Тактикалық дағдыларды қолдану. Дене шынықтыру, 10 сынып, дидактикалық материал.


10 класс 5-бөлім – Шаңғы/ кросс/коньки дайындығы тактикалық дағдылар тақырыбына дидактикалық материалдар

Бұл жүріс техникасының негізін бірінен кейін бірі келіп отыратын қимыл - әрекет құрайды.

1. Аяқпен серпілу тоқталған сәт - бұл бір шаңғымен сырғанауға арналған дененің бастапқы қалпы.

2. Аяқпен итеруді бастау сәті.

3. Аяқпен серпілу алдында жерге тірейтін аяққа салмақ түсіре бастау

4. Жерге тірелген аяқпен серпілуді бастау

5. Соңғы рет серпілу алдындағы оны жаза бастау.

6. Аяқпен серпілуді аяқтау, бұл кезде жерге тірелген аяқ толық жазылады да, қол аздап бүгілген қалыпта алға шығады.

Осы санамалаланып берілген қимыл әрекеттерді орындай отырып, мына басты шартты сақтау керек; сырғанау бүгілген аяқпен орындалуға тиіс. Бұл кезде бір аяқпен тұру тепе - теңдігін неғұрлым ұзағырақ сақтауға тырысу керек. Тек осылай еткенде ғана сырғанай аттаған қадамды ұзарта түсуге болады. Демек, шаңғышы бұлшық еттердің серпілу күшін тиімді пайдалана отырып, жүріс жылдамдығын арттыра түседі.

Шаңғымен жүру және жүгіру жылдамдығы көбінесе дұрыс серпілу техникасына байланысты болады. Серпілу бәтеңкенің ұшымен орындалады.

Аяқ ұстаған екі қол алға түзу сілтенеді. Таяқ қардың үстіне жерге тірелетін аяқтың табанына қарама - қарыс тік шаншылады.

Кезектесіп келетін екі қадамды жүрісті ойдағыдай орындау үшін мына төмендегідей бірнеше дайындық жаттығулары орындалады:

1. Таяқтың көмегінсіз сырғанай аттап жүру; бұл кезде әрбір шаңғымен неғұрлым ұзақ сырғанауға дем беру үшін екі қол аяқ қозғалысына сәйкес ырғақты қимыл жасап отырады;

2. Осы жаттығуды екі қолды белде ұстап орындау.

3. Екі таяқпен кезек - кезек сиректеу итере отырып, ұзақ сырғанау қадамдарын жасау.

Биікке көтерілу кезінде қолданылатын жүріс техникалары:

Сатылап көтерілу- шаңғы бір-біріне қарама – қарсы көлденең сызық бойымен арасы иық деңгейінде қойылады. Дененің салмағын биікке көтерілу жағына шаңғы қырына қою және шаңғы таяғына тірелу қозғалу арқылы бір жанымен орындалады.

Шырша әдісімен көтерілу. Шаңғы бас жағын сыртқа қаратып ішкі қырына қою және таяқты артқа тіреп, биікке тура дененің салмағын сәл алға еңкейту арқылы орындалады.

Жартылай шырша әдісімен көтерілу. Биікке қиғаш сызық бойымен бір шаңғы тіке екінші шаңғы сыртқа ашып тіреліп итерілу арқылы орындалады.

Оқушылардың кері байланыс орнату үшін қойылатын сұрақтар.

1. Қандай шаңғы жүрістерін білесің?

2. Шаңғымен жүру кезінде аса жиі кездесетін биікке көтерілу тәсілдері қандай?

3. Шаңғы тебу кезінде биіктен түсудің қандай тәсілдері пайдаланылады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу