Ботай мәдениеті. Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 3 тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ботай мәдениеті

Оқу

мақсаттары

2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау

2.3.3.1 Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау

 Сабақ мақсаттары

Көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттаймыз;

Ботай мәдениетімен танысамыз;

 Бағалау критерийлері

Дереккөздер арқылы батырдың келбеті, мінез – құлқы, ерліктері туралы сипаттап жазады.

 Тілдік мақсаттар

 

  • археология;
  • айғақ (зат)
  • дәлел;
  • кремнийден жасалған пышақ;
  • балта;
  • аңшы-терімшілер қоғамы;
  • оқиғаларды қалпына келтіру;

.

 Құндылықтарды дарыту

- қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

- құрмет;

- ынтымақтастық;

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану , тарих

 АКТ

Оқушылар суреттер мен видеолар іздестіреді.

Алдыңғы меңгерілген білім

Әр заман батырлары тақырыбы бойынша материалдар қарастырылған

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Оқушылар белсенді тақтадан берілген сілтеме бойынша «Көне құмыраның сыры» мультфильмін көреді

Мақсаты:Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, сабақтың тақырыбын ашу.

-Балалар, мультфильм не жайында?

- Көне заттарды жәдігер дейді. Жәдігерлерді кім табады?

- Археологтар туралы не білесіңдер?

- Қала дегеніміз не?

- Қала қай кезде және неліктен пайда болды?

- Қазақстанның қандай көне қалаларын білесіңдер?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

-Бүгінгі сабақта Ботай мәдениеті жайлы танысып, көне қалалардың сырын ашатын адамдардың еңбектерімен танысамыз.

Мультфильм «Көне құмыраның құпиясы»

Сабақ ортасы

33 минут

 

(МК).

(Т,Қ) Топпен жұмыс. Мәтінді оқыңдар. Негізгі ақпаратты таңдап бір біріңе айтыңдар.

1 Ботай әлемдегі – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы.

Ботай мәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті.  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының  Никольское  ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған.

2 Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің  археологиялық  экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт)  15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды.Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады.

3 Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған  тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ,  қанжаржебеніңнайзаның  ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді.

4 Сонымен қатар  гарпунинежуалдыз,  тескіштертұмар және  әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан.Бота мәдениеті  Жайық  пен  Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады.

Қорытынды:

) Бейнекөрініс «Ботай мәдениеті»

Нұсқаулық: Негізгі ақпараттрды түртіп ал.

) Сен білесің бе?

Мақсаты:Оушылардың жылқы малы туралы түсініктерін арттыру.

Оқушылардан берілген айдарды оқып шығу тапсырылады. Оқушыларға «Келесіге бер» ойынын ойнау ұсынылады. Ол үшін алдын – ала ойыншық ат дайындалып қойылады. Барлық оқушылар шеңбер бойымен тұруларын сұрау. Қолында ойыншығы бар қатысушы жылқы туралы бір сөйлем айтып, келесі ойыншыға береді. Сөйлем айта алмаған оқушы ойыннан шығып отырады. Ең соңында қалған оқушы жеңімпаз атанады.

(Ө,Қ)Карточкамен ұмыс

Мақсаты:Оқушылардың алғн білімдерін бағалау

Тапсырма. Ботай мәдениетіне қатысты ақпаратты суретпен байланыстыр.

Сұрақтар

Жықы ойыншығы немесе суреті

Мақалдар азлғн А 4 парақтары

суретті сызба

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

-Не білдік?

-Не үйрендік?

-Не ызықты болды?

Өзін өзі бағалау

Критерийлер бойынша бағалайды.Өз орнын баспалдақта табады.

Жетістік баспалдағы

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады.

Топтық жұмыста өз ойларымен бөлісуі, батырдың қаруларын білу және сипаттауға байланысты сөздерді білуі бағаланады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ-да бейнеролик 3 минутқа жоспарланды.

Топпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу