Ойын арқылы проблемаларды шешу дағдыларын жетілдіру. Дене шынықтыру, 7 сынып, қосымша материал.


Формативті бағалау

6-тарау: Шытырман оқиғалы ойындар және команда құрушы ойындар

Сабақ тақырыбы: Ойын арқылы проблемаларды шешу дағдыларын жетілдіру

Оқу мақсаттары : 7.1.4.4 Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын жақсарта білу

Бағалау критерийлері:

• Жаттығуларды жасауда өзінің қателіктерін атайды және

қателіктермен жұмыс жасайды

• Топта жұмыс жасау барысында өзінің біліктілік сапасын жақсартады

1 тапсырма

(С, Т) Ойыншылар екі командаға бөлінеді – «аңшылар» және «үйректер». «Аңшылар» сызықтан тыс шеңберге тұрады, ал «үйректер» шеңбердің ішіне орналасады. Белгі бойынша «аңшылар» «үйректерге» доп тигізуге тырысады. Олар шеңбердің ішінде жүгіріп және секіріп, доптан қашады. «Оқ тиген үйрек» ойыннан шығады. Ойын барлық «үйректер» өлтірілгенге дейін жалғасады. Содан кейін командалар рөлдерімен ауысады. Барлық «үйректерге» оқ тигізген «аңшылар» командасы жеңіске жетеді.

Дескриптор

Білім алушы

- шабуыл жасау түрлерін орындайды;

- қимыл-қозғалыс түрлері арқылы алдау тәсілдерін көрсетеді.

6-тарау: Шытырман оқиғалы ойындар және команда құрушы ойындар

Сабақ тақырыбы: Ойын арқылы проблемаларды шешу дағдыларын жетілдіру

Оқу мақсаттары : 7.1.4.4 Қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын жақсарта білу

Бағалау критерийлері:

• Жаттығуларды жасауда өзінің қателіктерін атайды және

қателіктермен жұмыс жасайды

• Топта жұмыс жасау барысында өзінің біліктілік сапасын жақсартады

1 тапсырма

(С, Т, Ф) Баскетбол қалқандары болмаса, ойын жеңілдетілген ережелер бойынша өткізілуі мүмкін. Алаң шартты түрде белгіленеді, қалқан мен баскетбол кәрзеңкесінің орнына биіктікте (орындықта) бір ойнышы тұрады. Оның міндеті – орнынан кетпей, лақтырылған допты қағып алу. Ойын баскетболдың жеңілдетілген ережелері бойынша жүргізіледі (ауттарсыз).

Ойынның ұзақтығы – 5 минуттан екі тайм. Дәлдікті дамыту және қозғалыс үйлесімін жақсарту. Дескриптор

Білім алушы

- шабуыл жасау түрлерін орындайды;

- қимыл-қозғалыс түрлері арқылы алдау тәсілдерін көрсетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу