым және өнертабыстары туралы білуді қалайды деп ойлаймыз. Сондай-ақ, біздің саудагерлерге сіздің жерлерінізде қауіпсіз өмір сүруге мүмкіндік жасалып, сіздің заңдарыңызбен ережелеріңізге сәйкес нарықтарыңызға еркін қол жеткізуге мүмкіндік беріледі деп үміттенеміз. Шетелдік саудагерлердің өмірі мен меншігі сіздің империяларыңыздың қорғауыңызда болуы керек: егер ол заң бұзған және заңды бұзған адамға көмектеспесе, ешкім басқа қылмыс үшін жауапты болмауы керек.
Сіздің үкіметіңіз қылмыскерлерді жазалау үшін өз шараларын қабылдай алады, бірақ біздің азаматтарымыз заңдар мен өкімдерді бұзатын немесе біздің елдеріміз арасында орнаған бейбітшілік пен достыққа зиян келтіретін кез келген азаматты тұтқындау және жазаға тарту жөнінде біздің еліміздің елшісіне де нұсқаулар берілген болатын. Біз жоғары биліктегі бауырласпыз, бауырластық сүйіспеншілігіміз әрқашан арамызда болуы керек
... Лондондағы Әулие Джеймстегі біздің басқарманың сарайы 32-ші жыл (1792 ж.) ескерілген. Август императоры, сіздің досыңыз бен ағаңыз Георг. (http://www.vostlit.info/Texts/Dokumenty/China/XVIII/1780-1800/Botschaft_Mackartney/otvet.htm)
№1 тапсырма. Деректі мұқият оқып, төмендегі сұраққа жауап бер:
- Ағылшын королі ІІІ Георг-тің Қытай еліне елші жіберудегі басты мақсаты қандай?
- Неліктен ағылшын мемлекеті Қытай мемлекетімен сауда келісімін жасауға қызығушылық танытты?
Қосымша 2
Қытай императоры Цяньлунның Англия короліне жауабы
Бұл құжат Қытай елінің императорының Англия королінің елшілік хатына жауап ретінде жарияланды, 1793 жылдың 3 қазанында кеше бірінші министрге тапсырылды және сол айдың 7-ші күні, Пекиннен кеткен күні ресми түрде елшіге тапсырылды.
Қытаймен сауда жасайтын барлық еуропалық мемлекеттердің саудагерлері бірнеше уақыттан бері Кантонда сауда-саттықпен айналысады. Өнімнің барлық түрлері біздің империямызда өндіріледі, және біз басқа елдерден келген өнімдерге мұқтаж емеспіз. Қытай, әсіресе шай, жақсы ыдыс-аяқ, жібек және басқа заттармен танымал.
Мұның бәрі сіздің еліңізде және басқа Еуропа елдерінде үлкен сұранысқа ие. Сізге жақсылық жасау үшін, мен Кантонда осы тауарларға сауда жасауға арналған үйді ашуды тапсырдым. Сіздің елшіңіздің ұсыныстары сауда-саттықтың осы ұзақ мерзімді тәртібін бұзып, оны басқа біреуімен ауыстыруға арналған; бірақ бұл жаңа тәртіп барлық шет мемлекеттерге қатысты көрсететін ізгі ниетпен үйлеспейді. Біздің тұрақты қағидатымыз - бәріне бірдей, ешқандай наразылықсыз қарау.
1.Сіздің елші сіздердің саудагерлеріңіздің кемелері (егер олар сәйкес деп есептесе), Чжэцзян провинциясының Нинбо және Цзюцзянь қалаларына, немесе Чили провинциясындағы Тяньцзиньге немесе басқа жерлерге тоқтауын сұрады. Ертеден келе жатқан ереже бойынша европалық саудагерлер тек Кантонда ғана сауда жасап келген. Көптеген жылдар бойы сіздің саудагерлеріңіз бұл шешімге мойынсұнған болатын. Чжэцзян провинциясының Нинбо қаласында және Тбилиси провинциясының Тяньцзинь қаласында сауда үшін қолайлы ешқандай үй жоқ. Егер сіздің кемелеріңіз сол жерге барған жағдайда, онда олар не сатып ала алады? Сонымен қатар, осы жерлерде аудармашылар жоқ, ешкім сіздің тіліңізді білмейді, ол жерде ешқандай пайда жоқ. Бұл жерге сауда жасауға келісім бере алмаймын.
2. Сіздің елші Пекинде сауда жасайтын орынды сұрап отыр. Бұған біз келісе алмаймыз. Біздің астанамызға барлық ұлт өкілдері барады, сондықтан да мұнда заңдар ерекше қатаң және ауыр. Шетелдіктер үшін Пекинде сауда жасауға ешқашан жол берілмеді. Кантонда басқа еуропалық саудагерлермен сауда жасау мүмкіндігі артады. Ол жер сауда кемелерінің кіріп шығуына өте қолайлы. Сіздің еліңіз Қытайдан қашық солтүстік-батыс Еуропада орналасқан. Егер Пекин сіздің сауда орныңыз болса, жол сапары үлкен қиындықтар әкелер еді. Мен ресейліктер Пекинде сауда жасайтын орынға ие болғанын білемін, бірақ Кяхта сауда-саттық орнына айналғанға дейін бұл тек уақытша болды. Кяхта сауда орны дайын болған соң, олар сонда жіберілді, ешкімге Пекинде қалуға рұқсат берілмеді. Бұл көп жылдар бұрын болған, сіздің адамдарыңыз Кантонда сауда жасағаны сықылды қазір ресейліктер Кяхтада сауда жасайды.
3. Сіздің елші Цзюшань шағын аралын ағылшын саудагерлеріне сауда үшін берілуін сұрады. Бірақ осы аралда аудармашылар жоқ, коммерциялық үй-жайлар жоқ, ал кемелерден басқа жерде ұзақ уақыт қалуға болмайды. Сіз сондай-ақ Кантон немесе Макао маңындағы шағын ауданда жаңа аймақтарды иемденіп, өз саудагерлеріңіздің еркін жүзіп жүргенің қалайсыздар.
(http://www.vostlit.info/Texts/Dokumenty/China/XVIII/1780-1800/Botschaft_Mackartney/otvet.htm)
№2 тапсырма. Деректі мұқият оқып, төмендегі тапсырманы орында.
- Қытай императорының жауабына сүйеніп, ағылшын мемлекетінің қойған талаптарын анықта.
- Қытай императорының ағылшын мемлекетінің талабын қолдамау себебіне болжам жаса.
Қосымша 3
№3 тапсырма
1-топ Білу және түсіну. Мәтінге сүйеніп, сюжеттік кестені толтырындар.
- Сюжеттік кесте
Кім? | Не? | Қайда? | Қашан? | Неге? | Қалай? |
|
|
|
|
|
|
Қосымша 4
№4 тапсырма. Жоғарыда келтірілген деректерді және өз біліміңді қолдана отырып, «Англия мен Қытай үкіметтерінің хат алысуы халықаралық қатынастарда қандай өзгерістерге әкелді?» тақырыбына шағын эссе жаз. Деректерден кем дегенде 2-3 дәйексөз келтіріңіз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қосымша 5
№5 тапсырма. Суреттің негізінде төменде берілен сұрақтарға жауап беріңдер.
2010 жылы Қытайда пиджактарының қайырмасында орналастырылған көкнәрларымен бейнеленген британдық министрлердің суреті
- Неліктен Қытай бұл жағдайды өз үкіметін кемсіту ретінде қабылдады?
- Неліктен британ министрлері көкнәрді шешуден бас тартты?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру