Ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастыру және өткізу. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Бекітемін____________

____________________

Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 4- ұлттық ойындағы шығармашылық әлеует

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастыру және өткізу

Оқу мақсаттары

11.2.5.5. Өзінің және өзгенің шығармашылық қабілетін біріктіру нәтижелерін бағалау.

 Сабақ мақсаттары

  • Өз креативтітілік бағалау басқаның креативтілігін бағалау
  • Өз креативтілігі мен басқа оқушы креативтілігін салыстыру

 Бағалау критерийлері

  • Қазақтың ұлттық ойындарын анықтайды
  • Ұлттық ойындар ойналу тактикасын түсіндіреді
  • Өз кретаивтілігімен басқаның креативтілігін салыстыра отырып,бағалайды

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Ағзаның функциональдық жүйесіне әсер ететін жаттығуларды түсіндіруде (айтылым) дағдыларын дамытады. Тақырып бойынша ұсынылған тапсырмалармен танысуда (оқылым) дағдыларын дамытады.

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • Жарысты өткізу (қауіпсіздік, қатысушылар, ұйымдастырушылар, жаттықтырушы, төреші, орыны, уақыты, бюджеті)
  • «Көкпар» (шабандоз, жылқы, салым, қақпа)

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Ойынды қалайша өзгерткенде қиынырақ болады?
  • Команданың жақсы бірлесіп жұмыс жасауына сіз қалай көмектесе аласыз?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Ынтымақтастық.

Топтық жұмыс барысында іс-әрекеттерді бірігіп орындау, бір-бірінің ойын тыңдау және ауызбіршілікті қалыптастыру.

Өмір бойы білім алу.

Жаңа оқу материалдарын өткен тақырыппен байланыстыра отырып, білім берудің бірізділігімен өмір бойы білім алу қажеттіліктерімен ұштастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Физика- күш, жылдамдық терминдерін қолдануда

 АКТ қолдану дағдылары

Топтық тапсырма есептеуде интербелсенді тақтаны пайдаланылады.

Бастапқы білім

Алдыңғы сыныптарда, үйде және сыныптан тыс қазақтың ұлттық ойындары туралы білімдері бар деп саналады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Көрсетілген материалдарға байланысты оқушылар ұлттық ойындар туралы әңгімелесуде (презентация).

Алдыңғы білімге шолу. Оқушылардың көңіл - күйін ширатып, белсенділігін арттырып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «молекула мен атом» ойыны арқылы топқа бөлінеді. Қозғалмалы ойыны арқылы денені қыздыру. («Замарозки» ойыны.)

Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық, интербелсенді тақта.

Сабақтың ортасы

25 минут

«Көкпар». Бұл ойында оқушылар тең екі командаға бөлінеді. Әр командада оқушылар ішінен екі адамнан жұптар құруы қажет. Жұптарда, бір оқушы «жылқы» рөлінде, ал екіншісі «шабандоз» рөлінде болады. Әр ойын басталар алдында доп қандай командада болатынын анықтау қажет. Шеңбер ортасына екі команданың капитандары шығады, кім кімді шеңбер немесе сызық сыртына бір қолымен тартып алса, сол командада доп болады. «Шабандоздар» және «жылқылар» рөліндегі оқушылар ойын барысында бір қолдарымен бір-бірін ұстап жүрулері керек. Тек шабандоздар ғана екінші қолымен допты алып және келесі шабандозға бере алады. Белгі бойынша, «шабандоздар», «жылқыларымен» жүгіріп келіп, допты қарма-қарсы жақтағы құрсауға салуы керек. Допты салған команда ұпай алады. Ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Сұрақ: Ойынды өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы неліктен маңызды? Берілген ойында оң нәтижеге қол жеткізу үшін ойыншыларға қандай ұсыныс жасай аласыздар?

Дескриптор:

  • Ойын кезінде өз рөлдерін бөлісу арқылы анықтайды, ойын кезінде көрініс табады.
  • Ойын кезінде әр әдістерді түсіндіріп, бағалайды.

Топтар сұрақтарға жауап береді. Өзара (бірін-бірі) бағалайды.

Үлкен ойын кеңістігі. Доп, шеңберлер, шеңберлерді сызу үшін бор, алаңды белгілеу үшін конустар немесе фишкалар, командаларды белгілеу үшін манишкалар, баулар, ысқырық.

«Көкпар ойыны» интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=vXFAevvWIvc

Дидактика №1

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау, бүгінгі өтілген сабаққа ауызша рефлексия «Құнды. Қызықты. Қиын»

Сұрақ – жауап

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: ұлттық ойындарды ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі: тапсырмалар орындаған кезде түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: ойын кезінде, тез орындалатын жолдарын қарастырады. Топты алға жетелейді.

Жаңа сабақтың меңгеруі тапсырмасы кезінде топтық бағалау жүреді.

Алдыңғы білімді тексеру кезінде және сабақтың барлық бөлімінде мұғалімнің бағалауы кері байланысы болады.

Тапсырмаларды орындау кезінде, шапшаңдықты талап ететін тапсырмаларда, қозғалыс кезінде соқтығысу қауіпін бақылау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу