Мерекелерді тойлау мәдениеті мен спорттық ойындар. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Мектеп:

Мерзімі: 4-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мерекелерді тойлау мәдениеті мен спорттық ойындар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.6.1 Зерттеу негізінде Қазақстанда тұратын халықтардың мерекелеріне шығармашыл көзқараспен қарау.

3.1.4.2 Спорт түрлерін топтау, спорт түрлерінің қайсысына өзінің қарым-қабілетінің жететінін анықтау.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Қазақстанда аталып өтілетін мерекелердегі спорттық ойындардың маңызын түсінеді.

Бағалау критерийлері

- Қазақстанда тұратын халықтардың мерекелерін біледі;

-Қазақстанда аталып өтілетін мерекелерді сипаттай алады;

- Мерекелерде ұйымдастырылатын спорттық ойындарды топтай алады.

- Мерекелерде ұйымдастырылатын спорт ойындарының маңыздылығын түсінеді.

- Спорт түрлеріне байланысты қандай дағдылар дамитыны туралы әңгімелейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- ұлттық және мемлекеттік мерекелерді сипаттайды.

Терминология:

  • ұлттық және мемлекеттік мерекелер
  • спорттық ойындар

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Спорт ойындары өтетін қандай мерекелерді білесіңдер? Неліктен мерекелік шараларға спорт ойындарын қосады?

Жазуға берілетін тапсырма:

  • «Менің сүйікті мерекем» тақырыбында эссе жаз.

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерінің маңызын түсіну арқылы жүзеге асады.

Бірлікті, ынтымақты, достықты нығайтуға, сақтауға үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Дене шынықтыру: спорт түрлеріне түсініктеме беріледі.

Әдебиеттік оқу: ой толғау жазу дағдысының дамуы

Алдыңғы меңгерілген білім

Қазіргі кездегі мерекелер мен бұрынғы мерекелердің, мемлекеттік мерекелер мен ұлттық мерекелердің айырмашылығын 2 сыныптағы «Салт-дәстүр және әдебиет» тарауында меңгерген. Спорттың негізгі трлерін біледі, мысал келтіре алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

5-6

  • «Шаттық шеңбері» (ұжымда)

Оқушылар шеңберге тұрады, допты бір-бірлеріне беру арқылы өздері білетін мерекелердің барлығын атап шығады. Мұғалім оларды тақтаға жазып отырады. Аталған мерекелерді атап өту маңыздылығы сұралады.

Сұрақтар арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

  • Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:
  • Қазақстанда аталып өтілетін мерекелердегі спорттық ойындардың маңызын түсінеді.

Доп, тақта, бор/маркер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Сабақ ортасы

7-11

12-18

19-25

26-35

  • «Мен қай мерекемін?» ойыны (ұжымда)

Оқушыларға «Мен кіммін?» ойыны желісімен «Мен қай мерекемін?» ойынын ойнау ұсынылады. Оқушылар бастарына киген тәжге карталарды тағып, әр түрлі сұрақтар қою арқылы қай мереке туралы айтылып тұрғанын табулары тиіс.

Бағалау критерийлері:

-Қазақстанда тұратын халықтардың мерекелерін біледі;

- Қазақстанда аталып өтілетін мерекелерді сипаттай алады;

  • «Екі сандық» стратегиясы (топпен, ұжымда)

Мұғалім тақтадағы мерекелерде қандай спорттық ойындар өтетін талдауға тапсырма береді.

Таңдалған спорттық ойындарды топтау үшін әрбір топқа екі сандықтан (жәшіктен) беріледі:

1-топ: Ұлттық, олимпиадалық;

2-топ: Жазғы және қысқы ойындар;

3-топ:Интеллектуалды ойындар, дене қозғалыс ойындары;

4-топ: Командалық, жеке.

Осы жәшіктерге оқушылар спорт түрлерін жазып (немесе дайын тізімнен таңдап) әрбір жәшікке салу керек.

Спорт түрлерін топтап болғаннан кейін, әр топтан бір көшбасшы шығып, өз жәшіктеріндегі спорт түрлеріне сипаттама беріп, олардың маңыздылығын айтып береді.

Бағалау критерийлері:

- Мерекелерде ұйымдастырылатын спорттық ойындарды топтай алады.

- Мерекелерде ұйымдастырылатын спорт ойындарының маңыздылығын түсінеді.

  • «Ойлан! Тап!» тапсырмасы (ұжымда).

Мұғалім оқушылардан әр спорт түрі қандай дағдыларды дамытатыны жайлы айтуды сұрайды.

Ол үшін жәшіктерінен 4 спорт түрін алады да ұжым алдында сұраққа жауап береді:

Осы спорт түрімен қандай дағдыларды дамытуға болады?

Мысалы: футбол ойынына - аяқ күші, шахматқа – интеллектуалдық қасиет, воллейболға – қолдың күші, жеңіл атлетикаға – аяқ күші және т.б.

Басқа топ мүшелеріне толықтыруға болады.

Бағалау критерийлері:

- Спорт түрлеріне байланысты қандай дағдылар дамитыны туралы әңгімелейді.

  • «Менің сүйікті мерекем» тақырыбына эссе жазу (жеке)

«Менің сүйікті мерекем» тақырыбына эссе жазады. Ой толғау жазар алдында минималды сөйлем саны (7 сөйлемнен кем емес), бағалау критерийлері таныстырылады.

Бағалау критерийлері:

  • Қазақстанда тұратын халықтардың мерекелерін біледі;
  • Қазақстанда аталып өтілетін мерекелерді сипаттай алады;
  • Мерекелерде ұйымдастырылатын спорт ойындарының маңыздылығын түсінеді.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

басқа киетін «тәж», карточкалар

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

сандықшалар, таратпа сөздер

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Таратпа парақ

(дидактикалық материалға қараңыз)

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия «Шахмат тақтасы» (жеке):

Оқушылар тақтада ілінген шахмат тақтасының торларына сабақ бойынша кері байланыс береді.

«+» - жақсы түсіндім...

«-» - түсінбегенім...

«?» - сұрағым бар...

Кейбір сұрақтарды оқып талқылау жүреді.

Шахмат тақтасы

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Мен қай мерекемін?» ойынында қабілеті жоғары оқушылар тәжді киіп, шығармашылықпен мерекені көрсетулері ұсынылады. «Екі сандық» стратегиясында оқуда кедергісі бар оқушыларға спорт түрлері жазылған дайын тізімді беруге болады.

Барлық оқушылар эссе жазады, қабілеті жоғары оқушылар 5-тен көп сөйлем жазуларына болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Оқушылардың мерекелердегі спорт ойындарының маңызын түсіну деңгейлерін «Екі сандық», «Ойлан, тап!» стратегиялары барысында байқауға болады. Жекелеген оқушыларға «Қазақстандағы мерекелердің тізімін жөнде», «Халықаралық мерекелер мен ұлттық мерекелерді» салыстыр тапсырмаларын беруге болады. «Менің сүйікті мерекем» тақырыбына эссе жазу бағалау критерийлері арқылы бағаланады.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу