Төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттер. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 94 сабақ.
Сабақ жоспары № 94
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8- бөлім Жеңіл атлетика дағдысы арқылы денсаулықты нығайту Мектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттер | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну | |||||
Сабақ мақсаттары | - қауіпсіздік ережесін біледі; - Төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттер кезінде өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсете алады; - орта қашықтыққа жүгіру кезінде мәселелерді шешудің балама жолдарын ұсына алады; | |||||
Бағалау критериі | - қауіпсіздік ережесін біледі; - эстафеталық жүгіру кезінде өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсете алады; - төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттерді шешудің балама жолдарын ұсына алады; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: жүгіру, секіру және лақтыруда қажетті дағдыларды сипаттай, талқылай және көрсете алады. Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар Дене қасиеттерін дамыту үшін қандай жаттығу жиынтықтарын білесіз? | |||||
Құндылықтарды дарыту | Ойын кезінде әріптесіне құрмет көрсетіп әділ жұмыс жасау. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Биология пәнімен байланыс. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Арнайы жүгіру жаттығулары сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=2tEEerMr-AU | |||||
Бастапқы білім | Жеңіл атлетика бойынша тәжірибелік білімдері мен денсаулық бойынша түсініктері бар. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 | Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Күтілетін нәтижелер: - Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шешуге, белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады. II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (Ж) « Шаттық шеңбер » әдісі. Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. ЖДЖ қозғалыста және бір орында. «Матаематикалық эстафета» Бұл ойын спорт аланында ойнатылады, ойынға екі топ қатысады, ойыншылар саны 10 нан аспауы керек, ойыншылар бір бірінің артында қатарда тұрады. Мұғалім ойыншыларға 10 нан аспайтындай математикалақ есептерді айтады сол кезде қатарда тұрған ойыншы белгіленген сызыққа шейін жүгіріп барып қайтады | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық
| ||||
Сабақтың ортасы 10-30 | (Т, Ж, Қ) "Көшбасшыдан қалма " ойыны . 5 және одан да көп адамнан тұратын топта топ басшы тағайындалады, ол мұғалімнің тапсырмасы бойынша (немесе өз бетінше) олардың қашан, қайда және қандай қашықтықтарға жылдамдауын анықтайды. Стадион жолында мәре мен мәре сызығы өтеді. Мәредегі көмекші (сабақтан босатылған бала) әр жолы соңғысын, ал жүгірушілер саны көп болғанда – соңғы екі қатысушыны алып тастайды. Олар тапсырма алады: баяу жүгіруді өз бетінше орындау (стадион алаңында). Қалған балалар жай жүріспен келесі жылдамдатылған жерге жүгіруді жалғастырады. Және екі қатысушы қалғанға дейін. Соңғылары жеке тапсырмалар алады, ал ойыннан шыққандар оны қайтадан бастайды және барлығы қайталанады. Шеңберде екі жеделдету немесе үш-төрт жылдамдық жүгірісінің ұзындығы аз болған кезде орындалады. Жеке тапсырмалар әртүрлі лақтыру, секіру жаттығулары болуы мүмкін. Дескриптор - қауіпсізідк ережесін сақтайды; – ойын барысында топбасшы қызметін атқарады; – баяу жүгіруді өз бетінше орындай алады;
Саралау жүзеге асырылады. а) физиологиялық сипаттамаларға: - ұлдар жоғары жүктеме жасайды; - қыздар аз жұмыс істейді; б) физикалық қабілеттерге: - оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады; - Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді. Бағалау: оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды, және мұғалімнің бақылауы. Мұғалім сұрақ қояды: Дене қасиеттерін дамыту үшін қандай жаттығу жиынтықтарын білесіз? Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру. | Үлкен бос кеңістік, ысқырық, конустар, фишкалар, бор. Арнайы жүгіру жаттығулары сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=2tEEerMr-AU | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Алма ағашы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді. Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар), Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру