Ойындағы шығармашылық белсенділік. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 90 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №90

Сабақ тақырыбы: Ойындағы шығармашылық белсенділік

Оқу мақсаты:

8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу;

8.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу;

8.1.6.1 қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және жауап қайтара білу дағдыларын жақсарта білу;

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер:

-оқушылар ойында проблемаларды шешу кезінде қолданылатын тактикалар туралы білімдерін жетілдіреді.

- қорғаныс үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету кезінде жеке және жұптық тапсырмаларды қолданады.

- шабуыл және қорғаныс жасау кезіндегі әдістерді бекіту үшін қолданады.

–ойын белсенділігіне және стратегиясына талдау жасап, ойындардағы шығармашылық белсенділігін дамытады.

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

« Допқа жетіп ал » ойыны . Бұл ойында оқушылар шеңбер бойына орналастырңыз. Көшбасшыны таңдап ортаға шығарыңыз.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Ойыншылар бір-біріне қолдарын созып, шеңбер жасап тұрады. Шеңбердің ортасына тұратын жүргізушіні таңдайды. Белгі бойынша ойыншылар бір-біріне допты аяқтарымен бере бастайды, ортадағы жүргізуші ол допты алуға тырысады. Егер допты ала алса, доптан айырылып қалған ойыншымен орын ауыстырады. Ойын әрі қарай жалғаса береді

Берілген сурет бойынша қимыл-қозғалыс негіздерін көрсетіңіз. Сурет дидактикалық материалдарда көрсетілеген.

  Допқа аяқпен соққы беру футбол ойынының басты техникасы болып табылады. Орындау қабілетіне қарай ол соққылар ішкі табанмен, табан сыртымен, орта, ішкі және сыртқы т.б. болып бөлінеді. Қабылдауда жаттығу күші бар аяқпен бастау алады. Одан соң барып әлсіздеу аяққа көшеді. Бұл қабылдауды жаттығуда келесі әдісте есте сақтаған жөн:қимылсыз тұрған допқа соққы беру, қадам басып, қимылды допқа соққы беру, жүгіріп келіп қимылсыз допқа, жүгіріп келіп қимылды допқа соққы беру. Бұл жағдайларда доп бағытының дұрыстығына назар аудару керек. Сонымен қатар берген соққылардың техникалық қабылдауларға сәйкес келуін қамтамасыз етуі керек. Қабылдауларды жүзеге асыруда соққының дәлдігі, сонан соң күші ескеріледі.

Сабақ соңында оқушылар рефлексиялық карточка толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығуларын орындатыңыз.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу