Секіруді дамытуға арналған іс-шаралар. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 8 сабақ.


Сабақ тақырыбы: Секіруді дамытуға арналған іс-шаралар

Оқу мақсаттары 8.1.2.1 кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіру және көрсете білу

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

-секіру техникасын түсінеді.

-техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсінеді және біледі.;

Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

«Тек бір минут» стратегиясын өткізіңіз.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Оқушыларға дененің құрлысын жазуды ұсыныңыз. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Бірінші тапсырма нұсқаулығы сынып екі командаға бөліңіз. Оқушылар сөре сызығының артына бағанға тұрғызыңыз. Сөреден 8 м-ден кейін екі параллель сызықпен екі метрлі ені бар шартты өзен белгілеңіз, содан соң 8 м кейін әрбір бағанның алдына бұрылыс бағаны қойыңыз. Бағыттаушының белгісі бойынша ойыншылар бұрылыс бағанына қарай жүгіртіңіз, екпін алып өзеннен секіріп өтеді, бағанды айналып, өзеннен сол тәсілмен өтіп, кері қайтады және эстафетаны келесі ойыншыға береді.

Әрбір өзеннен өтпеу үшін командаға 2 айыппұл ұпайы есептеледі.

Ұзындыққа секіргенде серпілетін аяқ сәл бүгіліп,және соңғы жасаған адымымыз екпінмен жүгіріп келе жатырғандағы адымға қарағанда кішілеу жасалады.Серпілген аяқ жерден

көтерілгенде толық жазылуы тиіс.

Сұраңыз: Біздің ағзаға икемділік не үшін керектігін айта аласыңдар ма? Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Сабақтың соңында оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу