Тактикалық дағдыларды қолдану. Дене шынықтыру, 10 сынып, дидактикалық материал. 5-6 сабақ.


5-6 сабақтың дидактикалық материалы

Бірмезгілде адымсыз шаңғы жүрісі былай орындалады:

1. Шаңғышы қолмен екпін жасауды аяқтап болған соң, екі шаңғыда еңкейіп, басын сәл көтеріп сырғанайды.

2-3. Сырғанау жалғасады, шаңғышы баяу тіктеледі де, жеңіл маятниктәрізді қозғалыспен таяқтарды алдыға жүргізеді.

4. Шаңғышы толық тіктеледі, екпін жасауға дайындық басталады – дене массасы аяқтың ұшына салынады, аяқ сәл бүгіледі, таяқтар қарға қадаудың алдында алдыға қарай жүргізіледі.

5. Таяқтар қарға қадалады, қолмен екпін алу басталады.

6. Таяқтарға күш дененің бүгілуі есебінде түседі. Шынтақ буынында қолдың бүгілу бұрышы сәл кішірейеді.

7-8. Екпін алу қолдың толық бүгілуімен аяқталады. Қол білегі тізеден жоғары емес деңгейде орналасады, таяқтарды бүгілу бұрышы барынша үлкен.

9. Шаңғышы екпінді аяқтаған соң, инерция есебінен еңкейіп екі шаңғыда сырғанайды.

1-сурет. Бірмезгілде жасалатын адымсыз шаңғылық тәсіл.

Бірмезгілде бір адымды жүріс

 Бастапқы нұсқа – аяқпен итермелеумен бір уақытта таяқтар алға шығады, таяқшалармен тартылу бір шаңғыда біраз жылжыған соң іске асады. Негізгі нұсқа айтарлықтай үнемді (жалпы уақыты 0,4 с мөлшерде көбірек), себебі қозғалыс жиілігі төмен. Әрине, негізгі нұсқада сырғу жылдамдығы аздау. (1-2с/м).

 

Негізгі нұсқа келесі түрде орындалады:

1.Қолмен итермелеу аяқталған соң, шаңғышы шаңғымен сырғиды. 2. Ақырын түзеле отырып, таяқшаны алға жылжытады.3. Дене салмағын алдын-ала сол аяққа ауыстыру арқылы, шаңғышы таяқшаны қарға қоя отырып сол уақытта сол аяқпен итерілуді орындайды. 4. Аяқпен итермелену аяқталған соң, қолмен итерілу басталады, ол басқа да бір уақытта жасалатын тәсілдер сияқты жасалады.5-6. Шаңғышы қолмен итерілуді жалғастырып, оң жақ шаңғыда сырғанайды. Сол аяқ белсенді қозғалыспен алға шығарылады, және итерілу аяқталған кезде тіреушіге қосылады. 7. Қолмен итеру аяқталды, шаңғышы екі шаңғыда сырғанайды.

2-сурет . Бірмезгілде жасалатын адымсыз шаңғылық жүріс тәсілі.

300-700 метр қашықтықты өту (қыздар, ұлдар).

 Нұсқа 1. Сабаққа орта жылдамдықта қашықтықтан өту кіреді, 400-500 м-ден 3-4 жеделдету жасау ұсынылады (ұлдар) және 2-3 жеделдету 300-400 м(қыздар). Жеделдетуді орындау үшін , оқушыларға таныс нақты бағыттар қою қажет.

 Нұсқа 2. Сегіздікпен екі шеңбер салынады 400-500 м және 500-700 м. Оқушылар шағын шеңберді максималды жылдамдықта өтеді, ақырын орташа жылдамдыққа ауысады, арасында демалып, үлкен шеңбер бойынша жылжиды. Содан соң, кіші шеңберге ауысады және оны максималды жылдамдықта өтеді, тағы орта шеңберге ауысады және т.б. Мұндай қайталаулар шағын шеңберде 5-6 рет болуы мүмкін (ұлдар) және 3-4 рет (қыздар). Шағын шеңберде көрсеткіш айтарлықтай төмендемесе, 8-10 мин демалыстан соң серияны қайталауға болады. Бұл нұсқаның тиімділігі мұғалім барлық оқушының жұмысын көріп, оны түзетіп отыруға мүмкіндігі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу