Жеңіл атлетика және фитнес. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім – Денсаулық және салауатты өмір салты.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жеңіл атлетика және фитнес.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.3.3. Ағзаға тиімді қысқа және ұзақ мерзімді қарқындылығы бар жаттығуларды талқылау.

10.3.1.1. Салауатты өмір салты мен дене белсенділігіне деген өз көзқарасын түсіндіру және нақтылау.

 Сабақ мақсаттары

Балалардың физикалық әрекеттерін дамытуға және денсаулықты нығайта, түрлі жаттығуларын орындау кезінде қимыл-қозғалыс реттілігін сақтап, іс жүзінде қолдану арқылы жүгіру.

 Бағалау критерийі

  • қарапайым дене жаттығуларын орындайды;
  • дене дамуына ықпал ететін, қарапайым жаттығуларды орындау және сипаттау.

 Тілдік мақсаттар

 

Жеңіл атлетика жаттығуларының денсаулық құрамдас тарына әсерін түсіндіріңіз және талдаңыз.

Пәндік лексика және терминология

  • Жүгіру, сөре, ауыспалы жүгіру, жылдамдату;
  • бұлшық еттер мен олардың құрылымы;

Диалогқа арналған пайдалы сөздер

  • Денсаулыққа қандай құрамдас тар кіреді?
  • Бұлшық еттерді не үшін шынықтыру қажет?
  • Осы тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтарға кездестіңіз?
  • Тапсырманы орындау үшін неге көңіл аудару қажет?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығына жауапкершілік дағдысына негіздеу, дененің дұрыс дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін арттыру, қозғалыс білік-дағдыларын жетілдіруіне ықпал ету.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы, физика.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану; Жүгіру техникасына сілтеме: http://www.jv.ru/news/zaniatiia/fotokomplieksy/25623-kak-nauchitsya-bistro-begat-kompleks-uprazhnenij.html

Жүгірудің қозғалыс дағдыларын жақсартуға арналған сілтемеhttp://nogibogi.com/uprazhneniya-dlya-uluchsheniya-texniki-bega/

Арнайы жүгіру жаттығуларын орындауға арналған сілтеме

http://run-and-travel.com/specialnie-begovye-uprazhnenya-sbu/

Бастапқы білім

Аталған тарауда жүгіру техникасы мен оның түрлерін жетілдіру, екпінмен ұзындыққа секіру, лақтыру бойынша жұмыстар жалғасады. Төзімділікті, күштік - жылдамдықты, жылдамдық және координациялық қабілетті одан әрі дамытуға назар аударылады. Техника мен координациялық қабілеттерді жетілдіруге әсер ететін жаттығулардың пайызы ұлғая түседі. Қозғалыс белсенділігі аясында, оқушылар денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған жаттығулар кешенін құру және орындау қабілетін көрсетеді.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б=барлық сынып ЖЖ=жұптық жұмыс

Тәж=оқушы тәжірибесі Ф=формативтік бағалауды қолдайды

Т=топтық жұмыс Ж=жеке жұмыс К=оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Дайындық бөлім: Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу, сабақ мақсатын түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Дене қыздырыну жаттығуларының ережесі (мұғалім тарапынан айтылады): - жүгіруді бірден жоғары қарқынмен бастауға болмайды. Себебі, бірден қатты жүгірген адам тез шаршайды да, межелі жерге жете алмай қалуы мүмкін; - жүгіруді,секіруді және лақтыруды баяу бастап, жылдамдықты біртіндеп үдете беру қажет.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте - бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Сынып шағын топтарға бөлінеді. Оқушылармен «Айна» ойынын ойнау арқылы жалпы дамыту жаттығуларын орындау кезінде бір біріне түсіндіре сөйлеу арқылы, қалай орындалуы жайында жеткізу.

Оқушылар 8 – 10 немесе 16-18 рет орындалатын кешенді жаттығудан тұратын таңертеңгілік гигиеналық гимнастика кешенін талқылайды және орындайды.

Мұғалім үшін ысқырық, секундомер тексеру журналы.

Сабақтың ортасы

(Т, Ф) Топта оқушылар тақырыпқа арналған мүмкін болатын ойлармен алмасады: денсаулық құрамдас тары: Одан кейін топтар ойлар тізбегін ұсынып, оларды бір бірімен талқылайды. Талқылаудан кейін олар денсаулықтың негізгі құрдастарын таңдайды.

Ұстаз, топтарды бақылап және олардың жауаптарын тыңдап, жауаптарды нақтылау үшін оқушыларға сұрақтар қояды:

Денсаулыққа қандай құрамдас тар кіреді?

Сау болу үшін не жасау қажет?

Денсаулыққа қандай физикалық жаттығулар әсер етеді?

Денсаулық құрамдас тарына әсер ететін теріс факторларды тәуекелін қалай азайтуға болады?

(С, К, Ж,Ф) Оқушылар арнайы - жүгіру жаттығуларын орындайды:

  • Жамбасты жоғары көтеріп жүгіру 30-40м
  • Жылдамдықпен жүгіру 50-80м
  • Сирақты артқа лақтырып жүгіру 30-40м
  • Жылжымалы қадаммен жүгіру 30-40м
  • Секіру қадамдарымен жүгіру 30-40м
  • Жылдамдықпен жүгіру және серпінмен жүгіру 30-40м
  • Алмастырып жүгіру 30-40м

(С, Т, К) Қарапайым жүгіру эстафеталары

Оқушылар 5-10 адамнан командаларға бөлінеді. Тапсырма - белгіленген бұрылыс пунктіне дейін жүгіріп бару, оны айналып өтіп кері қайту, командадағы келесі мүшенің алақанына алақанды тигізу, содан кейін ғана ол жүгіруді бастайды және т.с.с. Барлық эстафеталарда алғаш мәреге жеткен команда жеңіске жетеді.

Ұстаз өзінің қалауы бойынша эстафетаны түсіндіре алады.

Сұраңыз: Денсаулық құрамдас тарына қандай жүгіру жаттығулары әсер етеді? Бұлшық еттерді не үшін шынықтыру қажет?

Ұстаз қарқын барлығына ыңғайлы болу үшін "үлкеннің" жүгіру қарқынын бақылау қажет.

Кең бос алаң.

Жүгіру техникасына сілтеме: http://www.jv.ru/news/zaniatiia/fotokomplieksy/25623-kak-nauchitsya-bistro-begat-kompleks-uprazhnenij.html

Жүгірудің қозғалыс дағдыларын жақсартуға арналған сілтемеhttp://nogibogi.com/uprazhneniya-dlya-uluchsheniya-texniki-bega/

Арнайы жүгіру жаттығуларын орындауға арналған сілтеме

http://run-and-travel.com/specialnie-begovye-uprazhnenya-sbu/

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі: Оқушыларды сапқа тұрғызып, бір оқушыны ортаға шығарып «Жеңіл атлетика және фитнес» бүгінгі өткен сабақ жайында. Оқушыларға сұрақтар: Осы ойында жүректен басқа қандай ағзаның іске қосылады? (мысалы, үлкен бұлшық ет). Оқушылардың денсаулық туралы түсініктерін сұрақтар мен жауаптар арқылы бағалау.

Миға шабуыл арқылы сұрақ – жауап; Тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар кездесті? Ойында қандай стратегияны қолдандыңыз? Оң нәтижеге қол жеткізу үшін бұл тапсырмаға қандай дағдылар қажет? Жалпы баға «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: қол, дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.Әр түрлі қабілеттегі оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беру. Жалпы дамыту жаттығуы.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жеңіл атлетикалық қимыл-қозғалыс функцияларын дамыту жаттығуларына бағытталған қозғалыс әрекетін орындау кезінде күшті дұрыс жұмсау. Қабілеті жоғары оқушылар жаттығу компоненттерін және денсаулықты нығайту факторларын үлгі ретінде сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету. Жаттығулардың нұсқаларының орындалу деңгейін күрделендіру.

Оқушылардың өз бетінше кең ауқымды жаттығуларымен белсенді жұмыс істеуі.

Өз бетінше тапсырмаларды орындау, өзіне тән ыңғайлы тәсілдерін байқап көру. Көптеген секіру дағдыларын анықтау, көрсету белсенділігі. Қозғалыс әрекетін орындау барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Өзін-өзі бағалау, басқа орындаушылардың қозғалыс сапасына баға беру.

Негізгі дене жаттығуларын орындауда, тапсырмаларда тәуекелдер мен қиындықтарға назар аудару.

Спорттық құралдардың дұрыс орналасуына аса кең көлемде көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Тапсырмалар барысында дұрыс тыныс алуына баса назар аудару.

Демді ретке келтіру тәсілдерін пайдалану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсатының негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Оқушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, тапсырмаларын жүйелі орындайды, қателерін анықтайды, түзетеді.

Жеңіл атлетикалық тапсырмаларды жұппен және топпен машықтанып, орындап қол жеткізді.

Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Жеңіл атлетикалық жаттығулардың нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, техника қауіпсіздік ережелерін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға негізгі қозғалыс дағдыларын жетілдіруге тапсырмалар берілді, әр түрлі ыңғайлы, ұтымды қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жеңіл атлетикалық жүгіру әрекеттерінің техникасына, орындалу сапасына көңіл бөлу.

Білім алушының деңгейін, белсенділігін анықтау.

2: Жаттығуларды кешенінің жүйелілігінің, реттілігінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау.

Тапсырмаларды орындаудағы белсенділік.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап тапсырмалар беру. Қимыл-қозғалыстардың айырмашылығын анықтау.

2: Спецификалық қозғалыс әрекеттерді ұтымды, ыңғайлы, үйлесімді қолдану. Тапсырмалардың мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың белсенділігі, бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Секіру және дәлдеу түрлеріне, қимыл-қозғалыс аппаратының негізгі функцияларына байланысты сұрақтар қою. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу