Тактикалық дағдыларды қолдану. Дене шынықтыру, 10 сынып, дидактикалық материал. 7-8 сабақ.


7-8 сабақтың дидактикалық материалы

Бірмезгілде екі адымдық жүріс былай орындалады: (сурет-1)1. Шаңғышы біруақытта екі қолмен екпін алуды аяқтаған соң еңкейген қалыпта екі шаңғыда сырғанайды және баяу тіктеліп таяқтарды алдыға жүргізе бастайды.

2-3. Дене массасын сол аяққа салып, шаңғышы таяқтарды жүргізуді жалғастырып тізесін сәл бүгіп оң аяқпен алдыға қадам жасайды. Сол аяқпен екпін алу аяқталған соң, оң аяқта екпін алу басталады.

4-5. Шаңғышы дене салмағын алдын ала оң аяққа салып және сәл отырып оң аяқпен екпін алады; бұл мезетте таяқтар сақина кейпінде алдыға жүргізіліп, қарға қадалады.

6. Аяқпен екпін алу аяқталған кезде таяқтар жұмыс қалпына келеді (үшкір бұрышпен алдыға) және қолмен екпін алу басталады.

7. Қолмен екпін алу және сол шаңғыда сырғанау жалғасады. Бұл кезде оң аяқ үздіксіз серпілмелі қозғалыспен алдыға жылжиды.

8. Қолмен екпін алу аяқталған соң оң аяқ сүйенішке қойылады да екі шаңғыда сырғанау басталады. Біршама уақыт шаңғышы жылдамдықты қолдана отырып, екі шаңғыда бәсең сырғанайды.

Сурет-1. Бірмезгілде екі адымдық жүріс

Алмакезек екі адымды шаңғы жүрісі

 Еркін сырғанаудың бірінші фазасын бастау. Оң аяқпен екпін беріліп, шаңғы қарда сырғанайды. Шаңғышы сол жақ шаңғыда бірсүйеніштік сырғанауға ауысады,оң жақ аяқпен екпінді аяқтау кезінде және сырғанаудың басында сол аяқтың саны тік қалыпта болады. Екпін тіке сызық бойына бағытталған – дене және оң аяқ.

 Оң қол таяқты алдыға қарай жібереді. 2-3. Сол аяқта сырғанау, оң аяқ еркін және тізе буыны сәл бүгіліп артқа-жоғарыға қозғалады. Сүйеніш аяқтың саны бұрынғыдай тік. Оң қол таяқты жүргізуді жалғасытрады, ал сол қол еркін және инерциямен артқа қарай сәл сермеледі. Дененің еңкею бұрышы өзгермейді

Сурет-2. Алмакезек екі адымды шаңғы жүрісі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу