Ойындағы шығармашылық белсенділік. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 87 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №87

Сабақ тақырыбы: Ойындағы шығармашылық белсенділік

Оқу мақсаты :

8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу;

8.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу;

8.1.6.1 қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және жауап қайтара білу дағдыларын жақсарта білу;

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

«Бір минут» стратегиясын.

Оқушыларды топтарда жұмыс жасатып , «тең емес» құрамдағы шабуыл мен қорғаныc ойындарын үйретіңіз. Оқушылар командалық ойындарға тек қана шабуыл не қорғаныс командасында қосымша ойыншылар бар болса ғана қатысады, осылайша ойында белгілі қиыншылық туындайды. Әр команда қорғанып жатқан командаға «шабуыл жасайды». Командалар қорғаныс не шабуыл позицияларын бес әрекеттен кейін ауыстырып, ойынды қайталатыңыз. Ойын соңында тактикалық әдістерді талдаңыз.

Сұраңыз: Ойын үшін қандай стратегия мен тактиканы құрастырдыңыз? Жаңа командалық ойынның артықшылығы мен кемшілігі неде? Командалық ойынды қалайша жақсартуға болады? Сіздің рөліңіз қандай болды?

 Үздік қақпашы болу оңайға түспейді. Қақпашы ол ең соңғы ойыншы. Оның қимылынан команданың жетістігі байқалады.

 Ойынға кірген кезде қақпашы басталар кезде екі жақтан да ойыншыларын бақылауы керек, содан кейін өз орнына тұруы керек. Өйткені қақпашылардың ойыншылары бақылауға мүмкіндіктері мол.

 Үздік қақпашылар қорғаушыларға жиі ақыл-кеңес береді. Өйткені қақпашылар ойыншылардың артында және бүкіл алаңды жақсы көріп тұрғаны айдан анық.

 Футболдағы қақпашының ойнайтын да, шабуылдайтын да кездері болады. Оның допты ойыншыға дәл беруі жақсы жетістік әкелуі әбден мүмкін.

 Футболшының алаңда негізгі қаруы ол техника екені белгілі. Техникасы жақсы ойыншы өзі бірнеше қарсыластарды алдап өтеді. Соның арқасында қақпаның алдында қауіпті жағдай жасайды.

 Қазіргі футболда ойыншылардың техникасы бір-сыпыра көтерілді. Жеңіске ұшырай беретін командалар жиі кездеседі. ол техниканың және тактикалық ой сананың жетіспеуінен болады. Мысалы, егер ешкім бөгет жасамаған және асықтырылмаған ойыншы допты өз әріптестерінің басынан асырып қарсы жаққа беріп қойса, ол тактикалық ойдың кемістігі.

 Техникасы жақсы дамыған комадалардың жеңілуі де жиі кездеседі. өйткені тактикасы өте төмен.

 Егер ойыншылардың техникасы төмен болса, онда олардың ойыншы ешқашан да дәл, тез ойланбайды. Тактика болу үшін кез-келген жерде, тез арада шапшаң қозғау керек, ол үшін ойыншыдан байланысты. Егер баяу қалыпта ойнап жүрсе ол қарсыластардың пайдасымен шешілуі мүмкін.

 Тек қана шапшандық ұстап тұрған қарсыластан босата алады. Тек қана шапшандық қарсыластардың шабуылын тойтарата алады. Тек қана шапшандық қарсыластардың қорғаныс шебін бұза алады.

 Шапшандық – ол футбол ойынын шешуші факторы. Бірақ жалғыз шапшандық көздеген жағымды жаңалық әкелуі мүмкін емес. Егер пасты дәл бермесе, ол ойлап қойған комбинацияны бұзады. Қақпаға дәлдеп бағытталмаған доп жақсы шабуылды жоққа шығарады.

 Шапшаң дәлдікті сақтау – ол үлкен техникалық жетістік, ал шапшаңдық пен дәлдік кез-келген тактикалық ойында қажет. Техникасы жоғары шапшаң ойыншы – шеберлі ойыншы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу