Англия және Қытай үкіметтерінің хат алысуынан империализм туралы не біле аламыз? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 8.12.1
VІ бөлім. XIX ғасырдағы Қытай мен еуропалық державалар
Сабақ тақырыбы: Англия және Қытай үкіметтерінің хат алысуынан империализм туралы не біле аламыз?
Оқу мақсаты:
7.3.2.2 - XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау
Тарихи концепт: интерпретация
Сабақтың өзара байланыс компоненттері:
- Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардын жұмысқа қолайлы психологиялық көзқараста болуын қамтамасыз ету маңызды. Мысалы: “Теріс мәтін” атты жаттығуды өткізіңіз. Оқушыларға шағын мәтінді беріп, оларды соңғы сөзден біріншіге дейін теріс қарай оқып шығуларын сұраңыз. Олар асықпай және әрбір сөзді анық оқулары керек.
Мәтіннің мысалы:
Азияда жаңа уақыттың басында ең қуатты мемлекеттер: Батыс Азиядағы Осман империясы, Үндістандағы Моғол империясы, Қытайдағы Цин империясы, XVI ғасырдың аяғында - XVII ғасырдың басында Жапонияда Иэясу Токугаваның бедельді жергілікті князьдерді жеңгеннен кейін Токугава сегунның 1911 жылға дейін өмір сүрген сегунаты болды.
Бұл жаттығу оқушылардың ойлау іс әрекеттерін белсенділетеді, оларға зейін қоюға көмектеседі, сыныпта позитивті психологиялық микроклимат қалыптастырады.
2. Оқушыларды тақырыпты зерттеуге ынталандыру мақсатында «БЫM»-бастапқы ынталандырушы материал» әдістемесі өткізіледі. Оқушыларға сабақтың басында дүниежүзі тарихы сабақтарында 6-7 сыныптарда Азия елдерінің Осман империясы, Жапония, Үндістан және Қытайдың әлеуметтік құрылымы туралы алған білімдерін түсіруді ұсыныныс.
Сұрақты талқылаңдар: Жаңа тарих қарсаңында бұл елдердің дамуында қандай ұқсастықтар болды?
Оқушылардың жауаптарының мысалы:
-Бұл мемлекеттердің бәрі монархия болды: мемлекеттің басында билігін мұра арқылы алатын жалғыз билеуші болды.
-Бұл мемлекеттердің бәрі феодалдық мемлекеттер болды: негізгі байлық жер меншігі болды, негізгі әлеуметтік топтар: жер иелері феодалдар мен оларға тәуелді жер иеліктері жоқ шаруалар болды.
-Барлық осы мемлекеттерде дәстүрлі қоғам қалыптасты, яғни ежелгі дәстүрлерге және ұлттық (немесе әлемдік) дінге (ислам, синтоизм, индуизм, конфуцианизмге) негізделген ерекше әлеуметтік қатынастар орын алды.
Қажет болған жағдайда мұғалім оқушылардың жауаптарын қосымша сұрақтар қою арқылы анықтайды және толықтырады.
XIX ғасыр Шығыс елдер үшін күрделі сынақтардан өткізген және мемлекеттік тәуелсіздіктерінің жоғалу қаупі болған кезең.
Алдыңғы бөлімде оқушылар Осман империясының тарихи тағдырын қарастырса, олар осы бөлімде XIX ғасырдағы Қытайдың әлсіреуінің себептері мен салдарымен танысады.
3.Бұдан кейін мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырады. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Оқушылар сабақтың мақсаттарын түсінгендеріне көз жеткізіңіз.
4.Терминологиямен жұмыс. Оқушылар топтарына «Дәстүрлі қоғам» және «Индустриалды қоғам» терминдердің анықтамаларын карточкаларға сөздерін бөліп ұсыныныз. Оқушылар ұсынылған сөздерден терминдердін анықтамасын дұрыс құрастырулары керек.
Оқушылардың жауаптары:
Дәстүрлі қоғам - адам өзінің өмірін табиғаттан тыс елестете алмайды; ғасырлар бойы сақталып келе жатқан дәстүрлер мен әдеттер олардың өмірінің негізін құрайды.
Индустриалды қоғам - ірі, технологиялық тұрғыда жоғары дамыған өнеркәсіптің құрылу процесі аяқталған қоғам.
Дескрипторлар:
- оқушы сөздерден жаңа терминдердің анықтамасын дұрыс құрастырады,
- оқушы топтық жұмыста тиімді өзара әрекеттесе алады.
Мұғалім осы терминдерден басқа, “модернизация” терминімен таныстырады. Бұл - Шығыс елдерінде өнеркәсіптік қоғамның қалыптасуы мен дамуы, яғни олардын дәстүрлі қоғамнан өнеркәсіптік қоғамға көшу ұдерісі; арта қалған қоғамның өзгеруі, осі үдерістің барысында ол дамыған қоғамға тән жаңа қасиеттерге ие болады.
Содан кейін мұғалім оқушыларға дәптерге «Модернизацияның үш эшелоны» тақырыбындағы кестесін жасауды сұрайды. Онда модернизацияның жаңа тарих кезеңінде қалай жүріп өткені туралы анықтауды ұсынады.
Бұл кесте келесі оқытылатын тақырыптарда пайдаланатылатынын атап өтіңіз.
Сұрақтар | Модернизацияның бірінші эшелоны | Модернизацияның екінші эшелоны | Модернизацияның ұшінші эшелоны |
Елдер | Англия, Франция | Германия, Италия, Австрия империясы, АҚШ, Ресей | Азия, Африка және Латын Америка елдері |
Басталуы | XVII ғасыр | XVIII ғасыр | XIX ғасырдың аяғы |
Себебі | Табиғи, ішкі себептер мен экономикалық алғышарттардың әсерінен | Бірінші деңгейлі елдердің ықпалымен. Модернизацияны мемлекет басқарды. | Еуропаның және АҚШ-тың индустриалды елдері ықпал етті. Ішкі алғышарттар болмады. |
Жылдамдық | Эволюциялық қарқанмен | Тез, жылдам қарқанмен | Баяу қалыптасты |
Аяқталуы | XVIII ғасыр | XIX ғасырдың екінші жартысы | XX ғасырдың басы. |
5.Тарихи дереккөздермен жұмыс. Оқушылар қытай императоры мен ағылшын королі бір біріне жазған хаттардың мәтіндерімен танысады. Оқушыларға жұппен талқылап, осы хаттардың мазмұны бойынша Т-кестені толтыруды ұсыныңыз.
Кестені толтыру үлгісі:
Англияның мақсаттары | Цин империясының позициясы |
|
|
| 2. Ұлттық өзгешеліктерін және мемлекеттік тәуелсіздігін Батыс елдерінің ықпалынан сақтап қалу, елдегі императордың абсолютті билігін сақтап қалу. |
Тапсырма дескрипторлары:
- оқушы Қытайға қатысты Англияның кем дегенде екі мақсатын дұрыс анықтайды,
- оқушы Батыс елдеріне қатысты Қытайдың позициясын айқындайтын кем дегенде екі деректі дұрыс анықтайды.
6.Сабақ бойынша рефлексия. Сабақты көрытындылау үшін оқушыларды осы сабақтың кейіпкерлерінің бірінен жауап ретінде хат жазуды қсыныңыз: император Цяньлунге немесе Король III Георгке. Хаттарында оқушылар осы сабақта зерттелген екі ел арасындағы қарым-қатынастың сипаты бойынша өз көзқарасын білдірулері керек.
Жеке оқушылардан өз хаттарын оқып беруді сұраңыз, басқа оқушылар өз пікірлерімен бөліседі.
8.Үй тапсырмасы ретінде оқушыларды өткен тақырып бойынша қосымша әдебиеттерді оқуды ұсыныңыз, мысалы: Г.Ефимов. «Қытайдың сыртқы саясаты. 1894-1899 жж.»
Саралап оқыту мүмкіндіктері
2-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.
Қытай отбасындағы өмірді ұйымдастырудың негізіне жататын дәстүрлерді сипаттайтын мәтінді окыңыз. Осындай отбасылық қарым-қатынастар қалыптасқан қоғамның түрін жазыңыз.
“Отбасының басшысы барлық балаларды, кіші інілерді және отбасылардың барлық мүшелерін басқарады, олардың міндеттерін бекітеді, мысалы, қойма, асхана, баұ қызметі және т.б., тапсырмаларды (күнделікті кім қандай тапсырма орындау керек) тағайындайды, оларға қажетті нәрселерді береді: тамақ, киім және т.б. Ешқандай жағдайда отбасы мүшелері өзбетінше әрекет ете алмайды, және олар бәрін отбасы бысшысына хабарлауылары керек және оның айтқанына сай әрекет етуілері керек.
Ұлдардын және әйелдердің өздерінің мүліктері болмайды: олар түрлі жолдармен ие болған кез келген зат әкенің иесі болып есептеледі; олар кез-келген тұрмыстық заттарды пайдаланғылары келсе, олар әкелерінің рұқсатын алу керек; өз қалауы бойынша бөтен адамдарға ештеңе бере алмайды немесе олардан ала алмайды”.
Ата-анасына қарсылық көрсеткені үшін заң қатаң жазалайды: «Әкесін немесе анасын, әкесінің жағындағы атасын немесе әжесін, сондай-ақ қайын-ата-анасын ұрып соққан адам, және өсындай әрекеттер жасаған әрбір әйел денесін екіге кесу арқылы өлім жазасына тартылады”. Заңда осымен қатар былай жазылған: «Әкесін немесе анасын жағымсыз сөздер айтып ренжітген адам, әкесі жағындағы атасын немесе әжесін сөзбен қорлаған немересі тұңшықтыру арқылы өлім жазасы тағайындалады, егер осындай жағдайды өзі естіп, билікке шағымданған адам бар болса».
Ақсақалдарға құрмет көрсету әдет бірнеше мақалдарда бекітілген, мысалы: «Отбасындағы үлкен адам - қазына», «Егер отбасында кәрі адам болса, бұл отбасында тәжірибе бар», «Қарттармен әңгімелескенде дауысыңызды төмендетіп, түсініксіз сөздерді қолданбауыңыз керек», «Ақсақал орнынан тұрғанда, кіші адамға отыруына болмайды; ақсақал отырғанда, жасөспірім ақсақал өзі айтқанша, отыруға тиіс емес”.
Сіздің жауабыңыз: ______________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру