Тактикалық дағдыларды қолдану. Дене шынықтыру, 10 сынып, презентация. 5-6 сабақ.


Тактикалық әдіс дағдылары.

10 сынып, 3 тоқсан, №5 бөлім.

Қарағанды 2018

Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Оқу мақсаты:

Өзгермелі жағдайларда инновациялық стратегия және тактикалар құру және келтіру.

Сабақтың мақсаттары:

Оқушылардың барлығы тактикалық құрастыруларға қатыса алады.

Оқушылардың көбісі құрастырылған тактикаларды, іс-тәжірибеде қолдана алады.

Оқушылардың кейбіреуі қарсыластың тактикасын жарыс жолында қадағалай алады.

Бағалау критерийлері:

1. Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.

2. Сыни тұрғыдан ойлау қасиеттерін көрсету.

3. Шаңғы жүрістерінің техникасын жетілдіру.

Бір уақытта жасалатын қадамсыз шаңғылық тәсіл төменде көрсетілген түрде орындалады:

1. Қолмен итерілу аяқталған соң шаңғышы, екі шаңғыда бүгіліп, сырғанайды, басы аздап көтеріңкі.

2-3.Сырғыма жалғасады, шаңғышы ақырын түзеліп, жеңіл маятникті қозғалыспен таяқшаларын алға шығарады.

4.Шаңғышы толықтай түзеліп, итермеленуге дайындық басталады- дене салмағы аяққа ауысады, аяқ аздап бүгіледі, таяқшалар қарға қойылатын алдында алға шығарылған.

5. Таяқшалар қарға қойылып, қолмен итермелеу басталады.

6. Таяқшаларға түскен күштің негізі дененің бүгілуінен түседі. Қолдың бүгілу бұрышы біраз қысқарады.

7-8. Итерілу қолдың толық созылуымен аяқталады. Қол тізіден жоғары орналаспайды, таяқшаның иілу бұрышы кең.

9. Итерілу аяқталған соң шаңғышы инерция бойынша бүгіліп, екі шаңғымен сырғиды.

Бастапқы нұсқа аяқпен итермелеумен бір уақытта таяқтар алға шығады, ао таяқшалармен тартылу бір шаңғыда біраз жылжыған соң іске асады. Негізгі нұсқа айтарлықтай үнемді (жалпы уақыты 0,4 с мөлшерде көбірек) , себебі қозғалыс жиілігі төмен. Әрине, негізгі нұсқада сырғу жылдамдығы аздау.

Негізгі нұсқа келесі түрде орындалады:

1.Қолмен итермелеу аяқталған соң, шаңғышы шаңғымен сырғиды.

2. Ақырын түзеле отырып, таяқшаны алға жылжытады.

3. Дене салмағын алдын-ала сол аяққа ауыстыру арқылы, шаңғышы таяқшаны қарға қоя отырып сол уақытта сол аяқпен итерілуді орындайды.

4. Аяқпен итермелену аяқталған соң, қолмен итерілу басталады, ол басқа да бір уақытта жасалатын тәсілдер сияқты жасалады.

5-6. Шаңғышы қолмен итерілуді жалғастырып, оң жақ шаңғыда сырғанайды. Сол аяқ белсенді қозғалыспен алға шығарылады, және итерілу аяқталған кезде тіреушіге қосылады.

7. Қолмен итеру аяқталды, шаңғышы екі шаңғыда сырғанайды.

300-700 метр қашықтықтан өту (қыздар, ұлдар).

1. Нұсқа Сабаққа орта жылдамдықта қашықтықтан өту кіреді, 400-500 м-ден 3-4 жеделдету жасау ұсынылады (ұлдар) және 2-3 жеделдету 300-400 м(қыздар). Жеделдетуді орындау үшін , оқушыларға таныс нақты бағыттар қою қажет.

2. Нұсқа . Сегіздікпен екі шеңбер салынады -400-500 м және 500-700 м. Оқушылар шағын шеңберді максималды жылдамдықта өтеді, ақырын орташа жылдамдыққа ауысады, арасында демалып, үлкен шеңбер бойынша жылжиды. Содан соң, кіші шеңберге ауысады және оны максималды жылдамдықта өтеді, тағы орта шеңберге ауысады және т.б. Мұндай қайталаулар шағын шеңберде 5-6 рет болуы мүмкін (ұлдар) және 3-4 рет (қыздар). Шағын шеңберде көрсеткіш айтарлықтай төмендемесе, 8-10 мин демалыстан соң серияны қайталауға болады. Бұл нұсқаның тиімділігі мұғалім барлық оқушының жұмысын көріп, оны түзетіп отыруға мүмкіндігі бар.

Жылдамдық қабілеттерін, жылдамдық пен жалпы төзімділікке үйретумен қатар, шаңғымен сырғанау бойынша дене тәрбиесі сабақтарына күштік қабілеттерінің дамуы еңгізу мақсатты болып табылады. Бұл аяқты қозғалтпай ұзақ , түрлі рельефі бар, қозғалыс жасау болуы мүмкін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу